Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында «қырғиқабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның «глобус» — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролыққарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді.