Химияны оқыту әдістері және олардың түрлері

Оқыту әдістері туралы түсінік

Оқыту әдістері дегеніміз- “белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу түрлері, тәсілі”.

Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері “мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы”.

Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы мазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда “Химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазмұнымен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз-мазмұнның ішкі қозғалысы”.

Келтірілген анықтамалардың біреулері дұрыс, екіншісі бұрыс деп айта алмаймыз, өйткені әдістің мәнін ашу үшін оқыту әрекетінің жеке жақтары пайдаланылған. Солардың бәрінің басын қосып, оқыту әдістері дегеніміз- белгіленген мақсатқа сәйкес анықталған мазмұнды игеру үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу формалары деген анықтамаға келеміз.

Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

Оқыту әдістерінің жіктелуі

Қазіргі оқытудың қалыптасқан дәстүрлі әдістері оқытушы мен оқушылардың қызметінің сыртқы белгілеріне қарап анықталып, білім көздері бойынша жіктеліп жүр.

  1. Сөздік әдістер-оған мұғалімнің әңгімесі, түсіндіруі, әңгімелесіп-кеңесуі, баяндап беруі, дәріс, кітаппен жұмыс кіреді де сөздік әдістер тобына бірігеді.
  2. Сезімдік қабылдау немесе көрнекілік әдістер- тәжірибелер, кестелер, сызбанұсқалар, модельдер, диапозитивтер, кино-фильмдерді көрсету, заттардың үлгісін, жинақтамаларын көрсету, өндірістік құбылыстар мен үрдістерді бақылау, танымжорық-саяхатқа шығу.
  3. Оқытудың сарамандық әдістер тобына-зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сан және сапалық-сынақтәжірибелік есептер шығару, аспаптар құрастыру, сызбанұсқа, диаграммалар әзірлеу, графиктер сызу, оқу-тәжірибе үлгісіндегі сарамандық жұмыстар, жаттығулар орындау.

Әдістерді жіктеуде химиялық өздік-ерекше әдістер, педагогикалық және логикалық әдістер басшылыққа алынады.

Атақты орыс педагогі Ю.К. Бабанский оқыту әдістерін мынадай топтарға бөледі:

  • оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері.
  • Оқу-танымдық қызметті ынталандыру және мотивтендіру әдістері
  • Оқу-танымдық қызметті бақылау және өздік бақылау әдістері

Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері.

Әдістер бірнеше аспектілерге немесе методикалық топтарға біріктірілген.

  1. Перцептивтік аспект— құбылыстар мен деректерді әр түрлі жолмен түсіндірудің әдістері. Мұнда оқушылар тыңдап-бақылау немесе сарамандық іс-әрекет орындайды. Бұл негізінен педагогикалық әдістердің үш тобын қамтиды: сөздік, көрнекілік, сарамандық әдістер тобын.
  2. Гиостикалық аспект-проблемелық ізденушілік әдістер немесе репродуктивті тәсілді қамтиды. Оған оқушылардың жаңа оқу материалын меңгеру жолдарын өз бетінше ойлап, проблемалық ахуал тудыру, тәсілдерін білу және шешу жолдары жатады. Ол-негізінен түсіндірме-көрнекі бейнелеу, проблемалық, жартылай ізденуші-зерттеу әдістері жатады.
  3. Логикалық аспект-оқу материалын түсіндіру кезіндегі индуктивті, дедуктивті, продуктивті, синтезбен, талдау, салыстыру, қорытындылау, редукциялау, дерексіздендіру, жүйелеу тәсілдерінің әдістері жатады.
  4. Басқару аспектісі-негізінен оқу-тәрбие қызметінде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзбеттерінше орындайтын оқу қызметі кіреді.

Оқу қызметін ынталандыру мен уәждендіру әдістері

Ынтыландыру, уәждендіру әдістері- саналылықты, жауапкершілікті, табандылықты, талапкерлікті, сенімді, жаттығуды, қасиеттерді керек етеді.

Ынталандыру мен уәждендіру әдістері- қызықты жағдаятар тудыруды көздейді, оған танымдық ойындар, оқу танымдық айтыстар, ойлан тап жұмбақтары, кездейсоқ ахуалдар жатады.

