Өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау

Өсімдіктерде химиялық препараттарды қолдану жолы

Өсімдік зиянкестері аса көп және алуан түрлі болғандықттан іс жүзінде бәріне әсер ететін әмбебап (универсал) препарат табу мумкін емес.

Сауда орындарында арнайы гүл, көкөніс, овощ, жеміс-жидектер мен ағаштарды қорғауға арналған улы химикаттар түседі.

Бұл препараттарды қолданған кезде олар адамға, қоршаған ортаға әсер етпеуі мүмкін емес. Сондықтан түрлі шаруашылықта, әсіресе үй шаруашылығында қолданылатын химиялық препараттарға қойылатын талап үлкен – олар адамға, малға зиянсыз болуы тиіс. Химиялық жолмен өңделген жерде сақталған ет, сүт, жұмыртқа, овощ, картоп және т.б. өнімдердің құрамында улы препараттардың зиянды қалдығы болмауы керек. Бұл мақсатта мал, өсімдік организмінде немесе қоршаған ортада тез ыдырап, гидролизденіп зиянсыз заттарға айнала алатын препараттар пайдаланған жөн. Және де ол препараттардың қажетті мөлшерін азайтып отыруға тырысу қажет.

Бау-бақша, огородта химикаттармен жұмысты арнаулы киім- халат не комбинезон, резина етік,қолғап киіп жүргізген жөн ауыз, мұрын және көзді бірнеше қабат дәкемен байлап, көзілдіріккию керек. Балалар мен үй жануарларын улы затпен өңделініп жатқан кезде әсте жіберуге болмайды. Химикат ерітіндісі әзірленген ыдысты басқа мақсатта пайдаланбау керек. Егер даярланған улы заттар артылып қосылса, оларды алыс жерге көміп тастау қажет. Улы химикаттар мен жұмыс істеген кезде темекі тартуға, тамақтануға болмайды. Жұмыс біткеннен соң душ қабылдау немесе жақсылап жуыну қажет.

Химиялық препараттарды қолданудың қарапайым, қауіпсіз әдісі – оны бау-бақшалар мен огородарға бүрку. Бүрку үшін суда жақсы еритін не суспензия түзетін препараттар ыңғайлы. өйткені оларды қажет мөлшерде әрқашан әзірлеуге болады. Бау –бақша мен огородтарды өңдеу үшін арэзоль балондарын қолдануда тиімді. Кейде түтін түзетін табақтарды пайдалануға болады. Түтін бір жағынан бау –бақшаны өңдейтін болса, екінші жағынан гүлденген жеміс ағаштарын үсіктен сақтайды. Улы химикаттарды жеміс ағаштарының басынан бастап төмен қарай біркелкі бүркеді. Препаратты жапырақтардың астыңғы жағына тигізуге тырысу қажет. Химиялық өңдеуді тек желсіз, құрғақ кезде, таңертең шық кеткен соң немесе кешқұрым жүргізеді. Ауаның температурасы 50-тан төмен болса бүркуге болмайды.

Өмдіктерді жылына үш рет артық өңдеуге болмайды. өңдеуге ыңғайлы кез –ерте көктем, бүр ашылмаған кез немесе көктемде бүр ашылғаннан кейін, бірақ гүлдемеген кез, қажет болған жағдайда жазда да өңдеуге болады. әрқашан өңдеудің алдында химикат ерітіндісін жаңадан әзірлеген жөн. өңдеу үшін қажетті препараттар ерітіндісінің мөлшері мынадай болады:

Жас ағаштар(6 жасқа дейін)-әр ағашқа 2л

Жеміс беретін ағаш-әр ағашта 10л

Қарақат-әр түбіне 1,5л

Таңқурай-10м2 түбіне 2л

Бүлдірген-10м21,5л

Жүзім ағашы-10м2

Цитрустар-әр қашанда 5л

Овощ, қант қызылшасы-10м2

Қияр-10м2

Гербицид қолдану100м2

Өсуді реттейтін

Заттарды қолдану……………………….

Гомитты өңдеу100м210л

Қиярды өңдеу100м2

Бау-бақшада кездесетін кейбір өсімдік зиянкестерімен химиялық жолмен күресу

Біз жоғарыда улы химикаттардың өсімдік пен адам үшін зиян екенін баса айтқан едік. Одан өсімдік өңдеу үшін улы химикаттарды қолдануға болмайды деген ой тумауы керек. әр препараттың қолдану ережесін, уақытын, мерзімін, дұрыс және қаттаң сақтаған жағдайда, олар шаруашылыққа өте тиімді, өсімдікті, қоршаған ортаны уламайды. Олар күн сәулесінің, судың, ауаның әсерімен зиянсыз заттқа ыдырап отырады. Пайдаланар алдында жеміс-жидекті жақсылап жуу қажет.

Енді бау-бақшада кездесетін кейбір өсімдік зиянкестері және ауруларымен күресу туралы бірер сөз. Ерте көктемде қарақат көшеттерінің жоғары жағынан ақтаңдақ байқауға болады. Ол қарақаттың ақұнтақпен ауыра бастағанын көрсетеді. Қарақатты кескенде кейбір кескінділері өзегінің желініп қара- қоңыр затпен толғанын көресіз. Басқа шыбықтарынан ақ, басы қоңыр, қарақат құртын байқайсыз. Қарақаттың кейбір бүрлері ісініп кетеді. Оның іші бүрдің кенелеріне толы. Осы сияқты зиянкестерді кесіп, бүрлерін жұлып жою мүмкін емес. Сондықтан өсімдік бүрі ашылмай тұрғанда оны “Нитрафен” препаратының 3-4 проценттік эмульсиясымен бүркіген жөн.

Таңқурай бұтақтарында қызыл-көк, алқызыл дақ пайда болуы оның қызыл дақ ауруына ұшырағанын көрсетеді. Таңқурай ағашының қабығы ақшылданып, қара нүктелер пайда болады да қабыршықтанады. Мұны 5-7 проценттік карбамид ерітіндісіиен бүркеді.

Жеміс ағаштарында жапырақ пайда болысымен ондағы түрлі құрттарды, жұлдыз құрттарын, олардың личинкаларын жою үшін “Хлорофос” немесе “Карбофос” ерітіндісін бүркеді. Кенелерге қарсы жеміс ағаштарын “Коллойд күкірт” суспензиясымен өңдейді.

Жеміс ағаштары гүл жарғаннан кейін, оларды “Бордосс қоспасының” 1проценттік ерітіндісімен немесе “Мыс хлороксидімен”, не “Коллоид күкіртімен” өңдейді. Ал жалпы күзде келер көктемге даярлық үшін ағаштардың түбін әкпен әктен тастау керек. Мұның өзі әр түрлі құрт-құмырсқаның ағаш қабығының астына жасырынуына мүмкіндік бермейді.