Қазіргі кезде Дүние жүзі су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану, өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
- химиялық ластану, уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
- физикалық ластану, жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар;
Судың сапасы ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы Мем СТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналық шаруашылықтар;
- өнеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру,
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллойдты, еритіндер), лас сулар ( минаралдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) – деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58% минералдық заттар 42% — тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған.
Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс шараларға ең алдымен суды тиімді пайдаланумен оны территориалдық жағынан таралуын өзгерту жатады. Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
- Суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану.
- Өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цик)
- Ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты.
- Ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу..
- Суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмеңдетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау әдістерімен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты. Суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді.