Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарымен шектесіп жатыр.70-жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км 2 дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді.Шығыс жағында Балқаш,Алакөл көлдер жүйесімен,батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен,ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр.Сонымен қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы,Қалықтау ,Нарат,Боро-Хоро да кіреді.Балқаштың суының көлемі-112км3,ең үлкен тереңдігі-6 м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігінде- шағын өзендер Қаратал,Ақсу,Лепсі келіп құяды.Балқаш жартылай тұщы көл.Сарыесік түбегі Балқаштың батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған.Ол көлге жылдық су мөлшерінің 78,2% береді.Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады.Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мүздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі..Географтар бұл жерді Балөашқа келіп құятын Іле,Шу, Ақсу,Қаратал ,Лепсі, Тентек,Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды,ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды.Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды.Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км3 жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп,су бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген.Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді.Судың минералдылығы, өндіріс орындарымен коммуналдық шаруашылықтың шацынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды ––– дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың дем алу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр. Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы қоныстар жойылып бара жатыр. Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде аңдатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жолында40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген.Өзен жағалауларындағы тоғайлары ормандар жойыла бастады.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
Республикада 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі.Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км .Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың бір текті таралуында.Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикалардың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торын сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км болады. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады.Қалың өзен торы Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегінде аудандарында түзілген.Бірақ,осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлауды талап етеді.Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты . Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.
Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің; Балқаш жіне Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл жңне Тобыл өзендерінің бассейніні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.