Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы

Экожүйелер өздерінің даму кезеңіңде әр түрлі өзгерістерге шалдығады, соның нөтижесінде салыстырмалы (динамикалық) тепе-тендіктік жағдайға келеді. Табиғи экожүйелер түрақты жағдайларын көптеген ішкі өзін-өзі реттейтін механизмдер арқылы сақтауға тырысады. Өзін-өзі реттеу, немесе гомеостаз, экожүйелердің абиотикалық және биотикалы компоненттерінің өзгерістеріне қарсы түрып көптеген уақытқа дейін өзіне тән органикалық заттарды өндіргіш жөне ыдырау, қасиеттерін сақтау қабілетін сипаттайды. Популяцияға зиян тигізетін қандай да болсын антропогендік әсер, сол популяцияның жойылуына әкеледі. Мысалы, топырақтарда көп мөлшерде минералды тыңайтқыштар қолдану жауын қүрттарын өлтіреді, немесе оларды егістіктен кетуіне мәжбүр етеді.

Әрбір экожүйені стресс жағдайына әкелетін қысым өзі қарсы орнын толтыратын процесс тудырады. Табиғи экожүйе техногенез факторларына белсенді қарсы түрады. Мысалы, Қазақстанда шөлді өзен алаптарының ирригациялық қүры- лымдарды салу, каналдардың лайлануына әкеледі, ал оның нөтижесінде мелиоративтік жүйенің қызметі тоқталады. Бірақ мүндай қарым-қатынас әрекетінің шегі болады.

Экожүйенің түрақтылығы сыртқы антропогендік факторлар салдарынан болған дағдарыс жағдайда күрт өзгереді. Мысалы, су ағынының азаюынан Арал теңізінің экожүйесінің түрақтылығы бүлініп, су деңгейі төмендеп, қүрғаған теңіз түбінде сапа жағынан басқа геожүйе — сорланған жаңа шөл қалыптасуына әкеледі. Арал теңізінің қауіпті жағдайы 1961 жылы осы су қоймасының табиғи жүйесінің қүрылымы қайырылмастай өзгере бастаған кезде көрсетілген.

Экологиялық тепе-тендіктің бүзылуы жоғарыда айтылғандай негізінен антропогендік факторлармен байланысты. Оның әсері тікелей қысқа уақытта болатын түрде (мысалы, су жүйесінің өндіріс шығымдары бірден жіберілуі) немесе тұрақты әсер түрінде (су артериясына химиялық тыңайтқыштардың үрдіс шайылуы).

Биосфера өзін-өзі тазалай алатын жөне өзі қалпына келетін табиғи ортаның идеалды жүйесі. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануды төмендету үшін табиғаттың осы механизмін модельдеп пайдалану керек. Биосфераның функционалдық қызметі мен ортаның өзін-өзі тазалау қабілеті жабық өндіріс циклі — өндірістік материалдық ресурсты қайтадан қолдану (айналымды сумен қамтамасыз ету) маңызына үқсас.

Экологиялық мөселелер адамзат қоғамының пайда болған күндерінен-ақ басталды. Бірақ тек соңғы екі жүзжылдықта, әсіресе 20 ғасырдың 50-ші жылдары, экологиялық мәселелер биосфераның түрақтылығына қауіп төндірді. Экологиялық проблемалар қоршаған ортаның, ауа бассейнінің, Әлем Мүхитының ластануымен, табиғи қорлардың азаюымен байланысты. Ол табиғатты қорғау жөне табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін қамтитын ғаламдық проблема. Бүл жср планетасының алты миллиардтан астам халықтың, барлық мемлекеттердің, әр адамның көкейтесті мөселесі. Сондықтанда ғылыми негізделген медициналық, экологиялық және басқа қоршаған ортаның талаптарын бүзатын әрбір экономикалық және саясаттық шешімдер қолайсыз болады.

Экологиялық проблемалардың үш негізгі қүрамдас бөліктерін анықтайды: биологиялық, техникалық, әлеуметтік — экономикалық. Биологиялық қүрамдас бөліктерінің негізінде экожүйелердің бүзылуы, тірі организмдердің өлуі, табиғаттың өнімділігінің төмендеуі, адамның тіршілік жағдайының нашарлауы; техникалық қүрамдас бөліктерінің — қазіргі өндірістің жетілмеген технологиясы, шаруашылық кешендерінің интенсификациялауының жоғары деңгейі; әлеуметтік-экономикалық шаруашылықты бақылаусыз жүргізу, артық пайда қуу; табиғатқа түтынушылық көзқарас, әкімшілікті -шаруашылықты басқару түрі, табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми принциптерін бүзу.

