Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (н2о) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.
Басқа заттармен салыстырғанда судың өте тап аномиялық ауытқулық қасиеттері бар
- О0С-ден 0С дейін қыздырғанда судың көлемі көбеймейді, керісінше азаяды, ең максемальді тығыздық мағанасы су қататын нүктеде (О0С) емес 40С-де болады.
- Басқа денелердей емес, су көлемі қатқанда сығылысудың орнына үлкейіп, оның тығздығы төмендейді.
- Қысым көтерілгенде судың қатуу температурасы көтерілмейді, ол төмендейді.
- Басқа заттардың сыбағалы жылылық сыйымдылығымен салыстырғанда судың сыбағалық жылылық сыйымдылығы өте жоғары.
- ДиЭлектрлік турақтылығы өте жоғары болғандығына байланысты судың еріткіштік және диссациалау қасиеті басқа суйықтықтармен салыстырғанда жақсылау.
- Суйықтықтардың ішінде судың беттік кіруінің шамасы ең жоғары 75-10 3 дм –м2.
- Булану кезінде жылу сыңырлері ал будан консациялану мен қату күйінде керісінше жылу бөлінеді.
Ауытқулықтың болу себебінің бірі оның қурылысыныңерекшеліктігінде және су малекуларының бір-бірімен күшті байланысатындығында. Жер бетіндегі барлық тіршіліктің суға байланыстылығының негізгі осы ауытқылықтың болуы. Су табиғатта үш адрегатты күйде: сұйық , қатты және газ тәріздес түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады. Табиғатта барлық геохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысуымен жүреді десек қателеспейміз.
Академик А. Карпиский су туралы былай деген Cу —ең бағалы байлық. Су тек минералды шикі зат. Ол тек өнеркәсіппен ауыл шаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жергке тіршілік жасайтын қан.
Су –трі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар түрінің саны 150000 ненмесе олардың жалпы санының 7%, ол суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 10000(8%). Жануарлардың ішінде балықтардың шамамен 16000түрі былқылдақденелердің 80000 түрі, шаянтарізділердің 20000-нан астам түрі бар.
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бузатын компоненттерді пастанғыш заттар деп атайды.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық- химиялық қасиеттеріне қарай бір неше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты- ерімейтін ,коллойдті, ерійтін , табиғатына қарай- минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларды еріген түрде әртүрлі газдар (оттек , азот, көміртек диоксиді, күкірт газ және т.б), сонымен қатар еріген туздар (натрийдікі, калийдікі, кальцийдікі, аммонийдікі, алюминийдікі, темірдікі, магнийдікі, марганецтің және т.б элементтердікі) болады.
Булардың бар жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалы құнды және қағаз сүзгіштерімен усталмайды.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан , т.б жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімбіктен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары , өсімдік майлары, қағаз т.б, ал жануарлар пайда болған заттарпға . Мысалы мал ткалдары , желім заттар , қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер (мысалы, қум, лай т.б) кездеседі.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, қурттар, микроблологиялық зауыттардың қалдықтары т.б кіреді.
Суды негізінде ластайтын көздерге т өнеркәсіптік және комуникалдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, қурамында әртүрлі аграхимикаттары (пестицидтері тыңайтқыштары т.б) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дрежажды суы, мал шаруашылығының ағындары, су қоймаларына жауын- шашын арқылы әкелінетін , аэрашді ластағыштар жатады.
Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тей ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып , отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420км3 қалдық сулар төсіледі, бұл сулар 7000км3 таза суды ластандырады.