Дүние жүзілік мұхит жер шарының көпшілік бөлігіне (70,8%) жайласқан, құрлықты материктерге және аралдарға бөліп тұрушы су қабаты. Ауд. 361060 мың км орташа тереңдігі 3795м, ең терең жері 11022м.
Физ-геогрф. Ерекшеліктеріне қарай М жеке М-тарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнауларға, бұғаздарға бөлінеді. Мұхит 4-ке (Тынық, Атлант, Үнді, Солт мұзды) ажратылады. Мұхит түбінің рельфі. Мұхит түбі материктік қайраң, материктік беткей, мұхит түбіне және мұхит шұңғымасына ажратылады. Материктік қайраң материктің су астындағы жалғасы ретінде 200м тереңдікке дейін созылып жатады. Бұның ең енді жері-Аргентина жағалауында, Беринг, Сары теңіз, ОҢТ Қытай және Арафур теңіздерімен Солтүс мұзды Мұхитында кездеседі. Материк қайраңдарда көптеген теңіздер (ішінара Советтік Арктика теңіздері де орналасқан) Материктік жақпардың бүйір беті сияқты материктік беткей тұқырының тиөмен, шегі ретінде 2000-24000 тереңдікке дейін таралады. Материктің 2000м-ден 6000м-ға дейінгі ең төмен бөлігінің көпшілігі мұхиттың түбін алып жатыр. Мұхит түбінің кейбір аудандарының тереңдіктері 6000-ден астам, жас тау көтерілімдеріне және аралдар тізбектеріне паралель жатқан бірнеше шұңғымалар кездеседі. Ең тереңдік шұңғымалар: Мармана (11022м), Тонго(110882м), Куриль (1917м). Құрлық бетінің рельфіне қарағанда мұхит түбінің рельфі аз зертелген. Қолдағы бар деректерге қарағанда бұл екеуінің арасында ұқсастық байқалады. Мұхит түбінде биік тау жоталары( Орт Атлант, Орта Үнді, Солтүс Мұзды мұхитағы Ломоносов тау жотасындағы т. б), сүйір басты шыңдар (Атлант мұхитының оң түс Шписбанкасы), жұмыр басты таулар (Тынық мұхиттың батыс бөлігінде), тік беткейлі үсттірер (Азор үстірті), кең алапты шұңғымалар (Солт Тынық мұхиты т.б), терең каннондар (Гудзон, Балтемур), т б кездеседі. Құрлық бетінің рельфімен салыстырғанда мұхит түбінің рельфімен салыстыруда мұхит түбінің беті көбірек жайдақталған, дегенмен кейбір жерлерінде күшті тілімделген учаскілер де кездеседі. Мұхит түбінде шөгіп кетбкен бұрынғы құрлық бөлігі де кездеседі. (Мыс, Аляска шығанағы)
Геологиялық құрылысы. Мұхит геологиялық құрлықтардан негізгі айырмашылығы – мұхит шарасы түбіндегі жер қыртысының өте жұқалығы:анит қабаты мүлдем жоқ, шөгінді және базалт қабаттары жұқа. Континеттік жер қыртысының орташа қалыңдығы 35км болса, м-та бұл 6км шамасында ғана мұхиттың деңгейінен Махоровичич беті 11-12км тереңдікте орналасқан. Дүние жүзі мұхитының екінші бір ерекшелігі – оның зоналарының бір-бірімен көбінесе тек-қ жарықтар арқылы шектелінетіндігі . Метосфераның мұхит пен континентік құрылымдары арасындағы табиғи шегі материктік беткейдің табаны арқылы өтеді. Материстік беткей өзінің негізгі үлкен бөлігінде (12км тереңге шейін континет типті қыртыспен төселіп мұхит қыртысымен алып жарылыстар арқылы жоспарласады. Сондықтан материалистік беткей үнемі түп-түзу немесе жатық кең доға секілді созылған (Британ аралдары жағалауы) болып кешеді. Осы аймақтағы жарылыстар беті құрлыққа қарай 60 градус бұрышпен көлбейді. Тынық мұхит жиегіндегі материалистік беткейде паралель созылған жіңішке терең сулық науалар жаралған. Олардың бойында барлық терең фокусты және сілкінулер болып тұрады. Мұхиттың материктік қайрағ мен беткей зоналарының құрылымы континентерімен сыбайлас, ал мұхиттың терең фокусты жер сілкінулер болып тұрады. Мұхиттың материктік қайраңмен беткей зоналарының гиологиялық құрылымы континенттермен сыбайлас, ал мұхиттың терең шарасының біраз өзгеше келеді.
Материктік қайраңдар геологиялық құрылымына қарай екі топқа бөлінеді. Олардың басым көпшілігі тұнба шөгінді қабаттардан қалыптасып, көбінесе лықсу жарықтарынан шектеледі. Кейбір аудандарда теңіз жағалауына паралель мыңдаған км-ге сщзылған лықсудан түсілген белестер, шельор шөгінділерінің төмен ығысуына тосқауыл болады. Осы тосқауылдың көтерілуі 25милл жыл бұрын басталған соңғы 15 мың жыл бойына тұнған шельф шөгінділерінің жалпы қалыңдығы ғана 2км-ге жуық мұхит шарасы негізгі екі құрылымнан тұрады. Мұхиттардың ортаңғы жоталары (М.О.Ж) және талассократон (мұхиттық платформа) мұхиттардың ортаңғы жоталарының жүйесі барлық мұхиттардың орта шенінен бүкіл жер шарын айнала қоршай, ұзындығы 64000 км-ге, ені бірнеше жүз километрге созылған жалпы планеталық маңызды құрылым болып табылады. Жоталар мұхит түбінен 1-3 км-ге көтеріледі. Кейде төбелері теңіз деңгейінен асып аралдар құрайды, мыс: Тынық мұхиттағы Пасха, Атлант, мұхиттағы Буве, Вознесения, Әулие Павел, Азор, Ян-Маиен, Үнді мұхиттағы Сен-Поль, Родригес, Крозе, Принс-Эдуард т.б.