Химиялық формулалар

Салыстырмалы молекулалық масса

Салыстырмалы молекулалық массаның МГ шамалары салыстырмалы атомдық масса шамаларынан (3.1-кестені қараңыз) күрделі заттың формулалық бірлігіндегі әр элементтің атомдар саны ескеріліп есептеледі. Мысалдар:

МГ2) = 2Лг(Н) = 2·1=2

МГ2О) = 2АГ (Н) + 2АГ (О) = 2·1+16=18

МГ (H2SO4) = 2АГ(Н) + AГ(S) + 4Аг(О) = 2·1+32+4·16 =98

МГ (CaCO3) = Аг(Са) + А(С) +3Аг(О) = 40+12+3 · 16 = 100

Бейорганикалық заттардың атаулары

Иондық заттардың химиялық формулалары екі бөліктен — катионның формуласынан (сол жақта бірінші болып жазылады) және анионның формуласынан (солдан екінші) тұрады:

СаС12 — (Са2+)(С1)2

Мg3(РО4)2-(Мg2+)3(Р)2

(NH4)2SO4-(NH4+)2(S)

Иондық заттардың атаулары олардың формулалары бойынша солдан оңға қарай құрылады, алдымен катион, одан соң анион аталады. Мысалдар:

KC1 — калий хлориді

BaSO4 — барий сульфаты

AgNO3 — күміс(І) нитраты

NaOH — натрий гидроксиді

(NH4)2CO3 — аммоний карбонаты

Fe,(РО4)2 — темір(ІІ) ортофосфаты

Сr2О3 — хром(III) оксиді

Аниондардың атауларын және олардың формулаларын жаттап алу қажет. Төменде жиі кездесетін аниондар тізімі берілген.

F — фторид (оған ұқсас С1, Вr, I)

О2- — оксид

S2- — сульфид

OH — гидроксид

CO32 — карбонат

NO2 — нитрит

NO3 — нитрат

32 — сульфит

SO44- — сульфат

РО43- — ортофосфат.

SiO44- — ортосиликат

MnO4 — перманганат

Cr2O72- — дихромат

Катиондар атаулары Na+, K+, Mg2+, Ca2+, Ва2+, А13+ сәйкес элементтер атауларымен құрастырылады (Na+— натрий катионы, А13+— алюминий катионы); NH4+ аммоний катионы деп аталады. Көптеген басқа металдарда атауларының жанында жақшада рим санымен тотығу дәрежелері көрсетіледі:

Ag+ — күміс(І) катионы

Рb2+ — қорғасын(ІІ) катионы

Сr3+ — хром(ІІІ) катионы

Коваленттік заттардың химиялық формулаларын шартты катиондар мен аниондар формулаларына ойша бөлуге болады. Мысалы, РС13 — бір шартты катион Р3+ және үш шартты анион Сl, H2SO4 — екі Н+ шартты катион және бір SO42- шартты анионға бөлінеді. «Шартты» деген термин коваленттік заттарда, шындығында, көрсетілген иондар жоқ дегенді байқатады (заттар молекулалардан тұрады), сонысымен олар иондық заттардан ерекшеленеді. Кейбір иондар қосылыстарының типіне байланысты нақты да, шартты да болатынын ескерту қажет. Мысалы, С1 және SO42- аниондары.

Молекулалық немесе иондық құрылымдағы екі элементті заттар зарядтарының абсолют мәндері атомдардың стехиометриялық (сайма-сайлық) валентгігіне сәйкес келеді, мысалы, Na2O үшін NaI және ОII, ал РСl3 үшін РIII3 және C11. Иондар зарядтарының таңбасы мен шамалары сәйкес элементтердің тотығу дәрежелеріне (оң не теріс) тең болады. Мысалы:

Иондар зарядтары таңбасы соңынан қойылған араб сандарымен (Fe2+, P3+, S2-), ал элементтің тотығу дәрежесі таңбасы алдынан қойылған рим сандарымен белгіленеді; әдетте оңтаңба («плюс») жазылмайды, бірақ ойға алынады (Fе+IIнемесе ҒеII, Р+III немесе РIII, бірақ S-II).

Коваленттік екі элементті заттардың аталуы екі бөлек сөзден тұрады: шартты катион мен шартты анионның қатысы сандық қосымшамен көрсетіледі (1 — моно, 2 — ди, 3 — три, 4 — тетра, 5 — пента, 6 — гекса):

CO — көміртек монооксиді

СО2— көміртек диоксиді

РС13 — фосфор трихлориді

РС15 — фосфор пентахлориді

Тотығу дәрежесін көрсетіп атауға болады, бірақ ұсынылмайды. Мысалы, CO үшін көміртек (II) оксиді және СО2 үшін көміртек(ІV) оксиді деп те атауға болады.