Антропогенді факторлар-адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы , топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы т.б.).
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластанушы көз деп, ал судың саналық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты -ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына қарай минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минералды компонеттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар (оттек, азот, көміртек диоксиді, күкіртті газ және т.б.), сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі, калийдікі, кальцийдікі, аммонийдікі, алюминийдікі, темірдікі, магнидікі, марганецтікі және т.б. эелементтердікі) болады. Бұлардың бар жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталдады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерімен ұсталмайды.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз т.б. ал жануарлардан пайда болған заттарға, мысалы, мал ткандары, желім заттар жатады.
Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер (мысалы: құм, лай т.б.) кездеседі.
- Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар:
- суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану.
- өндірістік жағдайда суды бірнеше рет пайдалануға өту (тұйық немес қайтымды циклдер);
- өндірістік процестерде ауыз суға арналып берілетін суды пайдаланбау. Бұл ең алдымен санасы жоғары жер асты суларына қатысты;
- ауыз су, тамақ дапйындау және санитарлық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру. Суды қайта пайдалану.
- Судың ысырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су тартушы қондырғыларды пайдалану;
- Тұтынушылартұтынушыларға жеткізу кезінде және әкетеуде судың ысырап болуына жол бермеу.
- Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау. Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей болуына жол бермеу.
- Су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұндай шығынды болдырмаудың негізгі жолы -су қоймаларының ауданын жағалауларда көтеру мен таяз жерлерін бөліп тастау. Ірі су қоймаларын жазық өзендерде салу тиімсіз.
- Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту.
- Суармалы егіншілік те суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жаңа суару әдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор.
Судың аймақтық таншылығын оны басқа жүйелерден канал, су жолдарымен жеткізу арқылы шешуге болады.
Бұл шаралар экологиялық тұрғыдан жан-жақты ойластырылуы қажет.
Сулардың ластануын төмендетуге бағытталған іс-шаралар ең алдымен технологиялық процестер мен суды пайдалану, тазарту әдістерін жетілдірумен байланысты. Суды тазарту әдістерінің ішінде болып табылады. Олар мынадай арнаулы жүйелерді жасауға негізделуі қажет: суарылатын танап, сүзу танабы, аэрация станциялары және т.б.