Микрокапсулдар-химиялық технологияның жаңа бір саласы. Микрокапсулдеу арқылы сұйық, газ және қатты заттардың азғантай мөлшерін- микроннан миллиметрге дейін алуға және қолдануға болады. Сондықтан да микрокапсулдау ғылыми-техникалық проблемелерды халық шаруашылығының көптеген салаларында жаңаша, ұтымды жолдармен шешуге әсер етіп отыр.
Теориялық анализ бен эксперименттік зерттеулер, мысалы, химиялық тазалау және жуу процестерінде микрокапсулдік препараттарды қолдану перспективасы зор екенін айқын көрсетіп отыр. Оларға микрокапсул желімі қондырылған маркаланған ленталар, дақ кетіргіш микрокапсулалар, микрокапсулалық өрт сөндіргіштер, жуу, ағартқыш микрокапсулалары, кілем, мебель тазалауға арналған микрокапсулалар жатады. Әр түрлі микрокапсулді желімдер шығарылады. Олар суық және нүктелік желімдеу әдісі үшін қолданылады. Микрокапсулдік желімдеу әдісін, әсіресе аяқ киімдерді жөндеу, ұлтан дайындау, қалыпқа салып созу, лактау кездерінде кеңінен қолдануға болады.
Тұрмыс техникасын жөндейтін мекемелерде микрокапсулдік герметиктер, коррозия ингибиторлары, майлау материалдары, дақ-тоттарды кетіргіш препараттар кеңінен қолданылады. Үйді жөндеу кезінде мысалы, микрокапсулді желімі бар түсқағаздар, линолеумдер, жапқыш материалдар қолдану еңбек өнімділігін және сапасын әлдеқайда арттырады. Микрокапсулдеу әдісін шпаклевкалау, жарықты, бітеу, еденді бояу, плиткаларды желімдеу, бояу және ақтау жұмыстарында да қолдану перспективасы үлкен екені түсінікті.
Микрокапсулдеу әдістері
Микрокапсулдеу әдістері алдыңғы қатарлы шет елдерінде кеңінен қолданылады. Бұл әдіс экономикалық, тазалық, еңбек өнімділігі көрсеткіштерін арттырады. Шет елдерде микрокапсулді химикаттарды контактілі баспа, фотосуреттерді тез дайындау, кино жұмыстарында әр түрлі косметикалық операцияларда кеңінен қолданып келеді.
Сонымен микрокапсулдік әдістерді тұрмыста, халық шаруашылығының көптеген салаларында кеңінен қолдануға болады екен. Оның экономикалық жағынан да пайдалы екені түсінікті де. Бірақ ең қиыны технологиялық жағынан микрокапсулді дайындау. Біздің елде бұл жұмыстардың өндірістік масштабта дайындалуы әлі жолға қойылған жоқ. Көбінесе микрокапсулдау жұмыстары үлкейтілген тәжірибе қондырмаларында жүргізіледі. Аяқ киімдерді жөндеу жұмыстарында қолданып жүрген желім “Ур-к”-да микрокапсулді қатайтқыш болады. Немесе алдын ала дайындалған құрғақ желімдердің құрамында микрокапсулдік еріткіш сұйықтар бар. Бұрынғы жылу арқылы желімделінетін детальдардың термоактивациялаусыз ақ заттарды микрокапсул әдісі бойынша жапсыра беруге болады. Олай болса денсаулыққа зиянды еріткіштердің жұмыс бөлмелерінде ұшуы екі-үш есе азаяды.