Журналист әдебi және визит карточкалары

Iскерлiк қарым-қатынастардан басқа, ресми және ресми емес сипаттағы өзара байланыстар да болып жатады. Мәселен, құттықтау, көңiл айту, құттықтауға және көңiл айтуға жауаптар, т.б.

Визит карточкалары шағын форматтағы (ерлер үшiн 5х9 см, әйелдер үшiн 4х8 см) қатты картоннан жасалады. Жоғары лауазымды қызметкерлер кейде 6х10 форматтағы визит карточкаларын ұстайды.

Дипломатиялық қызметкердiң визит карточкасында аты-жөнi мен қызметi жазылады да, үй адресi мен телефон нөмiрi көрсетiлмейдi.

Бұдан басқа да елшiде тек қана қызметi мен қызмет телефоны көрсетiлетiн, тек аты-жөнi ғана жазылатын, ағылшын тiлiнде толтырылатын бiрнеше визит карточкалары болады.

Карточканың артқы бетi елшiнiң қосымша жазбалары үшiн бос тұрады.

Түсi не алқызыл, не көгiлдiр, кейде қара болады.

 

ØÀÕÀÍΠ̽õòàð

²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû»

Ò¼òåíøå æ¸íå ´êiëåòòi Åëøiñi

²ûð¹ûçñòàí

Визит карточкалары мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. Құттықтағанда. Мұндайда белгiленген тәртiп бойынша төиендегiдей белгiлер соғылады: P.F. — құттықтау; P.F.N.A. — Жаңа Жылмен құттықтау; P.R.F.N.A. — Жаңа Жылмен құттықтағаны үшiн алғыс сезiмiн бiлдiру.
  2. Көңiл айтқанда. Оған P.C. белгiсi соғылады.
  3. Алғыс бiлдiргенде. P.R. белгiсi соғылады.
  4. Елден қайтар кезде. Қоштасқандығын бiлдiретiн P.P.C. белгiсi соғылады.
  5. Таныстырғанда. P.P. белгiсi соғылады.
  6. Қабылдауға шақырғанда. Карточкаға кездесу орны мен уақыты толық жазылады.
  7. Мекенжай ауыстырғанда.

Визит карточкаларына қол қойылмайды және мерзiмi көрсетiлмейдi.

Визит карточкаларының қолға тигендiгi жөнiндегi жауап 24 сағаттан кешiктiрiлмей берiлуi тиiс.

Әйелдер ешуақытта бойдақ ер адамға визит карточкасын жолдай алмайды.

Мәселен, немiстер қолына дәмге, тұсаукесер рәсiмге, ресми қабылдауға шақыру қағазы тисе, ондай шарадан әсте қалмайды. Оның сыры мұндай рәсiмдер iшiп-жеу емес, iскер әңгiмелердi пiсiрiп, бәтуаласып алу мақсатында ұйымдастырылады деп есептейдi. Бiздегiдей ас та төк дастархан үстiнде бос дырдуға ерiк беру бұлардың әдетiнде жоқ. Қажет әңгiменiң басын ашу үшiн қажет адамдарын жинайды. Сондықтан қолына ықылас аудару қағазы тиген адам айтылған уақытта айтылған жерге келмек. Дипломатияда да сондай.