Планктон дегеніміз-судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі: зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмі үшін маңызы зор. Оларға: диатомдар, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтар т.б. жатады. Ал, зоопланктондар мен бактериялар балдырлардан тереңірек тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдылар, моллюскалар, медузалар, сальптар және кейбір құрттәрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз – судыңтерең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмалар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер т.б. түрі кездеседі. Теңіз тұңғиығынан балықтардың ұсқыны мен формалары әр түрлі жыртқыш, паразит түрлерін, өзінен ток шығаратын скаттарды, ара балықты, доп тәрізді тікенекті сан алуан өкілдері кездеседі.
Бентостар дегеніміз-судың түбіндегі субстраттарда тіршілік ететін организмдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосы, бактериялар мен балдырлар құрайды. Тұщы су оритобентосы да, бактериялар, диатомды және жасыл балдырлардың өкілдерінен тұрады.
Жалпы алғанда судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына қарай: гидрофиттер және гидатофиттер деп бөлінеді.
Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал гидатофиттер қатарына суға көміліп өсетін өсімдіктер жатады.
Су өсімдіктерінің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктері де әр түрлі. Біріншіден, су өсімдіктерінің тамыр, жапырақ генеративтік мүшелері жетілген. Тамыр жүйесі судағы субстраттарға бекіну рөлін атқаруға бейімделген. Сондықтан тамыр жүйесінде тамыршалар болмайды. Қоректі сіңіру бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Су өсімдіктері жүзуге немесе қалқып тұруға бейімгелгендіктен өн бойына қалтқы тәрізді өскіншелері пайда болған. Бұл өскіншелер өсімдікті суда жеңіл жүзіп немесе қалқып тұруға жеңілдік туғызады. Гитадофиттерді бір ерекшелік жапырақтарының жалпақ немесе әртүрі болуы. Бұл құбылыс газ және зат алмасуын жеңілдетеді. Көптеген су өсімдіктері гүлдеп тұқым беру кезінде генеративті мүшелерін су бетіне шығарып тозаңдандыруға жол береді және тұқымының жел, су арқылы таралуына жол ашады. Су өсімдіктерінде болатын бейімделудің жоғары деңгейін біз-мүгі, элодей, су сарғалдағы т.б. өкілдерінен көреміз.