АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІТЕРІ
Адамдардың жалпы тірі организмдердің жасы дегеніміз — Тірі жан иелерінің (особьтардын) жарық дүниеге келгеннен бастап, тіршілік мезгілін аяктауға дейінгі уақыты.
Адам жасы қалай есептелінеді?
I) Организмнің көптеген параметрін аныктау өте манызды проблемалардын, бірі;
2) Организмнін жасын анықтау ауыл шаруашылығында өте маңызды проблемалардың бірі;
3) Адамзат баласының жасын анықтау халық шаруашылығында маңызды рол аткарады. Жұмысшылардың санын білу үшін өте кажет. Денсаулык сақтау органдары ішінде, демография үшін де маңызы өте зор.
Жас туралы биология ғылымдарында екі түрлі көзкарас бар.
1-биологиялық жас-организмнің зат алмасуы мен органдар және организмнің жағдайына карап анықтайды;
2- календарлык жас-уақыт бойынша анықталады. Туған кезден бастап есептелінеді.
Адам жасының классификациясы жас тобын анықтап (жастың периодтылығы). Өмірдің ұзақтығы мен белгіленеді.
Адамзат баласының тіршілік өмірін ұлы математик Пифагор (біздің жыл санау мезгілімізден IV ғасырда өмір сүрген) 4 периодқа (кезеңге) бөлген. Ол үшін жыл маусымын (көктем, жаз, күз және кыс) басшылыкка алған көктем 20 жасқа дейін;
Жаз — 20-40 жас; күз — 40-60 жас; кыс 60-80. Осыған қарағанда Розаның көктемі өтіп, жазы калғаны байқалады. Өмірінің көктемі кетіп қысы қалғанда дейді казак. — Қазіргі кезде түрлердің градациясы:
1 — күннен 10 күнге дейін…….жаңа туған сәби
10 күннен 1 жылға дейін…….емшектегі нәресте
1-3 жылға дейін…..балалық шақ
8-12 жастағы (ер балалар)………Бірінші балалық шақ
8-11 жасты (қыз балалар)……Екінші жастық шақ
13-16жастағы (ер балалар)
12-15 жастағы (қыз балалар)…….жас өспірім
17-21 жастағылар…. Жасөспірім ербалалар
16-20 жастағылар…..Жас еспірім қыздар
22-35 жастағы (ер адамдар)……..қыздар жетілген қыз
21-35 жастағы (әйелдер)……(І-жетілу кезеңі)
36-60 жастағы (ер адамдар)…..
35-55 жастағы(әйелдер)……….(ІІ-жетілу кезеңі)
61-72 жастағы (адамдар)…..
56-74 жастағы (әйелдер)……қарт адамдар
75-90 жастағылар…..қарт адамдар
90 жастан жоғары (ұзақ өмір сүргендер жас адамдар)
Адам қоғамының жас қүрылымы
Жас ерекшілігіне қарай адам коғамының жасы үш типке бөледі
1) Прогресивті тип (балалар, жасөспірімдер)
2) Станционарлы тип (өсу мөлшері шектелген; өсу мерзімі тұрақты)
3) регресивті тип (карт адамдар көп мөлшерде, өсуі шектелген). Қазіргі кезде халықтың өсуін диаграмма арқылы көрсетеді (прогресивті өсу пирамида түрінде көрсетіледі стационарлы қоңырау сиякты белгімен көрсетіледі, регресивті типті өсуі доғал белгілейді.
Қазақ елі жас ажыратуға келгенде алдарына жан салмайды.