Әлемдік экологиялық дағдарыс бар деп айтуға болады. Оған тек аймақтық емес, бүкіл планетарлық көлемінде болып жатқан қолайсыз экологиялық жағдайлар дөлел. Бүл мөселелерді тек әлемдік қауымдастықтарының барлық мемлекегтер бірігіп қатысуымен шешуге болады.

Табиғи ортаның ластануы — барлық организмдер қоршаған ортаға өздерінің тіршілік ету кезінде пайда болган ыдыраушы заттарды шығарады. Олар көмірқышқыл газы, экскременттер, қорытылмаған тамақ қалдықтары және т.б. Шыққан қалдықтар қоршаған ортада мекендейтін организмдердің жағдайын нашарлатады. Бірақта тепе-теңдік сақталған экожүйелерде бір организімдердің шығарған заттары, екіншіге қорек болып табылады сондықтанда табиғи ортада ондай пайда болған заттардың өнімі жиналмайды. Ал, егерде ыдырап шығарылған заттар пайда болу қарқындарымен жойылмаса, онда олар ортаны ластайды. Ластану ортадағы әр турлі заттардың мөлшерін табғги деңгейден асып кетуі және ортага тән емес жаңа заттектердің келіп тусуі.

Тірі организмдерге тигізетін әсерлері бойынша ластаушіы заттар физикалық жене химиялық болып бөлінеді. Физикалық ластаушы заттарға жататын:радиоактивтікэлементтер жылылық ластану (температураның үлғаюы), шулар жөн төменгі жиілік дірілдеу (инфрадыбыс); химиялық- көмір күкірт, азот, фтор туындылары, қатты қоспалар, кір жуғыш заттар, пластмассалар, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, органикалық заттар, ауыр металлдар. Пайда болған жағдайлары бойынша барлық ластаушы заттар тегі табиғи және антропогендік болады.

Жер беті суларын көп ластайтын металлургиялық, химиялық, целлюлоза — қағаз, мүңай өңдеу өндірістері жатады. Осы өндірістердің шығаратын ағынды суларындағы ластаушы заттар мүнай, түсті металлдар, күрделі химиялық қосылыстар. Мұнай жөне мұнай өнімдері биологиялық ыдырауға тез берілмейді, уылдырық шашуға, майда шабақтардың дамуына су экожүйелерінің бірлестіктер санына және сапасына кері әсерін тигізеді. Су ортасын ластаушы заттардың ішінде ерекше орын алатын әр түрлі кіржуғыш заттар (микроорга низмдер ыдырата алмайтын синтетикалық заттар) — детергенттер, олардың өндірісі барлық елдерде қарқынды дамып жатыр. Детергенттерді қолдану кезінде су қоймаларында өзендерде фосфаттардың мөлшері үлғаяды, соның салдарынан, су экожүйелерінде балдырлар көбейіп, суқойманың оттектік режимінің нашарлауына әкеледі. Бүл судың «гулденуіне» жөне эвтрофтануына өкеледі.

Су бассейндерін ластайтын тағы бір көз ол түрмыстық ағынды сулар. Егерде өндірістік ағынды сулардың мөлшерін өндірістің технологиясын өзгертіп азайтуға болса, коммуналды ағынды сулардың көлемі ұлғаюда, себебі халықтың саны өсуде.

Жердің эволюциялық процесінде, оның әр түрлі газдардан тұратын газ төрізді қабықшасы қалыптасқан (атмосфера). Оның қүрамында азот — 78 пайыз, оттегі 21 пайыз, көмірқышқыл газы, инертті газдар кіреді. Бүл компоненттер шашылған инфрақызыл (жылылық) сәулелерді ұстамайды, сондықтан Жербетіндегі тіршіліккеқолайлы жағдай туғызады. Бірақта қазір табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен атмосфера ластануда. Әсіресе көмірқышқыл газының мөлшері артып отыр.

Оның мөлшері 0,028 пайыз (1950), 0,034 пайыз (1985) құрайды. Мүндай жағдай атмосфераның газдық қүрамының балансын өзгертеді.

Коптеген ластаушы заттар өте улы келеді, олардың салдарынан тірі организмдерде, соның ішінде адамның да организмі бұзылып, әр түрлі ауруға үшырайды. Ал, ауыр металдар, пестицидтер, детергенттер жөне т.б. мутагенді жөне канцерогенді белсенді, олар түқым қуалаушылық патологияға және ісік ауруларына өкеледі.