Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрюделі заттың біріне жатады. Оның таза алу өте қиын.Таза су барлық уақытта жеңіл су(Н2О)мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.Академик А.Карпинский су туралы былай деген. «Су-ең бағалы байлық» Су-тек минералды шикі зат.Ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес,сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық қан…
Су-тірі материаның негізі.Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жану-арлар түрінің саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7% ал суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 10 000 (80%) жануарлардың ішінде балықтың шамамен 1600 түрі,былқылдақденелілердің ішінде 80 000 түрі,шаянтәрізді-лердің ішінде 20 000-нан астам түрі,қарапайымдылардың 15000-ға жуық түрі және т.б бар.Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75% кейбір өсім-діктер массасының 89-90%судан тұрады.Су бетіне түсетін жылу энергияның бір бөлігі тойтарылса, екінші бөлігі булану процесіне жұмсалады.Су қойма-ларының бетінде өтетін булану төменгі су қабаттарының қатты ысуына ке-дергі жасаса,беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың бөлуіне бай-ланысты төменгі қабаттардың салқындауын бәсеңдетеді.Су қоймаларында температураның су қабатының орналасуына байланысты таралуына тікелей стратификация деп атайды.Қыста беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері страфикация деп атайды.
Судың тағы бір маңызы мынада:Атмосферада негізінен су булы және тамшылы түрімен мұз кристалдары ретінде болады.Су күн сәулесінің жер бетіне өтуіне айтарлықтай кедергі жасамағанымен жерден шығатын жылуды жібермейді ол планетадағы жылу байланысын реттеп отырушы да.Судың ең негізгі қасиеті ол тіршілік ортасы және барлық организмдердің тіршілігіне қажетті оттектің көзі.
Су ең жақсы еріткіш,осыған байланысты барлық өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында үй-жай,тағы да басқа шаруашылықтарда кеңінен қолданылады.
Судың гигиеналық маңызы зор.Ол адам денесін үй-жайды,күнделікті қолданылатын бұйымдарды және т.б.таза санитарлық жағдайда ұстауға пайдаланылады.