Дүние жүзі су қорларының ластамауы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға тән. Су ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды.
-биалогиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш биімді заттар;
-химиялық ластану; уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
-физикалық ластану; жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиооктивті заттар.
Судың сапасы, ластану денгейі үшін бақлауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың жүзден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы Мем СТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен көлдерге жіберу. Бұған жолберетіндері:
-трғын үй, комунналды шаруашылықтар;
-өнер-кәсіп орындары;
-ауыл шаруашылығын химияландыру;
-халық шаруашылығының басқада салалары;
Ағын суларға құйылатын мол сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін коллойдты, еритіндер), лас сула (минералдық, органикалық, бактериялдық, биологиялық) – деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58% минералдық заттар 42%-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулармен ситетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар- химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластану Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы-жай), зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезінде өте көп химиялық заттар қолдданылған.
Қазіргі кезде адамның қоршан ортамен қарым-қатнасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстардыб пайдалануы еселеп артырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондайақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамның денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл беруге табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу, төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгійлі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеумен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң; бір нәрсені зерттеу, түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кішігіріңкіреген де, кейді тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді.