Шаруашылығы. Тәуелсіздік алғанан соң он жылдықта Беларусь шаруашылығы терең дағдарысты бастан кешірді. Бұл, ең алдымен, Кеңес Одағының және социалистік елдер одағының ыдырауымен, аса маңызды шаруашылық байланыстардың үзілуімен байланысты түсіндіріледі. Құлдырау, әсіресе өндірістік салаларда күштірек байқалды. Соған қарамастан дағдарыс жылдарында беларусь Республикасы экономикалық әлеуеті мен халқының тұрмыс деңгейінің ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда онша үлкен өзгеріссіз сақталып қалды деуге болады.
Өнеркәсібі машина жасау және химия, мұнай химиясы өнімдерін шығаруға маманданған.
Машина жасау кешенінің басты ұйымдасу ерекшелігі — өндірістің бірнеше ірі өнеркәсіп орталықтарына шоғырлануы. Елдің машина жасау өнеркәсібінде автомобиль өндірісі жетекші орын алады. Минск, Могилев Жодино қалаларында орналасқан автомобиль зауыттары автомобильдер мен автопойыздар, тау кен өнеркәсібіне қажетті ауыр жүк таситын «БелАЗ» машиналарын жасайды. Салмағы 180 т болатын алып жүк машиналарының кузовына үш теміржол вагонының жүгі сияды. Бұл машиналар ТМД елдерінің көмір алаптарымен темір кеніштерінде, құрылыста ауыр жүк тасу үшін кеңінен қолданылуда.
Беларусь Республикасының машина жасау өнеркәсібі ауыл шаруашылығы машиналары мен трактор жасауға да маманданған. Бұл саланың жетекші кәсіпорындары « Минск трактор зауыты» деп аталатын өндірістік бірлестікті құрайды. Беларусь ТМД елдері арасында малазықтық дақылдар оратын комбайндар мен картоп жинайтын машиналарды, мал шаруашылығына қажетті құрал жабдықтарды шығаруда көзге түседі. Машина жасаудың басқа салаларының кәсіпорындары Битебск, Гомель, Брест, МИнск, Могилев, Пинск және т.б. қалаларда орналасқан. Кеңес дәуірінде Беларусь Республикасында жедел дамыған радиоэлектроника, оптика және электрондық есептеуіш машиналарын жасау салалары қазіргі кезде дағдарысты бастан кешіруде. Соған қарамастан 2004 жылы елде 1,3 млн-дай теледидар, 953 мың дана тоңазытқыштар мен мұздатқыштар жасалды.
Химия өнеркәсібі кешені күрделілігімен сипатталады, оның құрамына мұнай-газ, орман тау-кен химиясы салалары енеді. Әсіресе мұнай-газ химиясы айрықша көзге түседі, бұл сала Ресейден сатып алынатын шикізат негізінде қалыптасқан. Жергілікті Речица мұнай кен орнының ілеспе газдарын пайдалану мақсатында газ өңдеу кәсіпорыны іске қосылған. Бобруйск қаласында аса ірі шина өндірісі, Грундо қаласында жасанды талшықтар өндірісі жолға қойылған. Мұнай химиясы саласында да өндірістің шоғырлануы байқалады. Новополоцк қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауыты мен мұнай химиясы комбинаты «полимер» өндірістік бірлестігін құрайды. Оның өнімдерін дпйын бұйымдар (пластмассалар, жасанды талшықтар мен лак- бояулар) жасайтын басқа кәсіпорындарға жөнелтіледі. Беларусь жасанды талшық өндіру жөнінен ТМД бойыша 1-ші орын алады.
Өнеркәсіптің басқа салаларынан шыны өндірісі, ағаш өңдеу және жиқаз жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Беларусь кәсіпорындарында өндірілетін шыны бұйымдары және бағалы ағаш түрлерінен жасалатын жиқаздар ТМД елдерінде жоғары бағаланады. Тоқыма өндірісінде шеттен әкелінетін шикізат түрлерімен ( жүн, мақта, жібек) қатар, жергілікті зығыр талшығыда кеңінен қолданылады. Елде зығырды бастапқы өңдеуден өткізетін ондағы зауыттар бар. Орша қаласында қуаттылығы жағынан ТМД аумағында Кострома комбинатынан кейінгі ірі зығыр комбинаты орналасқан. Минск, могилев, Гродно және Лида қалаларында орналасқан былғары және аяқкиім фабрикалары жергілікті шикізатты пайдаланады. Тамақ өнеркәсібі ірі ет комбинаттарымен және сүт ірімшік, сүт-консерві зауыттарымен әйгілі, олар елдің барлық дерлік адандарында таралған.
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құны жөнінен егіншілікке қарағанда аздап басымдылық көрсетеді. Беларусь аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ауданы 10 млн га-ға жуық, оның 40 %-ға жуығын шабындықтар мен жайылымдар алып жатыр. Ірі қара мал басы 1990 жылмен салыстырғанда 30%-ға жуық қысқарғанымен, бұл көрсеткіш бойынша Беларусь ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Егістік алқаптары негізінен, елдің орталық бөлігінде орналасқан, мұнда жердің 60-80%-ға жуығы жыртылған. Полесье аумағында егістік көлемі құрғатылған батпақтар есебіненде ұлғайтылған. Егін шауашыоығында дәнді дақылдар басты орын алады, олар елдің барлық жерігнде өсіріледі. Техникалық дақылдар арасында зығыр айрықша орын алады. Зығыр көбінесе елдің солтүстігімен солтүстік батысында, қант қызылшасы орталық және батыс аудандарда, ал картоп елдің барлық бөліктерінде өндіріледі.
Көлік. Беларусь Республикасы тоғыз жолдың торабындағы орны көлік жүйесінің күшті дамуына себепші болды. Беларусь аумағы арқылы Шығыс Еуропа елдері мен РЕсейді, Ресей мен Украйнаны Балтық бойы елдерімен жалғастыратын құрлақтағы күре жолдар өтеді. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы 5,5 мың км –ден асады. Беларусь теміржолдары Ресейдің Еуропа елдерімен байланысында шешуші рөл атқарады. Халықаралық маңызы бар басты тасжолдар ( Мәскеу – Минск, Мәскеу – Варшава, Киев – Санкпетербург) Беларусь жері арқылы өтеді. Тасжолдардың жиілігі 1км-ге 350 шамасында болады. Елдегі құбыр жолдары жүйесі кеңес дәуірінде қалыптасты. Беларусь аумағы арқылы өтетін «Достық» мұнай құбыры Мозырь қаласы м екі тармаққа ажырайды Ресей жерінен баталып, Еуропаға бағытталған газ құбырлары жергілікті құбыр жүйелерімен бірге Республиканы табиғи газбен қамтамасыз етеді.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарына Еуропа елдерімен Ре сей басты орын алады. Әсіресе соңғы жылдары Ресей мен одақ құруы және кедендік бөгеттердің жойылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайта түсті. Беларусь Ресейден жасанды каучук, мұнай мен газ, көмір, электр энергиясын және қара металлургия өнемдерін, өсімдік майын сатып алады. Беларусь экспортында Германия мен Польшаныңда үлесі жоғары. Беларусь шетке машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал жабдығын, Жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін сатады.
Елде 1,5 мыңға жуық бірлескен, 500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл істе әсіресе Польша, Германия, италия және АҚШ фирмалары белсенділік көрсеткен. Беларусь экономикасында дүниежүзінің 66 елінің инвистициялары тартылған, қаржы көлемі жөнінен АҚШ пен Германия жетекші орын алады.