Төлен Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды» хикаятының тақырыбы мен сюжеттік желісі

Мамышова Г.Ә. — «Астана» университеті студенті

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып – өнер туындысының ірге тасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, — дейді Валентин Катаев, — пайда болады да жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді. Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары – өз шығармасының тақырыбы» [1, 159]. Ал тақырып дегеніміз не деген сұраққа академик Зейнолла Қабдолов: «Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік», — деп жауап береді. З. Қабдоловтың тақырып – шығармаyың негізі, арқауы деген пікірімен келесе отырып, профессор З. Ахметов: «Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары», — деп одан әрі нақтылай түседі [2, 193]. Енді осы теоретиктердің тұжырымдамаларына сүйене отырып «Тозақ оттары жымыңдайды» хикаясының тақырыбын шығарма мәтінінен үзінді алып талдайық. Бұдан кейін Янумака ормандағы рухтар, о дүниедегі өмір туралы әңгімеге көшеді. Кеш түсіп, ымырт жабылады. Орман алқабы қарауытып, кенет жоғарғы жақтағы ақ адамдардың мекен – тұрағы тұсынан қаз қатар жылтараған ғажайып оттар көрінеді. Олар жанған отқа ұқсамайтын, жұлдыздар секілді жымыңқаққан, ерекше бір сәуле, сиқыр оттар еді.

–Тозақ оттары!.. – дейді Янумака күбірлеп, –Тозақ оттары жымыңдайды… Көріп тұрсыңдарма? Тозақтың оты!!! А-а-а!!![ 3. 323б]

Тозақ оттары жымыңдайды деген шығарманың, тақырыбы кез келген оқырманның ой- санасын бірден жаулап алары хақ. Не үшін Тозақ оттары? Жалпақ тілмен алғанда Тозақ — мұсылмандық ақырзаман туралы ілімде күнәһар мен дінсіздердің о дүниеде жазаланатын орны. Тозақ құрбандары отқа жанатыны, отты шынжырларымен бұғауланып, қатты азап шегетіні айтылады. Тозақтағыларға оттан киім кигізілген төбелерінен қайнап тұрған су құйылады. деген тұжырымдар туындайды. Араку тайпасының тыныш, бейбіт өмірінің тас-талқанын шығарып өмірлерін тозаққа айналдырып, жалмап жұтады. . Янумака абыз шалдың айтқанындай орман алқабындағы ақ адамдардың атқан оқтары көкте жарқыраған құбылыстарды міне тозақ оттары деп түсіндірді. Иә тозақ оттары болмағанда енді не деп елестетеміз көз алдымызға. Елінің тыныштығын бұзып, халықын тоқырауға шалдықтырып, қуғын- сүргінге ұшыратып, бастарын тауға да, тасқа да соғып есеңгіреп, жанын қоярға жер таппай жүрген халық үшін тозақ деген осындай жағдайға тап болғаны еді. Ал әділдікке ұмтылған, тәуелсіз болуға талпынған халық сол бір тозақтың оттарын сөндіруге барын салып, Елінің амандығы үшін кеудесін оққа тосты, қаншама халық жол бойында қырылып қалды. Әйелдері жесір, перзенттері жетім қалды. Осы жағдайда А.Сейдімбектің

Еліміз – ауды, жеріміз – тозды;

Бүгініміз – тұман, ертеңіміз — мұнар;

Сенеріміз жоқ, секеміміз көп;

Жан шыққан жоқ, үміт өлген жоқ; деген өлең жолдары еріксіз ойымызда жүзері анық. Иә бұлардыңда үміттері өлген жоқ. Қаншама үндістер үміттерін арқалаған күйі жау қолында қаза тапты. Соңында Жеңіс туын ақ адамдар өз тізгініне алды. Осылайша үндістер бір жолы тарихтан жойылды. Иә тозақ деген, өзінің халқыңның, дініңнің, тіліңнің, ұрпақтарыңнын бір жола жер бетінен жойылуы еді.

Тақырыпты бірнеше қырынан алып қарастыру кездеседі. Шығарманы жазудағы автордың ой – ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып — алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың, суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбер – шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып- ол шығарманың мазмұнының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылған, суреттелген жағдайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы.[2. 193б] Мысалы: Янумака көздері бақырайып, қырылдаған қорқынышты үнмен: «Әне, әне, әне!!!» деп қолын шошайтып, сүріне – мүріне тұра қашады. Зәрелері ұшқан балалар да тым-тырақай жүгіріп, лашықтарына жеткенде бір – ақ тоқтайды.

Янумака шал сол үрейден ақыры арыла алмады. «Азаның ақыры» мейрамынан кейін, көп ұзамай жынданып өлді. Жан тапсырар алдында: «Тозақ оттары жымыңдайды», — деп сандырақтапты.[ 3. 323б]

«Өлім — құрдым, өмір — өзен, жоғалат,

Өсер өзен тұрмыс жасын сорғалап.

