Химиялық реакция ұғымының мазмұны
Зат және химиялық реакция-химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екуінен туындайды. Заттар химиялық элементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. Орта мектептің химия курсының алғашқы сабақтарында заттар және олардың қасиеттері жөнінде түсінік берілісімен химиялық реакция туралы ұғым қалыптасады.
Химиялық реакциялар туралы күрделі ұғым жүйесіне кіретіндер: заттардың реакцияға түсу бейімділігі, реакцияның басталу және жүру жағдайлары, реакцияның сыртқы белгілері, реакцияның жылдамдығы, реакцияның мәні және жүру механизмі, реакцияның жүру заңдылықтары, химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері, химиялық реакциялардың зертханада және өндірісте пайдаланылуы, реакцияның энергетикалық эффектісі.
Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың құрылысына байланысты. Заттың құрылысы арқылы реакцияның мәні мен жүру механизмі түсіндіріледі.
Химиялық реакциялардың жүру жылдамдығы заттардың табиғатына, әрекеттесуші заттардың қанықпасына, температураға тәуелділігін көрсететін заңдылықтар тұрғысынан оқылады.
Химиялық реакциялардың сандық көрсеткіштері құрам тұрақтылық заңы, масса сақталу заңы, көлем қатынас заңы, Авогадро заңы және реакциялардың жылу эффектісімен сипатталады. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы жеке ұғымдарға жіктеледі.
Химиялық реакция ұғымының жіктелуі
Химиялық реакциялардың жіктелуі айтылып өткен ұғымдардың бәріне негізделеді.
Реакцияның әр типінің бірнеше түрлері болуы ықтимал, мысалы алмасу реакциялары бейтараптану, гидролиз болып жіктеледі.
Химиялық реакциялардың жіктелуі
Жіктеу негізі | Реакцияның типі |
1.Бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны
2.Жылу эффектісі 3.Реакцияның бағыты 4.Катализатор қатысуы 5.Элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгеруі 6.Әрекеттесуші жүйенің бастапқы күйі 7.Заттың сапалық құрамы өзгермеуі 8.Реакцияның механизмі |
Қосылу, орынбасу, айырылу, алмасу
Экзотермиялық және эндотермиялық Қайтымды және қайтымсыз Катализдік және бейкатализдік Тотығу-тотықсыздану Алмасу Гомогенді және гетерогенді
Аллотропия және изомерлену Иондық және радикалдық |
Химиялық реакция ұғымын ойдағыдай қалыптастырудың шарттары: 1) химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесін мұғалімнің жете түсінуі; 2) химиялық реакция туралы әр кезеңде берілетін білім, білік және дағдыны дидактикалық талаптар тұрғысынан іріктеу; 3) химиялық экспериментті және өзге оқыту құралдарын тиім ді таңдау; 4)химиялық құбылыстарды бақылай білуге оқушыларды жоспарлы түрде үйрету; 5) заттармен және құрал жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету; 6) бақылауларын түсіндіре білуге үйрету; 7) бақылауды түсіндірудің теориялық деңгейін біртіндеп көтеру; 8) химиялық реакциялармен таныстырғанда және зерттеу әдістерін жиі қолдану, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.