Пелагиаль (грекше pelagos — теңіз) – көл, теңіз және мұхит суының пелагиаль организмдері тіршілік ететін қабаты. Пелагиаль теңіздер және мұхиттарда горизонталь бойынша 2 зонаға: нериттік (шельф үстіндегі мұз қабаты) және мұхиттық (судың қалған қабаттары) 3 зонаға: эвфоттық (жарық жақсы таралған), дисфоттық (күңгірттеу), афоттық (жарық мүлдем таралмайды) ажыратылады. Тұщы су айдындарында пелагиль горизонталь бойынша 2 зонаға – 3 зонаға (температурасының төмендеу шапшаңдығына байланысты эпилимнион, металимнион және гиполимнион) бөлінеді.
Пелагиль организмдері – су ішінде және су бетінде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар. Пелагиль организмдерін су бетінде қалқып (плейстон), су ішінде қалқып (планктон) және жүзіп жүретіндер (нектон) деп бөлінеді. Пелагиль организмдері арасында өне бойы пелагиалды мекендейтіндерін голопелагиаль, ал уақытша (көбею кезінде қалқып шығатынсу түбіжануаолары не олардың личинкасы) мекендейтіндерін меропелагиаль организмдер деп атайды. Пелагиаль организмдері әртүрлі болғанымен олардың пелагиальды тіршілік етуге бейімділік қасиеттері, мысалы, қалқығыштағы (балдырларда газды көпіршік, сифонофорларда газды камера, балық торсылдағы т.б.) қозғалғыштығы т.б. ұқсас келеді. Көптеген пелагиаль, өсімдіктер – су жануарларының қорегі. Пелагиаль организмдерінің, мысалы, диатом балдырлар, радиолярия, фораминиферлар т.б. қаңқалары мұхиттың шөгінді қабаттарын түзуге қатысады.
Бенталь – (ағылшын-грек аудармасы — тереңдік) – грунт бетінде не оның ішінде тіршілік ететін организмдер мекендейтін бөгеннің төменгі қабаты.
Бентос – (тереңдік) теңіздің, құрылықтағы су алаптарының түбіндегі саз-топырақ арасында тіршілік ететін организмдер. Бентосқа қарама-қарсы, су ішінде тіршілік ететін организмдер пелагиялық организмдер деп аталады.
Бентос – зообентос (жануарлар) және фитобентос (өсімдіктер) болып екіге бөлінеді. Су түбінде тіршілік ету тәсіліне қарай зообентос жануарларын топырақ бетінде, топырақ арасында тіршілік етушілер, сондай-ақ қозғалатындар және қозғалмайтындар, яғни топыраққа бекініп отыратындар деп бірнеше топқа бөлінеді.
Су түбін мекендейтін жануарлардың бірсыпырасын бентосқа да, пелагиялық организмге де жатқызу қиын. Сондықтан оларды планктобентос және нектобентос деп атайды.
Бентос организмдер көлеміне қарай ірі (микробентос), орташа (мезобентос) және ұқсас (микробентос) деп жіктеледі. Теңіз зообентостары – фораминифералар, губкалар, ішек қуыстылар т.б. балықтар түрлері.
Өсімдіктер теңіздік, көлдік бентосқа бактериялар мен балдырлар (диатомды, жасыл, қоңыр, қызыл) жатады.
Теңіз, көл түбінің 1м2 ауданына келетін бентос биомассасы бірнеше мг-нан (терең суларда ондаған кг-ға жетеді). Тұщы су зообентосы теңізден аздау және оның құрамы біркелкі келеді.