Біздің планетамызды миллиондаған тірі организмдер түрлері мекендейді. Түрлердің биогеографиялық облыстарының сандық және сапалық құрамы бірдей емес. Ол аумақтың геологиялық тарихы мен климаттық жағдайларына байланысты. Палеозой эрасында біртұтас суперматерик Пангея болған, кейін жер қыртысының бөлінуімен және құрылықтық плиталардың жылжуымен байланысты бірнеше бөліктерге бөлініп, қазіргі құрлықтар пайда болған. Кайнозой эрасының төрттік кезеңінде қазіргі құрлықтар белгілене бастаған. Оған дейін, олардың арасында жануарлардың түрлері ауысып тұрған, сондықтан кейбір бір-бірінен үлкен қашықта және сумен бөлініп жатқан құрлықтарда жануарлардың бір түрлері кездеседі. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы айырмашылықты түсіндіретін екінші фактор – климаттық жағдайлар. Климат – физика-химиялық факторлардың кешені, соның ішінде күн, жел, су, ылғал, топырақ бір-бірімен күрделі қарым-қатынаста.
Жер бетіндегі организмдер алуан түрлілігіне ең бай биом – ол тропикалық орман. Бұл биом биік емес экватор ауданында орналасқан, жылына түсетін ылғал мөлшері 400 см. Ылғалды тропиктік ормандардың негізгі таралу аймақтары:
- Оңтүстік Америкада Амазонка және Ориноко зендерінің бассейіндерінде және орталық-америкалық аралдарда;
- Орталық және Батыс Африкада Конго, Нигера, Замбези өзендерінің бассейіндерінде және Мадагаскарда;
- Үндістан облыстарында – Малайи, Борнео, Жаңа Гвинея.
Бұл облыстардың бір-бірінен түр құрамымен айырмашылықтары болғанымен, құрылымымен экологиясы ұқсас. Ылғалды ормандардың флорасы мен фаунасы түрлерге өте бай. Мысалы, 15 шаршы км Барро-Колорадо ауданының Панам каналы зонасында жақсы зерттелген ылғалды орман учаскесінде 20 мың түрлі насекомдар бар. Ал олардың саны бүкіл Францияның территориясында небары бірнеше жүз ғана. Орталық және Оңтүстік Америка, Африка және Азияның ылғалды ормандары соңғы 20 жылда адамның іс-әрекетінің нәтижесінде бұзылуда.
Тропикалық далалар мен саванналар. Бұл құрғақ және ылғалды кезендермен сипатталатын аймақтар. Өсімдіктері сирек ағаштар мен шөптер. Бүл биомдар ылғал мөлшері көп түсетін 100-150 см жылы аймақтарда орналасқан, бірақ өте ұзақ құрғақ мерзім болады, сол кездерде жиі өрт болып түрады. Осы типті биомдардың ең үлкен көлемі Африкада, сонымен қатар Оңтүстік Америка және Австралияда кездеседі. Өсімдіктер түрлері аз, бірақта оларға жалғасып тұрған экваторлық ормандардан өте қатты ажыратылады. Африка саваннасының тұяқтылар популяцияларына еш жерде тендесі жоқ. Олар әр түрлі киіктер, зебралар, керіктер, буйволдар т.б.
Шөлдер. Бұл биом жауын-шашын мөлшері 10 см аз түсетін облыстарда кездеседі. Көпшілік шөлдерде жыл бойы әйтеуір бір жауын-шашын түседі және сирек те болса өсімдік болады, егерде эдафикалық (топырақ) жағдайы қолайлы болса. Жаңбыр түспейтін абсолютті шөлдерге Орталық Сахара және Чилидің солтүстігіндегі Атакома шөлі жатады.
Шөлдерді суару жағдайда, су шектеуші фактор болмайды, сондықтан топырақтың типінің маңызы бірінші орынға шығады. Биогенді заттардың және құрылымының қолайлы жағдайында шөлдің өнімі жоғары болуы мүмкін. Бірақта ирригациялық жүйелерді құру және пайдалану бағасы жоғары болғандықтан, алынған өнімнің құны қымбат болады. Суарылған шөлдер мәңгі жасыл болмайды. Шөлдің шөпті өсімдіктері және жануарлары аридті (құрғақ) жағдайға бейімделген. Мысалы, шөлдің жануарлары ылғалдың аз жағдайында метаболдық суды құру қабілеті жоғары. Жаңа Свет шөлдерінің кенгуралық тышқан, қалталы тышқан деген жануарлары және Ескі Светтің қос аяғы құрғақ дәндермен қоректене алады және суды қажет етпейді.
Чапарраль. Бұл биомдар жұмсақ қоңыржай, бірақ жазда құрғақ, қыста жаңбырлы климаттық облыстарда тараған.
Өсімдіктері мәңгі жасыл ағаштар мен қатты жапырақты бұталар. Чапарраль биомдары Калифорния және Мексикада Жерорта теңізі және оңтүстік Австралия жағалауларында кездеседі. Ағаштарға қарағанда бұталардың басым болу себептерінің экологиялық факторы — өрт. Жауын-шашын қарашада басталып майға дейін созылады. Жаздың аяғында, құрғақшылық басталғанда жиі болады. Өрттен кейін алғашқы жаңбырдан соң бұталар қайта өсе бастайды. Өрт шөпті өсімдіктердің тұқымдарының өсуіне мүмкіншілік береді, со себептен флора құрамында кейбір есімдіктердің түрлері сақталып қалған.
Дала. Бұл биомдар өте үлкен кеңістікті қамтиды және адам тіршілігінде өте маңызды рол атқарады. Бұл шөпқоректі жануарлар үшін табиғи жайылымдар. Көптеген ауылшаруашылық дақылдары даланың дәнді өсімдіктерінен жасанды түрде алынған. Ылғалды далаларды ауылшаруашылықты нанды дақылдар егістігінде пайдалану, бұл экожүйелердің құрылымын және функциясын аз өзгертті. Бірақта жайылым ретінде пайдалану бұл биомдардың бұзылуына әкелді. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ең бір зиян шеккен осы биомдар. Соның салдарынан мыңдаған гектар дала алқаптары құнарсыз шөлге айналуда.
Жапырақтары тусуші ормандар. Жапырақтары түсуші биомдар көп және біркелкі тараған жауын-шашын (75-150см/ж) мөлшері және қоңыржай маусымдық ырғалатын температура жағдайындағы аумақтарда тараған. Бұлар солтүстік жартышарда кездеседі, ал оңтүстік жартышарда мүлдем жоқ. Жапырақтың түсуі қыс кезінде судың қатуынан өсімдіктер пайдалана алмайтынына байланысты. Бұл ормандар мәңгі жасыл ормандардан жыл сайынғы өсу циклімен ажыратылады. Топырақтар биогенді элементтерге кедей, сондықтан бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін құнарсыз болады. Бұл жердегі топырақтарға қарағанда дала топырақтары қүнарлы және тұрақты егіншілікке қолайлы.
Аралас ормандар. Бұл ормандарда жапырақтүсуші ағаштармен қатар қылқан жапырақты ағаштар оседі. Бұл биомдар суық қысты аймақтарда таралган. Оны оңтүстіктегі жапырақ-түсуші ормандар мен солтүстіктегі тайга арасындағы ауыспалы зона ретінде қарауга болады. Бұл ормандар АҚІІІ-тың оңтүстік-шығысында, Батыс Европа, солтүстік жәпе шығыс Маньчжурияның шекаралық аудандарында және Сібірге қосылып жатқан шектес аймақтарда, шығыс Корея және солтүстік Жапония бөліктерінде орналасқан.
Солтустік қылқан жапырақты ормандар — таига. Бұл биомдар қыста тұрақты қар жамылғысымен және салқын қыс климатымен сипатталады, әсіресе полюсқа жылжыған сайын. Мәңгі жасыл ормандар Евразия (Ресей, Скандинав елдері мен Солтүстік Американың (Канада) үлкен кеңістігін алып жатыр. Тайга ормандары моно немесе олиго-доминантты. Әдетте қарапайым және анық бөлінген зоналық қүрылым тән. Сібір шыршасы, кәдімгі қарағай, сібір қарағайы, еуропалык балқарағай өседі. Өсетін ағаш түрлеріне қарай тайганы мынадай типтерге бөледі: күңгірт-қылқанды шыршалы, ақшылқылқанды шыршалы және ақшылқылқанды балқарағайлы. Жауын-шашын мөлшері 30 см-ден аз, көбінесе жазда болады; қыста ауада ылғал аз, құрғақ болады. Булану деңгейі төмен, сол себептен бұл зонада көлдер мен батпақтар көп. Солтүстік тайганың белігі мәңгі тоң астында. Солтүстігінде тайга тундра зонасына ауысады.
