Күрделі эфирлердің гидролизі

Күрделі эфирдің гидролизі — этерификациялаудың кері реакциясы яғни олардың түзілуінің кері реакциясы болып табылады. Гидролнзді қышқыл және сілтілік ортада жүзеге асыруға болады. Күрделі эфирдің қышқылдық гидролизіне этерификация реакциясында осы реакция туралы айтылғандардың бәрі тура келеді, механизмі, қайтымдылығы, тепе-теңдікті ығыстыру жағдайлары бәрі тура келеді

Қышқылдық гидролизде карбонилді оттектің протездеу әрекеті карбонилдік көміртекті су молекуласымен неклеофилдік шабуылға ұшыратады.

Сутегі ионы өте маңызды роль ойнағандықтан ал электрондонор орынбасарлар протондалу дәрежесін арттырғандықтан қышқылдық гидролизде SN2 механнизм бойынша жүретін бұл реакция да орынбасарлардың әсері жоқтың қасы. Кейбір жағдайларда кеңістіктің эффекттілердің маңызы зор. 1 моль тарамдалмаған құрылысты алифатикалық моноэфир мен I моль су әрекеттескенде үштен екі бөлік күрделі эфир мен үштен бір бөлік қышқылдан тұратын тепе — тең қоспа түзіледі.

Ол қайтымсыз процесс болып табылады, себебі электрондарға бай қышқыл анноны спирттің нуклеофилдік молекуласымен әрекеттесе алмайды. Практика жүзінде күрделі эфирдің сілтілік гидролизін күйдіргіш сілтілер КОН, NaOH, сондай -ақ сілтілік жер металдар гидроксидтері қатысында жүргізеді. Ba(OH)2, Ca(OH)2

Күрделі эфирдің сілтілік гидролизі кезінде түзілетін қышқылдар сәйкес келетін металл тұздары түрінде байланысады, сондықтан гидроксидтерді ең болмағанда күрделі эфнрмен эквивалентті қатынаста алады.

Көбінесе негіздерді артық мөлшерде алады. Қышқылдарды тұздарынан бөлуді күшті минералдық қышқылдардың көмегімен жүзеге асырады. Күрделі эфирдің сілтілік гидролнзі реакциясында негіздерді сұйылтқыш ретінде көп жағдайда суды пайдаланады себебі ол күрделі эфирді еріте алмайды.

Реакция екі фаза айырым беткейінде етеді, сондықтан араластыруды талап етеді. Кейде реакцияны гомогенді ортада өткізген тнімді, бұл кезде еріткіш ретінде сулы спиртті пайдаланады. Бірақ бұл кезде қышкылды бөліп алу алдында спирт ерітіндісін айдау жолымен реакция ортасынан кетіру керек.

Кейбір күрделі эфирлер табиғатта кездеседі және қышыкддар алуға бастапқы материал болып табылады. мысалы бензой қышқылының орын басарлары осындай жолмен алынады. Кеңістіктік күрделенген күрделі эфирлерді алуда 100%- тік күкірт қышқылының қатысындағы арнайы әдістерді пайдаланады.