Бенталь – (ағылшын, грек ауа – тереңдік) – грунт бетінде оның ішінде тіршілік ететін организмдер мекендейтін бөгеннің төменгі қабаты.
Бентос – (тереңдік) теңіздің құрлықтағы су алытарының түбіндегі саз – топырақ арасында тіршілік ететін организмдер. Пелагиялық организмдер деп аталады.
Бентос –зообентос (жануарлар) және фотобентос (өсімдіктер
Болып екіге бөлінеді: су түбінде тіршілік ету тәсіліне қарай зообентос жануарларын топырақ бетінде, топырақ арасында тіршілік етушілер, сондай –ақ қозғалатындар және қозғалмайтындар яғни топыраққа бекініп отыратындар деп бірнеше топқа ажыратады.
Су түбін мекендейтін жануарлардың бірсыпырасын бентосқа да, пелагиялық организмге жатқызу қиын. Сондықтан оларда планктобентос және нектобентос деп атайды.
Бентос организмдер көлеміне қарай ірі (макробентос) рташа (мезобентос) деп жіктеледі. Теңіз зообентостары – формаминифералар, губкалар өсімдіктерден теңіздік көлдік бентосқа бактериялар мен балдклар (диатомды, жасыл, қоңыр, қызыл) жатуы.
Теңіз көл түбінің 1м2 ауданына келетін бентос биомассасы бірнеше мг –нан (терең суларда ондаған кг –ға жетеді. Тұщы су зообмосты теңіздің аздау және оның құрамы біркелкі келеді.
Пелигиаль (грек, pelagos — теңіз) – көл, теңіз және мұхит суының пелигиаль организмдері тіршілік ететін қабаты. Пелигиаль теңіздер және мұхиттарда горизанталь бойынша 2 зонаға: нериттік (шельф үстіндегі мұз қабаты) және мұхиттық (судың қалған қабаттары), верртикаль бойынша (жарық таралуына қарай) 3 зонаға: эвфоттық (жарық жақсы таралған), дисфоттық (күңгірттеу), афоттық (жарық мүлдем таралмайды) ажыратылады. Тұщы су айдындарында пелагиль горизанталь бойынша 2 зонаға – жағалау маңы және өзіндік пелагиль, вертикаль бойынша 3 зонаға (температураның темендау шапшаңдығына байланысты эпилимнион, металимнион және гиполимнион) бөлінеді.
Пелагиль организмдері – су ішінде не су бетінде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар. Пелигиль организмдерін су бетінде қалқып (плейстон), су ішінде қалқып (планктон) және жүзіп жүретіндер (нектон) деп бөлінеді. Пелагиль организмдері арасында өне бойы пелагиалды мекендейтіндерін голопелагиаль ал уақытша (көбею кезінде қалқып шығатын су түбі жануарлары не олардың личинкалары) мекендейтіндерін меропелагиал организмдердеп атайды. Пелагиалт организмдері әртүрлі болғанымен олардың пелагиальды тіршілік етуге бейімділік қасиеттері мысалы, қалқығыштығы (балдырларда газды көпіршік, сифонофорларда газды камера , балық торсылдағы т.б.) қозғалғыштығы т.б. ұқсас келеді.
Көптеген пелагиаль өсімдіктер – су жануарларының қорегі. Пелагиаль организмдерінің, мысалы, диатом балдырлар, радиоляриа, фораминиферлар т.б. қаңқалары мұхиттың шөгінді қабаттарын түзуге қатысады.