Тағдыр желі еркіні қоймай айдаса,

Сорлы қу бас қайда кетпес домалап.», — деп Б.Күлеев жырлағандай адамның басы алланың добы, өмірде өлімнен қашып құтыла алмайсын дегендей Янумака осылайша тозақтың оттары жымыңдаған шағында жан тапсырды.

Автор міне Янумаканың соңғы сөзін өз шығармасының тақырыбына айналдырды. Неге дейсіңғой? Яғни бұл шығарманың негізіг арқауы, осы бір адам жанын шошытатын тозақ отын сөндірудегі адамдардың тағдыры, сол бір оттан аман қалған Эдуард Бейкеррдің тар жол тайғақ кешу өмірін суреттеп отыр. Бұл жердегі автордың тақырыпты бұлай атауының басты идеясы Бразилиядағы үндістердіің тарихын суреттеу арқылы бодандықта бордай езілген ұлтымыздың жайын күйіттеген еді. Енді міне заман өзгерді өз тізгініміз өзімізге тиді, жоғалтқанымызды қалыпқа келтіріп, жоғымызды түгендеуге кірістік. Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, ерлік қылсаң жығарсың дегенді ұрандап жауымызды жермең жексен етіп жықтық. Біз жәннатта ғұмыр кешіп жатырмыз. Яғни тыныштықтың, осы тәуелсіздіктің қадір қасиетін, қазақтың қазақ болып қалыптасуындағы қан мен терін, және адам бойына ерекше еліне деген ыстық сезімнің ұшқынын септі қалың оқырманға.

Бәрі бекер,

Мен – бекер»,- деп өсіппін.

Су кешіппін.

Тәуелсіздік!

Сен неге көп кешіктің?

Кешіксең де,

Аяулым,

Ішіндесің

Аялаған алашым ақ бесіктің»,- деп Бағаев жырлағандай тәуелсіздік әр қазақтың жалғыз ұлы. Тозақ отын сөндірудегі яғни пенденің бойына сіңген қатыгездік, ашкөздік, арамдық, алаяқтық, екіжүзділік, атаққұмарлық, билікқұмарлық, ақша құмарлық, ұрлық-қарлық, имансыздық секілді адам басын тозаққа сүйрейтін осы бір оттарды адам бойыннан сөндіруді де қалың оқырманға насихаттап отыр. Тақырып арқылы берілген шығарманың сюжеттік желісіне назар аударайық. Сюжет – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым – қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі – сыртқы қимыл – әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. [1.177б ] Мысалы: – Өзенге, өзенге! – деп тынбай айғайлайды әлдекім. Шешесі орманға кіргеннен кейін де ұзақ жүгірді. Мылтық дауысы саябырлаған кезде барып, Киякуді бауырына басқан күйі қалың шырмауықтың арасына құлай кетті. Қолындағы ортасынан сынған шолақ найзасын оңтайлап, айналасына ашынған аңның жүзіндей жабайы қызғанышпен жауыға қарайды. Кияку алғашқыда шешесі екеуінен басқа ешкім де аман қалмаған шығар деп ойлаған. Бірақ олай болғанды. Күн көтеріле-ақ тым-тырақай босып кеткен халық бір-бірлеп бас құрап, қару асынған еркектер бірөңкейленіп, шоғырлана бастады. Кияку бұтақ жырып кеткен тізесіне жапырақ жапсырды.

Шығармадағы бұл үзіндіден сюжеттің белгілі қимыл-әрекет жүйесінде, қозғалыс, даму үстінде көрінгеннен бірден аңғарамыз. Бұл жердегі қалың шырмауық жаудан жанын арашалап қалу үшін ана мен баланы қойнына қысқан құбылыс бір сәт көз алдымыздан қолымызбен түртіп қалардай күйде елестетеміз. Қызғаныш деген сезімге жан бітіп ол өзінше ана мен баланы құтқарардай күйге еніп айналасына қарайды. Күннің көзі шыққанның, еңсесі түсіп жаудан жеңілген араку тайпасына мұңаймаңдар, еңселеріңді көтеріңдер, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарыңдар деп жігерлендіріп өзінің жылуын төгіп, бауырына қыса басқандай керемет сурттелген. С.торайғыровтың «Қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, күн болмаған да кім болам»,- деген сөзіде осы бір сюжетпен үндесіп жатқандай.

Сюжеттің басталуы – оның кіріспе іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. [З.Қабдолов. 185б] Мысалы: Үндістер отанын қазір «Жасыл тозақ» деп атайды. Бірақ Амазонканы тозаққа айналдырған улы жыландар мен ауру тарататын масалар емес, түпсіз құрдым батпақтар мен ажал көлдері де емес, адам жегіш балықтар мен қаймандар да емес… кәдімгі өркениет пен мәдениет апармақ болған «ақ ниетті» ақ адамдар. Мына сіздің…

–А-а! – деді доктор тағы да естімей қалғандай.

