Жер мантиясының заттық газсыздануы планетамыздағы судың ең басты көзі болып табылады.Сонымен қатар мұхит табанының қалыптасуы туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ.Геотектоникаға жататын ғылыми гипотеза бар.
Құрлықтар астында орналасқан жер қыртысының қалыңдығы айтарлықтай-100…120 км,ал орташа көрсеткіші 30…40 км.Мұхиттар астындағы жер қыртысының қалыңдығы-5…10, және оның табаны құрлықтар астында қарағанда жоғары жатыр.Жер қыртысы жоғарыдан төмен бірнеше қабаттан тұруы мүмкін:шөгінді, кристалды(громит), магмалық(базальт). Материктер астындағы шөгінді қабатының қалыңдығы орта есеппен 5000 м-ге жетеді,гранит қабаты-10000…15000 м,базальт қабаты-15000 метр.Ірі тау сілемдерінің астындағы қабаттардың қалыңдығы өсе түседі.Мұхит түбіндегі шөгінді қабаттың қалыңдығы едәуір аз-небәрі 100..1000 м.бронит қабат жоқ, ал шөгінді қабаты жауып жатқан мұхит табаны тек қана ерекше мұхиттық базальт қабатынан тұрады. Жер қыртысының мұхит астындағы жалпы қалыңдығы 6000 метр шамасында, яғни құрлықтар астындағы жағдайға қарағанда 5 есеге аз. әлемдік мұхит табанының беделі жайлы ғалымдардың алғашқы көз қарастары жер беті бедеріндегі көзқарсқа қарама – қарсы қалыптасты. Мұхит табаны бедерсіз, таусыз, ойпатсыз біріңғай тегістік бетінде суреттеліп келеді.Әлемдік мұхит табанының бедерінің және шөгінділердің таралу сипатталу біркелкі еместігі шөгінді алғаш жүйкеленген деректер бұдан 100 жылдан аса асық бұрын ағылшынның «Челинджер» атты ғылыми атты зерттеу кемесінің жер шарын айнала жүзу сапары кезінде (1872-1876ж.ж) алынды.Мухитты зерттеудің даму барысында, әсіресе эхолттың кең түрінде пацдалануы нәтижесінде ХХ ғасырдың ортасында мұхитқа деген көзқарас түпкілікті өзгерді .
Өзен деп едәуір мөлшерде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар. өзінің су жинау алабына түсетін атмасфералық жауын шашындармен әрі жер асты суларымен қоректенетін ағын суды айтамыз, Өзен арнасы әдетте, тұрақты ағын су, ол кейбір құрғақшылық аудандарда уақытша тартылып қалуы мүмкін, климатты қатаң суық аудандарда қатып қалады. Ағып өтетін жердің бедеріне байланысты өзендер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Жазық жер өзендері биіктігі 300-500 метрлік ойпаттар мен жазықтарда ағады;
2) Тау өзендері бедері 300-500 метрден биік тау жоталары мен кыраттарды басып өтеді.
Климаттық жағдайы мен су жинайтын алабының мөлшеріне байланысты өзендер тұрақты және уақытша әрекет етуі мүмкін. Аумақтағы тұрақты өзендер мен уақытша ағын сулар, көлдер және батпақтар жүйесі осы аумақтың гидрографиялық жемісін құрайды. Гидрогарфкалық (өзен) жүйесінің құрылымын мынандай буындарға бөлуге болады.
1 Қолат – гидрогафиялық желісінің ең жоғары буыны беткейлер жылдық әрі көлбеу жатқан, табаны тегіс келген еңістеу жердің айдамы.
2 Өзек – қолаттан өзінің қазған орнының тереңдігі, беткей – биіктігі және құламасымен ерекшеленеді.
3 Құраңғар – гидрогафиялық желесінің беткейлерінің ассиметриялылығымен және сирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
4 Аңғар – тұрақты өзен ағындысы басталатын гидрогафиялық желісінің соңғы буыны.
Гидрогарфиялық желесінің негізгі элементтерінің (мөлшері, қозу процесіндегі, беткейінің құламасы) қалыптасу процесі ұзақ уақыттар бойы істеліп келсе ол осы буын табанында әрі беткейлерінде қазіргі уақыт әрөзиясы жер бетін жыру, опыру, жарақаттары қазу арқылы бұл жұмыс жалғаса беруде.
Басқа ағын сулар (жылғалар, бұтақтар, өзендер) келіп құятын, әрі өзі көлге немесе теңізге құятын өзенді негізгі (басты) өзен дейміз, ол оған құятын өзендердің оның салалары деп атайды. Басты өзенге тікелей келіп құятын өзенді бірінші дәрежелі сала оның саласын – екінші дәрежелі және т.б. деп атайды.