Азот бөлінетін реакциялар. Диазоний тұздарының қышқыл ерітінділерін қайнатқанда азот бөлініп шығады және фенолдар алынады.
Бұл мақсат үшін ең дүрысы күкіртқышқылының тұздарын пайдалану, өйткені басқа қышқылдармен қосалқы құбылыстар өтуі мүмкін.
2.Диазоний тұздарымен иодты калийді қыздырғанда диазотобының иодқа алмасуы жүреді.
3.Диазотоптардың басқа атомдарға немесе топтарға алмасуы катализатор есебінде тиісті мыс тұздарын немесе мыс үнтағын қолдануды талап етеді( Гаттерман, Зандмейер). Мыс тұздары,бәлкім қос қосылыстар тұзеді, олар әрі қарай ажырасып, бензол туындыларын қүрады. Төменде бірнеше типтік реакциялар келтірілген.
- А. И.Несмеянов диазонидің қос тұздарына металл ұнтақтарымен әрекет ету арқылы көптеген металдардың металорганикалық қосылыстарын алу әдісін жүзеге асырды, мысалы:
- Бірқатар тотықсыздандырғыш реагенттерді диазоний топты сутекке алмастыру үшін пайдалануға болады. Фосфорлылау қышқыл жақсырақ шығым береді:
Формальдегидтің сілтілік ерітіндісімен тотықсыздандыруды жүргізуге болады:
Химиялық қасиеттері. Диазоний тұздары реакцияға ең қабілетті және ісжүзінде мәні бар заттар болып табылады. Олар бірқатар өзгерістерге қатынасуға қабілетті және аминдерден қосылыстардың алуан түрлі кластарын синтездеуге жол ашады.Диазоний тұздаының айналу өзгерістерін келесі түрде топтастыруға болады: азот бөлінетін реакциялар,азот бөлінбейтін реакциялар.
Бұл типтес тотықсыздандыру аминотопты ядроны активтендіру немесе керекті бағыттауды іске асыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді; содан соң оны диазоттау және тотықсыздандыру арқылы аластауға болады. Органикалық синтездің бұл принципі реакциялардың мынадай қатарымен көрсетіледі(1,3,5-үш бром бензолды дайындау):
Диазоний қосылыстарын тотықсыздандыру кейде алифатикалықспирттердің көмегі арқылы жетеді,бірақ бұл реакция алкокси туындылардың түзілуімен жиі қосарланып жүреді.