Органикалық қосылыстардың құрамында көміртек пен сутектен басқа элементтер кездесуі мүмкін .Оларды анықтаудың арнайы әдістері бар.Азотты анықтағанда құрғақ пробиркага натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелінетін затты (шпатель ұшында) салып,пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырғанда лакмус қағазының көк түске боялуы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.
Хлор, бром, йод Бейльштейн сынамасымен оңай анықталады. Бұл реакция галогентуындыларды мыспен қыздырғанда, ұшқыш мыс галогенидтері түзіліп, жалынды жасыл түске бояуына негізделген.
Заттың эмпирикалық формуласы оның құрамындағы элементтердін, атомдарының өзара мелшерлік қатынасын көрсетеді. Оны мөлшерлік анализдің қорытындысы бойынша табады. Мөлшерлік анализде табылған элементтердің. процент мөлшері, сол элементтердің атомдық салмақтарына бөлінеді және бұл бөлшектер бір-біріне элементтердің өзара қатынасы ретінде жазылады. Бұлардан шыққан бөлшек қорытындылары, сол қорытын-дылардың ішіндегі ең кіші санға бөлінеді. Сөйтіп, келесі қатынаста бүтін сандар шығарылады. Бұл шыққан бүтін сандар зат құрамындағы элементтердің, атомдарының өзара қатынасьшың мөлшерлік белгілері болып табылады.
Мысал келтірейік: этил спиртінін. құрамында 52,14% С және 13,13% Н бар, олай болса, онын, қүрамында оттегі 100- (52,14+ 13,13) =34,73% болады. Енді осы процент мөлшерін этил спиртінің құрамындағы элементтердің атомдық салмағына бөліп, ол элементтердін бір-біріне өзара мөлшерлік қатынасын табамыз:
С :Н : О = 4,3: 13,03:2,17; қатынастың сан жағын осы сандардың ең кішісі 2,17-те бөлеміз:
Сонда молекула құрамындағы элементтердің өзара бір-біріне қатынасы:
С : Н : 0 = 2 : 6 : 1 болып шығады. Осыдан барып этил спиртінің құрамында оттегінің әрбір атомына екі атом көміртегі және алты атом сутегі сәйкес келіп отыратынын байқаймыз. Егер осы алынған бүтін сандарды әрбір элемент атомының индексі етіп жазсақ, этил спиртінін. эмпирикалық формуласы С2Н6О — деп жазылуға тиіс. Егерде біз заттың формуласын табуда тек қана элементтің анализдік қорытындысына сүйенетін болсақ, онда көрсетілген мысалымыздағы этил спиртіндегі әрбір жеке түрлі атомның бір-біріне өзара мөлшерлік катынасын сақтай отырып, оған тағы да бірнеше эмпирикалық формула жазуға болады. Мысалы: С4Н12О2; С8Н24О4 немесе тіпті (С2Н6О)п деп алсақ та барлығында С:Н:О қатынасы 2:6:1 қатынасындай болып қала береді. Басқа сөзбен айтқанда, эмпирикалық формула бойынша заттың құрамындағы элементтердің, атомдарының осы зат үшін шын мәніндегі тұрақты санын анықтау мүмкін емес. Оны табу үшін заттын, молекулалық салмағын табу қажет.