Экологиялық жағдай және адам денсаулығы

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Адамның денсаулыгының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының(ВОЗ)анықтамасыбойынша,денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,психологиялықжәнеәлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойыншаадамдардың денсаулық жагдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20- 25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы -қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаган ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда-бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік экономикалмқ жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда ортаболсада,қолайсызәлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жагдай нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресттік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.

Әр түрлі ауруардың әсерінен халықтың өлімінің себептері

Аурулар Оның ішінде өлімнің себебі %
Өмір сүру салты Қоршаған орта Тұқым қуалаушылық Денсаулық сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол-транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін-өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар 51 31 4 14
9 Орташа алғанда 48 16 25 11

9-кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.

Ауру мен өлімнің қоршаган орта жагдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілікденсаулықсақтауүйымының мәліметтері бойыншажыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшіншіәлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

Американғалымдардыңмәліметтерібойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаган ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңгы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аууруларда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күш-фактор көміртегі тотыгы мен шу болып табылады.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларга қолайсыз әсер ететін және ауруларга әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға боліп қарастыруға болады:

1) концерогендер қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындайзаттарбелгілі.Олардыңішіндегі күштілеріне бензо(а)апирен және басқа да полициклдіароматтықкөмірсулар,ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест т.б. жатады;

2) мутагендер— хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларга: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

3) тератогендер— жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады.Көбінесетератогендергемутагендер сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және. т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады.Эмбриогендер— эмбрионалды даму кезінде зақымдануларга әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мыс алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаган аурулар пайда болады. Мундай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен («минамата») және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.