Жер шарының шамамен ¾ бөлігін үздіксіз шексіз су қабаты әлемдік мұхит алып жатыр. Оның ауданы 361мин. км тең немесе планетамыздың 71% бөлігін құрайды және бұл су айдынында бүкіл гидросфераның шамамен 96% шоғырланған 11,34 млрд км .
Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су отмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхиттар дейміз. Кейде мұхиттар мұхит алаптарынга бөлінуі мүмкін. Негізінен мұхиттарды теңіздерге, шығанақтарға, және бұғаздарға бөліп қарау қалыптасқан.
Теңіз-мұхиттың құрлыққа суғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктероінен құрлық жағалаулары түбектер немесе оның өзге бөліктерінің құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бір бөлігі. Теңіз-мұхиттан өзіне тән гидрологиялық, гиологиялық және басқа сипаттарымен ерекшеленеді. Келтірілген анықтамаларға сүйенсек теңіздердің гидрологиялық режимнің әлемдік мұхит бөліктерінің айтарлықтай сипаттамалық белгісі болып табылатындығын көреміз. Мұхиттар мен теңіздердің гидрологиялық процестер жер бетіндегі су объектілерінде өтіп жататын табиғи процестердің маңызды бір бөлігі және оларды игеру барысында керекті шарт.
Әлемдік мұхит шартты түрде келесі бөліктерге; Тынық, атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиттарға бөлінеді. Алып жатқан ауданына және суының көлемсіне қарай мұхиттардың ең үлкені және тереңі (орташа және шекті өлшем бойынша-Тынық мұхит, кейде оны «Ұлы мұхит » деп атайды. Оның ең терең жері (әлемдік мұхиттың да) 11022м. Ол жер шарынан шұңғылында орналасэқан. (1957 ж Советтік ғылыми-зерттеу экспедициясы «Витязь» кемесінде өлшеген)
Мұхиттардың бөліктері-теңіздері-құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші және материкаралық), шеткі және аралық деп үш топқа бөлінеді.
Ішкі теңіздердің мұхиттармен байланыстары бұғаздар арқылы болуы себепті өте нашар жүреді. Сондықтан да олардың идеологиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимінен бір шама ерекшеленеді. Ішкі теңіздердің екі түрге бөлінуі олардың аттарынан-ақ көрініп тұр. Материк аралық теңіздердің материктер арасында орналасса (оған мысал Жерорта теңізі), Ал құрлықшылық теңіздер-бір құрлықтің ішінде орналасады.(Азу, Балтық, Ақ теңіздер)
Шеткуі теңіздер мұхиттан аралдар арқылы немесе құрлыққа сұғына кіріп орналасады және мұхитпен еркін байланыста болады. Сондықтан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мен мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимдері көп ұқсастыққа ие. Шеткі теңіздерге Баренц, Чукот және т. б. теңіздерді жатқызуға болады.
Араларалық теңіздер үлкен аралдардың немесе арихипелагтардың арасында орналасады, мысалы, Фиджи және Бонда теңіздері.
Теңіздерді олардың шекарасын мөлшерін және тіпте аттарын белгілеу әлі де толық бекітілмеген . Тіптен теңіздердің саны жөніндегі әртүрлі ғалымдардың мәліметтері өзара едәуір айырмашылықпен сипатталады. Халықаралық гидрологиялық (ХГб) және ЮНЕСКО-нің үкімет аралық мұхиттану комиссиясының (МОК) мұхитану материалдарымен халықаралық дәрежеде алмасуды тәртіпке келтіру мақсатында қабылданған бөлшектнуіне сәйкес 59 теңіз бар. Олардың көпшілігінің марфометриялық сипаттамалары мұхиттар мен теңіздерде жоғарыда келтірілген бөліктермен қоса олардың сыр бейнесімен табанының бедерімен және гидрологиялық режимімен ерекшеленетін жекеленген бөліктерді және аудандарды бөліп қарастырады. Олар: шығанақ, бухта, лиман, лагуна, флорд және бұғаздар.