Қоршаған орта дегендетірі организмдерге әсер ететін және олар мен бірге болатын сыртқы орта жағдайының комплексі түсініледі. Тірі организмдермен оларды қоршап тұрған ортасындағы өзара әсер заттар және энергия алмасуы және организмдердің әр дайым өзгеріп тұратын тіршілік жағдайына бейімделуі түсініледі. Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайы мен өзара байланысы экологияның негізгі мазмұның иелейді. Соған байланысты экологияның негізгі міндеті организмдермен оны қоршап алған сыртқы орта факторларының өзара байланысын үйрену, анықтау, көрсету.
Өсімдіктерді қоршаған орта көп санды элементтерден құралған болып олардың барлығы өсімдіктерге бір түрде әсер етпейді. Өсімдіктерге әсер көрсететін сыртқы орта факторлары үш топқа бөлінеді:
- Өсімдіктер үшін өте керекті болған экологиялық факторлар оларсыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, өспейді, дамымайды. Бұл факторларға жарықтық, ыстықтық, су, минерал тұздар, көмір қышқыл газы және оттегі.
- Өсімдіктер үшін өте керекті болмаған факторлар: түтін формадағы газар, самал, радиактивтілік факторлар.
- Өсімдіктер әрдайым немесе уақыт – уақытымен өзгеріссіз қатынаста болатын факторлар: мыс, атмосферадағы инерт газдар, азоттың болуы т.б. Бұл факторлар өсімдіктердің түрлеріне түрлеше әсер етеді.
Сондай етіп өсімдіктерге орта факторларының бір уақытта әсер көрсететін күрделі комплекстері арқылы өседі, дамиды. Әдетте абиотик және биотикалық экологиялық факторлар ажыралып тұрады. Абиотикалық факторлар климаттық, жарықтық, температура, ылғалдық, ауа, топырақ, топырақтың механикалық, физикалық ерекшеліктері топырақ химизмі және микробиологиясы, орографикалық жердің теңіз деңгейінен биіктігі, қиялығы экспозициясы факторларға бөлінеді.
Биотикалық фитоген өсімдіктердің өзара бір-біріне әсері трансбиотикалық бір өсімдік түрінің түрлі организмдер арқылы басқа түр өсімдікке әсері және жанама трансбиотикалық өмір сүретін ортаның химиялық және физикалық ерекшеліктерінің өзгеруі нәтижесінде әсер ететін факторларға бөлінеді. Сондай-ақ биотикалық факторларға зооген факторлар да енеді. Олар өсімдіктерге таралған ортада түрлеше әсер етеді.
Антропоген факторларға адамзаттың өсімдіктер түрлеріне және олардың жабындыларына, олар тіршілік ететін ортаға әсерлері түсініледі. Өсімдіктер қоршап тұрған ортадан здерінің тіршілігі үшін өсіп, дамуы үшін керекті болған барлық нәрсені алады. Өсімдіктер ортадан әр түрлі керекті заттарды алады, оларды ассимиляция жолымен денелеріне сіңіреді. Өсімдіктермен оларды қоршаған орта аралығында заттар және энергия алмасуы өтеді. Өсімдіктер жасушалары және ұлпалары, органдары ортасында организмде тіршілік тоқтайды.
Өсімдіктердің өсуі және дамуы оларды қоршап алған орта жағдайының ерекшелігіне байланысты болады. Бірақ өсімдіктердің өздері де фотосинтез процесінде суды буландыру, тіршілік процесінде эфир майларын шығару. Өсімдік тамырлары бактериялар арқылы шіруі нәтижесінде топыраққа әсер етуі арқылы сыртқы ортаға әсер етеді.
Жер жүзіндегі өсімдіктер жабындыларының бір бүтіндігі іздеп шыққан жағдайларда ортада пайда болған өзара байланыстар бұзылады. Жасыл өсімдіктер дүниесі өскен жерінің су режиміне әсер етеді, себебі трансипрация процесі және жапырақтар деңгейінің булануын, кеткен су көлемін реттеп тұрады. Ормандарда ағаштардың жалпы кесілуі климаттың және эдафикалық жағдайдың кесікн згеруіне алып келеді, бұлақ, сулар жоғала бастайды, ауаның ылғалылығы төмендеп кетеді. Шөлдерде шаң-тозаң көтеріледі және топырақ эрозиясы болады. көтеріледі және топырақ эрозиясы болады. Нәтижеде өсімдіктер мен жануарлардың өмірінде өзгерістер болады. Осыларға байланысты ортаның ыстықтық режимі ауа топырақтық ылғалдылығы, күн сәулесі, топыраққа баратын процесстер барлық уақытта өзгеріп тұрады. Бұлардың барлығы өсімдіктерді сыртқы ортаға бейімделуін мәжбүр етеді.
Өсімдіктер сыртқы ортаға әр түрлі бейімделеді. Мұндай бейімдеулер түрдің сақталып қалуына ыңғайлық тудырады. Мысалы шөлдердегі эфемерлер топырақтың жоғарғы қабатында тарқалған болып, көктем мерзімінде жауын шашынды мезгілде өседі. Ұзақ уақыт жазғы ыстық мезгілде, құры кезең басталысы мен өсімдіктердің жер үсті транспирация етуші органдары құрып қалады.