ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚОРЫҚТАР, ЗАКАЗНИКЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУДАҒЫ РӨЛІ .
ҚОРЫҚТАР — ТАБИҒИ ЛАБОРАТОРИЯ
Биосфера — қоғам байлығы ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекет орнату онай шаруа емес екіндігін халық сезеді. Мемлекет тәуелсіздігі табиғи ресурстарға тікелей байланысты екенін қазақ елі жақсы біледі. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ісі мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Ал биосфера компоненттерін қорғау тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының екінші жағы. Осы екі міндетті комплексті түрде шешу нәтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған аддыңғы қатарлы теуелсіз мемлекетке айналдырып жібереді. Осы кезде жер қойнауынан алуан түрлі қазба байлығы, мұнай, газ өңдіріліп сан мыңдаған кәсіпорындағы қайтадан өрлеу үстінде.
Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерізім пайдалану үшін өсіп-өнуі үшін адамның қамқорлығын керек етеді. Айналаны қоршаған орта тазалығы, орман- тоғай, қазба байлықтар, су байлығы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ғалым биологтар назарында тұрған басты мақсаттың бірі. Табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, оны қорғау — өте күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара -қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға ат салысу, оның байлығын арттыра түсу ісіне қатынасу, күтіп-баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы керек етеді. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-теңдік бұзылмауға тиіс. Олардың табиғи заңдылықтарын терең білуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория-қорықтардың рөлі өте зор. Қорықтарда көп жылдар бойы биосферада өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары үрдістердің дамуына, келешегіне болжам жасалады (экологиялық мониторинг).
Онда болатын өзгерістерді зерттеу нөтижелеріне қарай аддын-ала шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады.
Қорықтар — биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман қорықтарды үйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жүмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөнінде үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар үйымдастыру бөлініп Қазақстанның шел-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы қүландар арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлтгық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары — солтүстігінен оңгүстігіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өнірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикасыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі аңның, 150 қүстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150 қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп бекерден-бекер аймаған болар. Бірақ, бүл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі — «жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айландыру керек екенін емір көрсетіп отыр.
Бүл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізіп, келдік. 1962 ҚазақССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар — қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштері сақтау ережесі (1969). Сонымен бірге 1972 жылы ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бүл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін үйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуынаа үлкен көңіл бөлінген. Оған бүрыңғы ҚазақССР Министрлер Советінің соңгы жылдары қабылдаған бірнеше арнаулы қаулы-қарарлары дәлел бола алады. 1969 жылғы 9 шілде де «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 жылғы 2 тамызда «ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 жылғы 12 шілдеде «Қазақ ССР-іңде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарыда айқын көрсетілген.
Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабағыны, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет», шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығы және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мүғаджар далалы ауданында 15-ке жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай-ақ, Оңгүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктері мен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу — жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған танғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зертгеу жүмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарыңда алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану жөне олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компонеттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян.