Ұғымдардың анықтамасы мен қалыптасу кезеңдері
Химияны оқыту үрдісінде ұғымдардың анықтамасы нақты факторлар негізінде құрылады. Ұғымдар анықтамасы жөніндегі көптеген пікірлер бар. Бір авторлар анықтаманы қосылыстың құрылысына сәйкес беруді ұсынса, екінші біреулер-қасиеттеріне сәйкес беруді дұрыс көреді. Мысалы, “молекула” ұғымының анықтамасы әр оқулықта әртүрлі: бір оқулықта молекула заттың ең кішкене делінсе, екіншісінде өз бетінше бола алатын заттың ең кішкене бөлшегі, тағы бірінде сол заттың бар қасиетін сақтай алатын ең кішкене бөлшегі немесе химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кішкене бөлшегі түрінде беріледі.
Ұғымдарды қалыптастыруды бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: бірінші кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тікелей байқау және пайымдау. Екінші кезеңі-заттар туралы теориялар мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіндегі анықтамалық материалдарды қолдана білуге назар аудару. Үшінші кезең-заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану. Төртінші кезең— химияның алғашқы ұғымдарын, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдық көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сондай-ақ пәнаралық байланыстарда пайдалану.
Химиялық ұғымдар қалыптастыруды кейде сфераларға немесе бөліктерге бөліп қарастыру да бар, олар ұғымдар, негізгі ұғымдар, қолданбалы ұғымдар сферасы болып бөлініп жүр. Бұл ұғымдардың бәрі де өзара бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Қалыптасатын негізгі ұғымдар, тірек және қолданбалы ұғымдарға өзара тәуелділікте болады.
Ұғымдарды меңгеру үрдісі
Ұғымдарды меңгерудің мақсаты- әртүрлі танымдық және сарамандық міндеттердің мазмұнын меңгеріп, қолдана білудің жолдарын шешеу. Ұғымдарды меңгеру аса күрделі үрдіс, өйткені алғашқы ұғымдарға ой қорытындыларын жасай білу, оның мазмұнын жаңғырта білу, ұғыну, біліктер мен іскерліктерді бекіту, танымдық әрекеттерді іс жүзінде қолдана білу, ең соңында ұғымдарды меңгеру жүзеге асады.
Аса жауапты кезең ұғымдар мен алғашқы танысу және оны меңгеру кезінде оқушылардың ұғымға деген алғашқы ой пікірі қалыптасады. Меңгеру үрдісі нәтижелі болуы үшін оқытудың ұғымға деген дәлелдігін арттыру қажет. Тәжірибеге негізделген және теориялық ұғымдарды жекелеп қалыптастыруға үлкен мән беріледі.
Ұғымдарды сапалы меңгерудің үш санаты бар, олар: ұғым мазмұнын меңгерудің толықтылылығы, дәрежесі және көлемі, ұғымды жинақтаудың өлшемі, басқа ұғымдармен салыстырғанда байланыс толықтығы.
Оқушылардың оқу-танымдық дамуына сәйкес ұғымдарды меңгерудің төрт жолы бар:
- Жеке ұғымдарды олардың белгілеріне қарай, басқа ұғымдарға байланыссыз меңгеру.
- Белгілі жүйедегі ұғымдарды жалпы ұғымдар жүйесімен байланысты білім деңгейіне қарай типтік мысалдарға сәйкес пайдалана білу.
- Білімнің үшінші деңгейінде біріне-бірі өзара байланыссыз тұтас жүйе құрайды. Білім аса толығып жаңа сапаға ие болады. Ол негізінен сол жүйенің ішінде қайта құрылып, жеңіл белсендіріледі де, оны оқушылар химиялық білімнің белгілі саласына қолданады.
- Білімнің төртінші деңгейінде дамуы жоғары сатыға көтеріледі де, білім жүйе ішінде қомақты нәруызға айналады. Оқушылар білімі осы деңгейде жаңа сапаға ие болып, белгісіз факторларды да болжап айта алатын болады.