Оқу қызметін бақылау және өзіндік бақылаулар

Оқу қызметін бақылау және өзіндік бақылаулар әдістеріне-ауызша, жазбаша ағымдағы қорытынды бақылаулар, фронтальды, топтық, жекелей, бақылаулар жатады. Техникалық құралдар және техникалық құралдарсыз бағдарламалап сұрау тәсілдері жатады.

Химияны оқытудың өзіне тән ерекше әдістерін атақты әдіскерлер Р.Г. Иванова, Л.А. Цветков жүйелеп жазды. Химияны оқытудың жалпы әдістерін олар үш топқа бөлінеді.

  1. Түсіндірме-көрнекі бейнелеу немесе ақпараттық-репродуктивтік.
  2. Ішінара-ізденіс
  3. Зерттеу әдістері деп бөлінеді.

Оқытудың әрбір жалпы әдістер тобына жататын әдістер һз кезегінде сөздік, сөздік-көрнекі және сөздік-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді.

Жалпы әдістер мұғалімнің өз қызметінің белгілі бір түрін таңдап алуын алдын ала анықтап, оқыту үрдісін ұйымдастыру ережелерін көрсетеді.тОлай болса, әдіс-ғылыми түрде негізделген ереже, іс-әрекетке басшылық, мақсатқа жетудің сол мақсатпен анықталатын тәсілі.

Әдістің негізгі мазмұны-ондағы іс-әрекет идеясы. Сонымен қатар аса маңызды белгісі оның әрқашан әрекет етушіге қатысы, өйткені нақзатсыз және осы нақзаттың белгілі қызметіне қатысты, олай болса әдіссіз іс-әрекет болуы мүмкін емес.

Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі

Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі- мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін, жаңа білімді баяндап түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі, сондай-ақ оқушылардың өздігінен істейтін оқу әрекетін ұйымдастырудың да үш түрлі дидактикалық әдістері бар, олар: тапқырлық, зерттеу және бағдарланған тапсырмалар деп аталады.

Түсіндірме-көрнекі бейнелеу әдісі

Сөздік әдістер тобы Сөздік-көрнекі әдістер тобы Сөздік-көрнекілік-сарамандық әдістер
1. Баяндау (дәріс, әңгіме) Көрнекі құралдарды көрсетіп баяндауы Оқушылардың үлестірме материалдармен жұмыс істеуі
2. Әңгімелесу Көрнекі құралдарды көрсетіп әңгімелесу Химиялық тәжірибелерді орындауы
3. Мәтінмен оқушылардың өзіндік жұмысы Көрнекі құралдарды пайдаланып, өзіндік жұмыстар орындау Аспаптар құрастыру, модельдеу
Жазба графикалық жұмыстарды орындау

Ішінара-ізденіс әдісі

Ішінара-ізденіс әдісі- танымдық әңгіме тәсілдерін проблемалық тапсырмалармен бірлікте шешеді.

Ішінара-ізденіс әдісі

Сөздік әдістер тобы Сөздік-көрнекі әдістер тобы Сөздік-көрнекілік-сарамандық әдістер тобы
1. Әңгіме (пікірталас, семинар) Көрнекі құралдарды көрсетілімді әңгімелеуі Үйлестіріп берілетін материалдармен жұмыс
Мәтінмен оқушылардың өзіндік-дербес жұмыстары Мәтінмен не көрнекі құралдармен оқушылардың дербес жұмыстары Химиялық тәжірибелерді орындауы
Аспаптар құрастыру, модельдеу.

Жазба графикалық жұмыстарды орындау

Зерттеу әдісі

Зерттеу әдісі кезінде мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады; бағдарламаланған тапсырмалар да өз алдына әдіс болып, оқушылардың әр түрлі дәрежедегі оқу-танымдық қызметін қалыптастыратын бағдарламаланған тапсырмаларды орындау тапсырылады.

Зерттеу әдісі

Сөздік әдістер тобы Сөздік-көрнекі әдістер тобы Сөздік-көрнекілік-сарамандық әдістер тобы
Оқушылардың оқулықпен Оқу әдебиеттерімен Үйлестірме материалдармен жұмыс
Химиялық тәжірибелерді орындауы
Аспаптар құрастыру, модельдеу.

Жазба графикалық жұмыстарды орындау