Гидросфера – біздің ғаламшарымыздың (планетамыздың) су қабығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық су өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды.
Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –не тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 –ін немесе 71 % бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрлықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29 % бөлігі тиесілі.
Су және құрлық жер шарында бір келкі емес. Солтүстік жарты шарында құрлықтардың үлесіне 100 млн км2 немесе 39% -ті тисе ал солтүстік жарты шарында 49 млн. км2 немесе 19 %. Сол түстік жарты шарында су басқан аймақтың ауданы 155 млн. км2, яғни 61 %-ке тең, ал оңтүстік жарты шарында 256 млн. км2 немесе 81%. (Әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда).
Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен тұрады. Бір қатар ерекшеліктерге, шығанақтарға бұғаздарға бөлінеді.
Бас су айрық құрлықты екі беткейге бөледі: Бірінші Атлант және Солтүстік мұзды мұхиттарға құятын өзен ағындарын құрайтын (60 %) беткей; Екінші Тынық және Үнді мұхиттарына құятын өзен ағындыларын құрайтын беткей (40 %). Екінші қатардағы суайрықтарға аталған мұхиттардың ішкі алаптарының суайрықтары мен ішкі ағындылар және тұйық аймақтардың суайрықтары жатады.
Ішкі ағындыларындың үлкен аймағы Арал, Касспий, оған Еділ-Жайық, Кура, Сырдария, Амудария және басқа өзендердің алаптары жатады. Тұйық аймақтар қатарына Сахара, Арабия және Орталық Австралия шөлдері кіреді.
Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –қа тең. өзен арналарындағы су қоры 2120 млн. км3 –ке тең, тұщы көлдердегі су – 91 млн. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн. км3 маөлшерінде деп есептелсе тұщы сулардың жалпы қоры – 3,5 млн. км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53 %-ын құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұсталсақ, оны адам қажеті жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80 % бөлігін құрайды.
Жер шарының әртүрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері онда орналасқан халықтың санымен және табиғи қорлардың орналасуымен, өнеркәсіппен ауылшаруашылығының қажеттілігімен әркез санаса бермейді. Европа және Азияда әлем халықтарының 77 % орналасқан, ал осы аумақта 20 жыл айналымға түсетін тұщы су қорларыың 33 % -ті ғана тиесілі. Егер біз тек жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл және бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 км3 су тиесілі болған болар еді.
Сумен ең аз қамтамасыз етілетін материк Европа мен Азия. Сумен ең жеткілікті қамтамасыз етілетін материктерге Оңтүстік Америка – 287- 10 м3 / жыл және Австралия жатады.
Жекеленген елдердегі сумен қамтамасыз етілуі бұданда көп мөлшерде ауытқиды. ТМД елдерінде (1986 жыл бойынша) сумен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші жылына 17,3 мың текше темтрге тең, ал АҚШ – та шамамен жылына 10 мың текше метр, Қытай халық республикасының жылына 2,9 мың текше метр. Бұл келтірілген мысалдар әлем халықтарының сумен қамтамасыз етілу көрсеткішінің тіпті құрғақ құрлықтар үшінде жоғарғы дәрежеде екендігін көрсетеді. Сондықтан дәл қазір адамзат алдында тұрған мақсат су қорларының жеткіліксіздігінде емес, керісінше олардың аумаққа үлестірімнің бір келкі еместігінде және олардың мезгілдік ауытқуы мен сапасының өзгеріске ұшырауын зерттеу.