Нитрлеуші және сульфирлеу реакциялары

Сульфирлеу реакциясы деп күкірт қосылыстарымен органикалық заттардың арасындағы реакцияларды айтады. 1,3-сульфохлорид тобы орындарда дисульфохлоридтердің түзілуі де байқалады. Сульфохлорлауда жанама өнімдер ретінде тиісті көмірсутектердің хлорлану өнімдері түзіледі.Сульфохлорлаудың катализаторлары ретінде (сәуле болмағанда) органикалық асқын тотықтар колданылады.

Сульфохлорлау реакциясының тізбекті радикалдық 5п механизмі бар екені сөзсіз. Тізбекті алып жүрушілері ретінде қаныққан көміртектің басқа реакцияларындағы сияқты, көмірсутектердің бос радикалдары болады. Фотохимиялық сулъфохлорлаудың төмендегідей схемасы дәлірек келеді.

Алкандарды сульфохлорлау ең, бірінші рет Германияда 1939—1940 жылдарда сабын орнына қолданылатын заттар алу үшін пайдаланылған. Құрамында әрекеттеспей қалған көмірсутектер мен хлорлау өнімдері бар мотор отынының (көмірді сутектендіру арқылы алынған) дизельдік фракцияларынын. сульфохлорлау реакцияларының өнімдері «мерзолдар» деп аталған. «Мерзолдар» сілтінің әсерінен сульфоқышқыл тұздарын («мерзоляттарға») қайта өндіріліп, бұларға сода пемесе силикат араластырылып, жуғыш ұнтақтар ретінде қолданылған

Сульфохлоридтерді былғары және тоқыма өнеркәсіптерінде пайдалануға болады. Сульфохлоридтерді аммиакпен әрекеттестіріп алынған сульфоамидтер өнеркәсіпте эмульгаторлар ретінде, ағартқыш заттар дайындауға, металдар және т. б. өңдеуде бір сыдырғы активті заттар ретіндс пайдаланылады.

Сульфототықтыру сульфохлорлаудан гөрі тиімдірек, өйткені хлор шығындалмайды, бірақта бүл реакция әлі жеткілікті зерттелген жоқ.

Нитрлеу. Көмірсутектердегі сутек атомдарыньщ орнын нитротоп баса алады, Бүл реакция питрлеу реакдиясы деп аталады және мынадай схема бойынша жүреді.

Парафиндерді концентрациялы азот қышқылы немесс азот қышқылы мен күкірт қышқылының қоспасы тотықтырады. Бұлар сұйытылған азот қышқылмен ғана қыздыру кезінде нитрленеді (М. И. Коновалов, 1888 ж.).

Сұйық фазада нитрлеу реакциясына барлық көмірсутектер де қатысады, бірақта реакцияның жылдамдығы шамалы және нитроқосылыстардьщ шығымы да аз болады. Үшіншілік көміртек атомдары бар парафиидерден өте жақсьт нәтиже шығады. Реакцияда полинитроқосылыстардыц түзілуімен тотықтыру процестері қоса жүреді.Өнеркәсіпте нитрлеуді азот қышқылының буымен 250— 500° С-де — бу фазада нитрлеу арқылы қолданады. Процесті кандай температурада жүргізу көмірсутек тізбегінің ұзындығы мен құрылысына байланьтсты: изобутан 150°С-де реакцияласады, ал метан 370° С-де ғана әрекеттесе бастайды. Реакция көмірсутектердің крекингісімен қоса жүреді, осының нәтижесінде әр түрлі мопонитротуындылар алынады, көміртек атом саны бастапқы реакцияға жұмсалған көмірсутектегі санымен бірдей мононитротуындылардан бастап нитрометанмен аяқталады. Сөйтіп, пропанды нитрлегенде 34% 1-нитропропан 32% 2 —нитропропан, 26% нитроэтан және 8% нитрометан түзіледі. Бу фазалық нитрлеуде полинитроқосылыстар түзілмейді. Әдеттегі орын басу ережелсрі мұнда да күшін сақтайды.

Нитрлеу реакциясына азот қышқылыяың 40% жұмсалады. Қалған қышқыл тотықтырғыш ретінде әрекет стеді. Сондықтан бүл процесте нитроқосылыстармен бірге әр түрлі оттекті қосылыстар, да алынады — спирттер, альдегидтер, кетондар, қьшқылдар. Бұдан басқа, қанықпаған көмірсутектер де түзіледі.

Нитрлейтін агент ретінде азот кышқылының орнына азот тотықтарын алуға болады (П. П. Шорығин, А. В. Топчиев, А. И. Титов).

Парафиндердің иитрлеу реакциясы—радикалдык процесс. Нитрлеу реакциясының бастапқы сатысы ретінде бос радикалдың пайда болуын тудыратып азоттың қос тотығының көмірсу-текпен әрекеттесуі болады. Бұлар азоттың қос тотығымен реакцияласып нитроқосылыстар немесе азотты кышқылдың эфирлерін береді:

Азотты қышқылдың эфирлерінен одан әрі қарай құрамында оттек бар түрлі қосылыстар алынады.