5-жастағы баласын аткосшым деп еркелеткен;
10-жастағы баласын ақылшым деп мақтаған;
15-жастағы баласын отау иесі деп бағалайды;
30 деген жасыңыз, жарға ойнаған лақтай;
40 деген жасыңыз, таудан ақкан бұлақтай;
50 деген жасыңыз байлап қойған құр аттай;
60 деген жасыңыз көп ойлайтын дүние екен;
70 деген жасыңыз бұлда бір аскар тау екен;
80 де шал боларсың селкілдеген жел соқса, жел мен бірге елпілдеген
90 да шал боларсын томыртқадай;
Тастаған шала мұжып омыртқадай
Келгенде жасың жүзге жаның тәтті
Қойына қара жердің кергің кемей…
Қазактар онды козы жасы дейді, 15-ті тай жасы, 25-ті жылқы жасы, 40-ты патша жасы. Әрине, бұлардың осылай аталу себептері де айтылған. ¥лы бабаларымыз, карияларымыз адамзат баласының туғаннан бастап жүзден асқанға дейінгі биологиялык-психологиялык жағдайын бір-екі шумақ елеңмен дәл сипаттаған.
«Алпыс жас мерт екен ғой, Тіссіз тамақ ішуің куш екен ғой, Алпыс екі тамырдан куат кетіп, Бұл кәрілік даусыз дерт екен гой. Көз қайда, айнадай боп жайнайтұғын. Сөз қайда, бұлбұлдай боп сайрайтұғын. Тіс қайда қашырлатып шайнайтұғын. Тәбет қайда, ішкенде тоймайтұғын, Ақыл қайда, жер тубін ойлайтұғын, Қайрат-жігер бәрі де жастықта екен, Кәрілік бәрінен де жаман екен. Адамды урмай-соқпай кісендейді».
Немесе «Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң»,
Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым, Жетпіс асып, сексенге келгеннен соң, Жігіттік, көрген түспен теңдей болдым, Сексен асып, тоқсанға келгеннен соң, Күнде қалып қураган көңдей болдым»,
(Бұқар жырау Қалмақанұлы. Шығармалары. Алматы, 1992. 94-6., және Ер Тарғын. Батырлар жыры. Алматы, 1987. 3 б.).
¥лы Сүйінбай ақынның «Акын боп жиырмада» деген әлемге әйгілі өлең жолдары бастан аяқ кәрілікке арналып кұрылған. Онда ұлы ақын адамзат баласының табиғатындағы жас болу, қартаю тәрізді биологиялык үғымдарды бұқара халыққа бұрын мәлімсіз формада қарастырылып, тым, жаңа өлең шумақтарымен биологиялық тұрғыдан кәрілік урдісін анық жеткізеді. Өлең жолдарының шебер шыққаны соншалык кәрілікті адамзат баласы кейінінде айқындауы тосып естіліп, сенімсіздік тудырмайды, қайта ежелден бар қазақтың аталы сөздерін төгілте жөнелтіп, қарапайым жатық, табиғи биологиялық зандылықтармен дәлелдейді.
«Әуелі кәрілік келіп түсімді алды, Онан соң аузымдагы тісімді алды. Өрге шықсамбеліме өрбіп шыгып, Төмен журсем, тіземнен кушімді алды. Таң атқанша тысқа айдап туні бойы, Куалап қайта-қайта қысымға алды… Ойга, қырга қашсамда бой бермейді. Қасыма жолдас болып журіп алды. «Суйінбай сенің жолың бул емес», — деп, Жолына кәріліктің бұрып алды. «Құдай қосқан жарыңнан бөлек жат», — деп, Қойыныма көрпемді ашып кіріп алды».
Адамзат баласының жасы ұлғайып, қартайған шағын зерделеп сыншы акын нақты фактілеріне сүйене отырып, өте қызық суреттейді.
Ұлы ақын қарттықты екі түрде түсінеді: біреуінде — ерте қар бейім, өмірдегі әлеуметтік тартыстан, коғамдық істен шеттеп, шығып, әлсіздік танытқан жатқаншақтықты көрсетсе, екіншісінде -тұжырымдап, кемеңгерлік пен данышпандықка беттеп, елдің халықтың тағдырына жанашырлықпен караған сол жолда күреске белсене араласкан қарт адамзат баласының суреттерін толык берген.