Кеңестер Одағын құру туралы 1922 жылғы Шартта Одақтағы және республикалардағы атқарушы өкiмет орындарының құрылымы анықталған болатын. Одақтық үкiметтiң құрамында төраға және оның орынбасарының лауазымдарынан кейiн, сол кезде халық комиссарлары деп аталған министрлердiң ең бастысы болып сыртқы iстер халық комиссары белгiленген едi, ал одақтас республикалар үкiметiнiң құрылымында мұндай ведомоство мен қызмет болған жоқ. Сыртқы саясат толығымен Одақтың, әғни Мәскеудiң құзырында болды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындылары алдағы халықаралық құрылымдарға өзiнiң түзетулерiн енгiздi. Соғыстың соңына қарай, 1944 жылдың өзiнде-ақ µлттар лигасының орнына Бµµ құруға әзiрлiк барысында Мәскеу оның құрамына одақтас республикаларды енгiзудi көздедi.
Осы мақсатпен 1944 жылдың көктемiнде республикаларда сыртқы iстер халық комиссариаттары құрылды, кейiннен бұлар сыртқы iстер министрлiктерi болып өзгердi. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Сыртқы iстер халық комиссариатын құру туралы Жарлығы 1944 жылдың 13 сәуiрiнде шығып, осы жылғы тамызда тұңғыш сыртқы iстер халық комиссары болып Төлеген Тәжiбаев тағайындалды. Бұған дейiн ол 1941-1944 жылдарда Республика Министрлер Кеңесi төрағасының орынбасары болған. Ендi ол осы екi қызметтi де 1957 жылға дейiн қоса атқарды. Осы аралықта бiраз уақыт ҚазМУ-дың ректоры болды.
Крупская атындағы Мәскеу академиясының түлегi Т.Тәжiбаев бiлiмдар мемлекет қайраткерi болды. Педагогика ғылымының докторы, 1949 жылы профессор атағын алды. Ал 1954 жылы Қазақстан ±ылым Академиясының академигi болып сайланды. Ол мемлекеттiк және ғылыми-педагогикалық қызметтi шебер сабақтастырды, педагогика саласында бiрнеше ғылыми еңбектер жазды.
“Менiң осы бiр ерекше адаммен тiкелей таныстығым болған жоқ, — деп жазады белгiлi дипломат М.Есенәлиев, — бiрақ 1961 жылы Комсомол ОК-нiң хатшысы қызметiнде жүргенде, ол шетелден қайтып оралғаннан кейiн, мен бiрнеше рет оның студенттер және Алматы қаласы жұртшылығымен кездесулердегi сөзiн зор ықыласпен тыңдадым” /25/.
Жоғарыда аталған лаузымдарға дейiн ол 1938-1940 жылдары Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушiсi, ал 1940-1942 жылдары оқу ағарту министрiнiң орынбасары қызметiнде еңбек еттi. ¶кiмет мүшесi ретiнде бiрнеше рет республика Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты және Қазақстан Компартиясы ОК-нiң мүшесi болып сайланды. Сыртқы iстер министрi қызметiнде Т.Тәжiбаев КСРО делегациясының құрамында үш мәрте Бµµ Бас Ассамблеясының Қамқорлық жөнiндегi комитетiнiң төрағасы болып сайланды.
Сол бiр қиын уақыт, қатал жағдайларда республиканың сыртқы саясат ведомствосы формальды түрде емес, толыққанды және кәсiби жұмыс жасауына Т.Тәжiбаевтың қосқан үлесi зор.
Бiрiншi Халық комиссарының Қазақ КСР-ы сыртқы iстер комиссариатын дүниежүзiлiк қауымдастық пен халықаралық ұйымдармен кең көлемдi ынтымақтастық жүргiзуге дайындау жөнiндегi қызметi республикамыздың дипломатиялық кадрларының бiрнеше буынын дайындауға ықпал еттi: КСРО СIХК-iнде төрт қазақстандық дипломат тәжiрибеден өттi; шет елдердегi елшiлiктерге iссапарға жiберу үшiн резервi дайындалды; Ресей дипломатиялық мектебiне сырттай оқуға сегiз адам рәсiмделдi.
Т.Тәжiбаев уақыттан озып, сол кездiң өзiнде республикамызды толық көлемдi тәуелсiз сыртқы саяси қызмет жүргiзуге дайындады.
Оның бастамасымен кеңес-үндi достық қоғамының делегациясы құрамында М.Әуезов те ¶ндiстанға барды. Бұл сапардың қорытындысында классиктiң атақты “Менiң ¶ндiстаным” атты очеркi дүниеге келдi.
Тәжiбаевтың ата-анасы оба жайлаған кездерде қайтыс болады. Жетi жасар баланы Арыс темiр жол стансасының қызметкерi И.Кабановтың отбасы асырайды. Алдымен қойшы, сосын география пәнiнiң мұғалiмi болып iстейдi.
1957 жылы Қазақстанның басшылығында ұзақ жыл қызмет еткен адамның тағдыры күрт өзгердi. Оны тез арада ¶ндiстандағы Кеңес елшiлiгiнiң кеңесшi-уәкiлi қызметiне жiбередi, мұнда ол 1961 жылға дейiн еңбек еттi.
Дипломат отанына оралғаннан кейiн бiрнеше ай жұмыссыз қалды. Кезiнде оны шет елге жiберген басшылық, ол елiне қайтып оралғаннан кейiн оған ешқандай қызмет ұсынбады. Осынау iрi тұлға өзiнiң кафедрасында профессор ретiнде оқытушылық қызметпен шұғылданды.
Ол қазақ оқымыстыларының iшiнде бiрiншi болып “ұлттық мiнездiң ерекшелiктерi белгiлi жағдайлар мен заманның жемiсi” екендiгiн ғылыми түрде дәлелдеп, белгiлi педагог К.Д.Ушинскийдiң “халықтық мiнез мұраға берiледi” деген топшылауын жоққа шығарады.
Сыртқы iстер халық комиссариаты туралы алғашқы құжаттарды, оның ережесiн, құрылымын, штатын Т.Тәжiбаев әзiрлеген екен. Өзiнiң алқасы бар мықты сыртқы саяси ведомство құруды көздептi.
Т.Тәжiбаев тек республикада ғана емес, Одақтағы iрi тұлғаның бiрi болды. Әдетте, Бµµ сессиясына одақтас республикалардың өкiлдерi кезектесiп баруы керек болса да, ол Бµµ сессиясына үш жыл қатарынан жiберiлдi.
Т.Тәжiбаев мемлекеттiк қайраткер ретiнде қажыр-қайраты толыққан шағында, небәрi 54 жасында дүниеден өттi.