Қазақстанның су артериялары шамамен 85мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздерінің Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиалық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы — Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар- мыс , шайынды суларымен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарының түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (25мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж шамамен 23 мың тоннаға жуық) азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994жылы 43 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 т) цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700км ұзарып су астында қалған жерлерге тағыда 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төні отыр. Су астында қалу қаупі төпіп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан. Каспий теңізі дүни жүзіндегі Бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекет аралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995ж Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығымен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепсиясын жасау болып табылады. Бірақ кезкелген экологиялық бағдарламаның іс жүзінде асуына оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастады. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь –Шань таулары мен ағып келетін табиғи су ағысын 90 паиыздан астам қысқартып жібереді теңіз ауданы 2,6млн га-ға келіп, өзінің 60 паиыз көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2еседен астам артты. Күн сайын 200т тұз бен құм желмен 300км арақашықтыққа таралды. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеру одан әрі жалғасуда. Халлықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы эканомиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болуына әкеліп, бірқатар әлеуметтік жне саяси мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманға қоғам өзінің болашағын жойады. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялы тұрақтылылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіпттік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарлы тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27г\л (бұрын 11-12) жетті.
Судың деңгейі 13м-ге төмендеп су жағалаудан жүздеген км\ге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде 4-ші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм щөлдері Аралды Оңтүстік және Шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі- шамамен 1000км3. Тереңдігі 20-25м, ең үлкен тереңдігі-67м. Жаздағы орташа температура 24-26С0 , қыста 7-13,50С . Жылдық жауын –шашын мөлшері шамамен 100мм
Арал теңізінің су баланысы бұрын жауын-шашынмен -5,9км3, өзен ағысымен -54,8км3 қамтамасыз етіп отырылды. Орташа булану -60,7км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы 25см, ал ғасырлық -3м арттпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су баланысын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-шы жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңейуіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен. 1970ж 35,2 км3, ал 1980жылы -10км3. 1986ж Амудариямен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық суармалы жерлерге жұмсалды
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырды. Теңіздің қолайлы әсері 300-400км арақашықтықта байқалады.
Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік береді. Қазір ауа райының континенталдығы артты.
Балқаш –жартылай –тұщы көл . Сары есек түбегі Балқашты батыс және Шығыс бөлікткрге бөледі . Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенің келіп құйуына байланысты тұщы болған .Ол көлге су мөлшерінің 78,2пайызын береді Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құйятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажетіліктерге жұмсалады.Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп құйылады .
Геогрфтар бұл жерді Балқашқа келіп құйятын Іле ,Шу,Ақсу,Қаратау,Лепсі , Тентек , Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967ж Іле өзенінде Қапшағай ГЕС –і салынды, ал 1970жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды Шілік өзені бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы салынды . Балқаш көлінің бассйендерінің өзендерінің 1965-1986ж аралығында алынатын судың мөлшері 4,8 -5,6км 3 жылына артқан .Сонғы 10 жылдықта Балқаш көлінің денгй 2м астам төмендеп ,су бетінің ауданы 4,7милон км 2 кемген
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың миниралдығы артып келеді.( 1,2 –ден 1,9 г\л ал Балқаш қаласы маңында 2,2 –ден -2,3г\л деиін ) Судың менйралдылығы өндіріс орындарымен камуналдық шаруашылықтың шайынды су лары , суармалы жерлердің қайтымды – дренаж суларының келіп тусуінің арту нәтйжесінде сумен қамтамасыз ету, адамсдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр. Бүкіл жағалауда шолдену процесі басталу көлдің жағасындағы қамыстар желып бара жатыр. Балқаштағы су деңгейінің төмендеу нәтижесінде андатыра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40-мыңнан 8-мың центінерге дейін кемиген. Өзен жағалауларында тоғайлы орман жейыла бастады.