Тундра. Бүл тайганың солтүстігінде солтүстік жартышарды белдеу болып қамтыған ормансыз биом. Топырақтары қоректік элементтерге кедей, егіншілікке жарамсыз. Жылына 25 см жауын-шашын мөлшері түседі, оның көп бөлігі топырақ бетінде қалады, сондықтан жер ылғи ылғалды. Бірақ кейбір тундра аудандары құрғақ болып, полярлы шөлдерді құрайды. Бұл биомның шектеуші факторы болып төмен тсмпература мен қысқа жаз мезгілі есептеледі. Өсімдіктері қыналар, қияқтар және кішкене ағашты есімдіктер. Жануарлары бұғылар, кеміргіштер, полярлы жапалақтар, сарышұнақ т.б. Қысқа жаз кезінде көптеген маусымдық құстар мен насекомдар кездеседі.
Су экожүйелері
Жер бетіндегі қауымдастықтармен қатар көптеген әр түрлі теңізде немесе тұщы суларда болсын су қауымдастықтары бар. Оларда жер бетіндегі қауымдастықтар сияқты орналасқан жеріне тәуелсіз. Су организмдердің де таралуы физикалык және химиялық факторларға тәуелді. Су ортасында ең маңызды ролді температура және сәуле атқарады. Тірі организмдердің кобеюі суда ерігіш минералды элементтердің мөлшерімен шектелуі мүмкін.
Су қоймаларында, теңіздер мен мұхиттарда тіршіліктің екі зонасы бөлінеді. Судың беткі қабаттарында тіршілік ететін планктон — майда су ағымының көмегімен қозғалатын организмдер жиынтығы. Өсімдіктер планктоны (балдырлар) майда планктонды жануарларға қорек болады, ал олармен ірі балық, кит сияқты жануарлар қоректенді. Судың беткі қабатын құрайтын организмдер өлген кезде, олардың денелері судың түбіне түсіп басқа организмдерге қорек болады. Судың түбінде мекендейтін организмдер жиынтығын бентос деп атайды. Ол фитобентос, зообентос, бактерио-бентосқа бөлінеді.
Теңіздегі және мұхиттағы тіршілік басымырақ олардың балық аулайтын — апвеллинг аумағында таралған. Судың жоғары беткі және терең ағымдары жоқ, су көтерілмейтін жағдайда өлі жануарлардың денесі, өсімдіктердің қалдықтары судың түбіне түсіп жатады, сондықтан заттар айналымына біраз уақытқа шейін шығып қалады.
Суы терең емес және теңізге сумен әкелінетін қоректік элементтерге бай континенталды шелфте де (қүрлықтардың шеттері) көптеген әр түрлі организмдер мекендейді. Әсіресе тропикалық теңіздердің терең емес коралл рифтері өте бай келеді. Бірақ, қазіргі кезде теңізге туристік орталықтардан немесе мұнай қондырғыларынан әр түрлі ластаушы заттардың келуінен көптеген коралл рифтеріне қауіп төнуде.
Тұщы су және теңіз экожүйелерінің бірнеше типтері бар тұщы су экожүйелеріне жататын: 1) ленталық (ағынсыз сулар) – көлдер, тоғандар; 2) лоталық (ағынды сулар) — өзендер мен бұлақтар; 3) батпақтар. Теңіз экожүйелеріне жататын 1) ашық мұхит немесе пелагиялық зона; 2) континенталды шелф сулары немесе жағалау зоналары; 3) апвеллинг ауданы
4) лимандар мен эстуарийлар немесе жағалау бухталары мен өзен қүйылатын жерлер.