Мұхиттың температуралық режимін негізінен планетамыздың термикалық режимі мен климаты айқындайды. Әлемдік мұхиттың жылу теңдестігі және оның құрамын біз 1-7 тарауда қарастырған болатынбыз. Әлемдік мұхиттың жылу теңдестігінің кірісі күн радиациясы және атмосферамен жылу алмасу, өзендердің жылу ағындысы және мұз қату кезіндегі жылудың бөлінуі құрайды. Ал шығысы – булануға жұмсалған жылу, атмосферамен жылу алмасуға және мұзды ерітуге жұмсалатын жылу мөлшері. Мұхиттың жылу теңдестігі су беті арқылы жылу алмасуға негізделген. Мұхит бетіне жылудың басты көзі – күн сәулесінің радиациясы келіп түссе, сол беттен шығынның негізгі түрі – су буланады.
Мұхит бетінің температуралық режимі ендік белдем заңдылығына негізделген. Себебі күн энергиясының түсуі нүктенің енділігіне тәуелді. Карталарда температураның таралуын изотермалар (тең, бірдей температуралар сызығы) арқылы көрсетеді.
Мұхит бетіндегі судың температурасының ең жоғары көрсеткіші экватор белдемінің солтүстік беткейіне тән. Мұхит суының ең жоғары температурасының сызығын температуралық (термикалық) экватор деп атайды. Оның айналасындағы судың температурасы 27 … 28 о С шамасында. Бұл сызық жазда ендіктің бірнеше градусына, солтүстікке қарай жылжыса, ал қыста – керісінше оңтүстік шарына қарай жылжиды.
Температуралық экватор белдемінің мұхиттың бетқабатындағы судың температурасы полюстер бағытында – 1.0 … 1.8 о С –қа төмендейді (теңіз суы әдетте теріс температурада қатады). Жазда, жағалау бойында, шығанақтарда судың температурасы 30 … 32 о С дейін көтерілуі мүмкін.
Мұхит суының температурасының таралуының жалпы белдемдік заңдылығы ағыс, өзен және мұздардың әсерінен бұзылады.
Климаттық типтерге сәйкес судың орташа температурасы, о С (В.Н.Степанов, 1983).
Климтатық тип | Тереңдік, м | ||||||
0 | 100 | 200 | 500 | 1000 | 3000 | 5000 | |
Экваторлық тропикалық | 26,65 | 19,52 | 12,99 | 8,14 | 4,93 | 2,00 | 1,56 |
Тропиктік | 20,32 | 23,48 | 18,06 | 8,82 | 4,62 | 1,87 | 1,51 |
Субтропиктік | 26,05 | 18,15 | 14,87 | 9,99 | 4,93 | 1,99 | 1,55 |
Субплоярлық | 8,22 | 5,76 | 4,83 | 3,56 | 2,77 | 1,40 | 0,86 |
Полярлық | 1,69 | 0,55 | 1,29 | 1,83 | 1,55 | 0,44 | 0,57 |
Мұхиттардағы ағыстар және мұхит сулларының жалпы айналымы негізгі желдерге, судың жылу және суу процестеріне, температура мен тұздылықтың таралуына тәуелді. Бұл факторлардың бәрі белдемдік заңдылыққа бағынуы себепті, олар тудыратын су айналымы да негізінен белдемдік заңдылықпен айқындалады. Ең тұрақты ауа ағыстары – пассаттар-тропикалық ендіктерде батысқа бағытталған қуатты ағыстар туғызады. Олар пассатық немесе экваторлық ағыстар деп аталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларының пассат ағыстарының ортасында, экваторға жағын маңда, жіңішке экваторлық қарсы ағыс қалыптасады.
Қоңыржай ендіктерде негізінен батысқа бағытталған желдің ықпалымен мұхиттың Солтүстік жарты шарда бұл Атлант және Солтүстік Тынық мұхит ағыстары, ал Оңтүстік Биік ендіктерде тағы да судың қозғалысы көпшілік жағдайда батысқа бағытталады. Тынық мұхиттың ең солтүстік бөлігіндегі Гренландия жағалауы маңындағы, Антарктиданы айнала батысқа бағытталған тұйық ағыс.
Екі жарты шардағы жылы және суық ағыстар өзіндік ерекшеліктерге ие. Әлемдік мұхиттың ағыс жүйесі субтропикалық және тропикалық ендіктердің кейбөліктерінде тұрақты су айналымдарын қалыптастырады. Бұл су айналымы Солтүстік жарты шарда сағат тілімен бағыттас болып келсе, биік ендіктерде қарама-қарсы бағыттағы су айналымы қалыптасады.
Ағыстар – жер айналымының әсерімен Солтүстік жарты шарда оңға ығысса, ал Оңтүстік жарты шарда солға ығысады. Нәтижеде ағыстар сағат тілімен бағыттас субтропикалық су айналымдарының орталық бөлігінде артық су көлемі жиналады. Судың деңгейі көтеріліп, беткі су қабаты салмақ күшінің ықпалымен төмен түседі. Яғни сулардың тұмсық тіресу және бату белдемі, конвергенция белдемі қалыптасады. Ал, ағыстар, сағат тіліне қарсы бағыттағы қозғалыста болатын Солтүстік жарты шарда судың беткі қабаты жердің өз өсінде айналуының ықпалымен айналым орталығынан оның шеткі аймақтарына қарай тасымалданады. Орталықта кәдімгідей су жетіспеушілігі қалыптасып, деңгейінің төмендеуіне байланысты судың терең қабатынан орын толтырушы су көтерілу процесі жүреді. Бұл судың көтерілу және тебісу белдемдері – дивергенция белдемі. Конвергенцияның негізгі белдемдері тропиктер маңында жатса, ал дивергенция белдемдері – қоңыржай және биік ендітерде, сондай-ақ экватор маңында экваторлық қарсы ағыс шекарасына орналасқан.