–Мен алғашқыда жергілікті тайпалардың этнографиясы, әдет –ғұрпы, салт – жоралары туралы жолжазба стилінде көлемді мақала жазбақ болғам. Бірақ мен кеш қалыппын. Тайпалардың көбісі жер бетінен мүлде құрып кеткен. Мәселен Арипуана өзенінің бойындағы цинта ларга тайпасын пулементпен қырыпты. Кейін ұшақпен жүріп тексергенде, бірде-бір үндістің тірі қалмағаны айқылдалған.[ Т.Ә. 304,305б]

Мұнда автор оқырманын болашақ оқиғалар орнымен, адамдар тіршілік етер ортамен таныстырып, шығарманың басты кейіпкеріменде таныстырып кетеді. Сюжет арқауындағы тартыс басталмас бұрын оқырманды елмен жермен, негізгі оқиғаларға қатысты адамдардың өмір тіршілігімен, осы ортадағы жалпы негізгі шығарманының тақырыбымен де таныстырып кетеді. Шығарманың сюжеттік басталуы журналис пен доктор Эдуард Бейкердің арасындағы сұхбат арқылы басталады. Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.[З.Қ. 187б] Айталық осы шыарманың сюжеттік байланыс Кияку алғаш рет өзін жауапты, аманат арқалаған адам кейпіне еніп кеудесіндегі бір жалынның жалындауы.

-Бір үмітім – осы ұлым. Мендегі барлық қасиет, кие осыған қалмақ.. Бүгіннен бастап менің жалғыз ұлым Киякуды аракудың сегізінші бақсысы деп біліңдер.

Бақсылар отты қоршап, тізерлееп отырды. Әкесі оттанжанып жатқан бұтақты көтерді де:

–Ант бер! – деді Киякудың қолына ұстатып жатып.

Кияку не дерін білмей, жалтақтап әкесіне қарады.

–Мен, араку тайпасынан шыққан Ұлы бақсы Чоро баласы – Кияку… — деді әкесі айбарлы, биік үнмен аузына сөз салып.

–Мен араку тайпасынан шыққан Ұл бақсы Чоро баласы Кияку,- деп қайталады Кияку. [Т.Ә. 331б] Байланыс соншалықты ұтымды, сәтті қиыстырылған. Құбылысты автор бұл арада ауызекі аңыздамайды, адамның ішкі жандүниесін етене суреттейді. Киякудың атақты Эдуард Бейкер атануы міне осы сәттен, ата жолын қуған сегізінші бақсы атанып, әкесінің бойындағы барлық қасиетін осы сәттен бастап өзінің өн бойына сіңірді. Киякудың ант берудегі іс қимылдары барлық құбылыстарды кез келген оқырман кәдімгідей сезінеді, көз алдына елестетіп көреді, түйсінеді. Сюжеттік байланыс Киякудың кеудесіндегі тұңғыш адам жанын емдейтін сезімді сезінгеннен басталады. Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым – қатынасынан, қимыл – әрекетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысты. Шебер өрбіп, өріле өрістеп бара жатқан сюжет оқырманды да қызықтыра тартып, үйіріп, жетелеп отырады.[ З.Қ 180б] Мәселен: Кияку орнынан тұрды. Әлденеге көзінің алды қарауытып, жүрегі шымырлап, сыздағандай болды. Ол мұнысын ешқандай жақсылыққа жорымайтын еді. Сылдыр еткен дыбыстан сезіктеніп, артына жалт қарағанда бұты арасынан мылтығын кезеп, аспай – саспай жақындап келе жатқан ақ адамды көрді. Әке:

–Қашу керек, – деді ақырын ғана.

Ол осыны айтып, мүлде жайбарақат тұрды да, көз ілеспес шапшаңдықпен беліндегі балтасын суырып алып, жіберіп қалды.

Мылтық даусы да гүрс етті. Киякудың соңғы көргені– қалпағы ұшып, құлап бара жатқан ақ адам мен кеудесін ұстап, бір бүйірлеп шөккен әкесі. [ Т.Ә.334б] Автордың бұл үзіндісінен сюжеттің ерекше даму үстінде суреттелгенін көреміз. Араку тайпасы жау қолына беріліп баражатқан бейнесі, өзінің жасының кішкентайлығына қарамастан елі үшін, жері үшін әкесімен бірге соғыста жауды жоюға бар күшін салады. Сюжеттің дамуы желісі шебер өрілген, шығарманы оқыған оқырман ендігі бұл тайпаның тарихы қандай болмақ деп елең етері белгілі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.З.Қабдолов. Сөз өнері. Алматы: Санат. 2003. -528б

2.Т.Әбдікұлы. «Парасат майданы».Алматы: Ратритет. 2012.-616бет

3.З.Ахметов. «Әдебиеттану терминдер сөздігі». Ал. 1992ж