Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгi: қалыптасу және даму қадамдары

1994 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiнiң сессиясы одақ-республикалық сыртқы iстер Халық Комиссариатын құру туралы Заң қабылдады. Сыртқы iстер Халық Комиссары болып 4 тамыз күнi Төлеген Тәжiбаев тағайындалды. Ол белгiлi ғалым, Қазақстан ±А-ңың корр-мүшесi, профессор, ҚазМУ-дың ректоры болып қызмет атқарып жүрген-дi. Кейiн ол бес жылға жуық КСРО-ның ¶ндiстандағы елшiлiгiнiң кеңесшi өкiлi болып қызмет еттi. Т.Тәжiбаев 1950, 1956-1967 жылдары Бµµ Бас Ассамблеясының сессиясының жұмысына қатысқан тұңғыш қазақ ретiнде тарихта қалды. Бµµ-ның қамқорлық iстерiмен айналысатын комитетiнiң жұмысына белсене араласты.

Он жылдан соң 1966-1970 жылдары Бµµ сессиясының жұмысына Қазақстан сыртқы iстер министрi Балжан Бөлтiрiкова араласты. Ол бұған дейiн халық ағарту министрлiгiн, әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгiн басқарған болатын. Республика Сыртқы iстер министрi қызметiн ол Министрлер Кеңесiнiң төрағасының орынбасары қызметiмен қоса атқарып жүрдi.

Сыртқы iстер министрi қызметiн тiкелей атқарған Мәлiк Сабырұлы Фазылов болды. Ол МГИМО-ны бiтiрген алғашқы қазақ болатын. Дипломатиялық карьерiн тiкелей Сыртқы iстер министрлiгiнде бастады. 1951-1956 жылдары бiрiншi хатшы, министр көмекшiсi қызметтерiн атқарды. 1973 жылы министр болып тағайындалды. Жаңа министр Министрлер Кеңесiнен жеке бөлiнiп шығып, арнайы дипломатиялық штаттарға ие болды. Консульдық және хаттамалық бөлiмдер ашты. Шет тiлiн меңгерген жастарды жұмысқа тарта бастады. Ол осы қызметте үш жылдай болды. 1976 жылы шетелге қызметке кеттi. Отставкiге кеткенше 14 жыл бойы КСРО-ның алдымен Малидағы, сосын Мароккодағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi болып қызмет атқарды.

Одан соң Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiн белгiлi ғалым-филолог М.Базарбаев басқарды. Бұл кезде республика Азия, Африка елдерiнен делегациялар қабылдаумен ғана шектелдi. Базарбаев бiр мәрте ғана қоғамдық делегация құрамында шет елге шыға алды.

1981 жылғы жаз айларынан министр болып Михаил Есеналиев тағайындалды. Бұған дейiн ол 12 жыл бойы Орталық Комитеттiң мәдениет бөлiмiн басқарған-тын. Бұл кезеңде Мәскеудегi Дипломатиялық академиядан бiлiм алу өте қиын болды. Қазақ мамандары үшiн Одаққа есiк жабық едi. Орталық пен шет елде Қазақстаннан бар-жоғы 25 адам ғана кiшi қызметтерде жұмыс iстедi. Ал, жалпы, дипломаттар әзiрлейтiн екi оқу орны болды: МГИМО және Дипломатиялық академия. Қазақстандықтарды тек Азия-Африка елдерiне ғана жiберетiн. Ең жоғары көтерiлгенi кеңесшi не 1-шi хатшы болатын.

Дамыған елдерде санаулы адамдар ғана жұмыс iстедi. Мәселен: Нью-Йоркте – Бµµ-да аудармашы Айдар Шаяхметов; Парижде – ЮНЕСКО өкiлдiгiнде Сапар Жұматов; Венгрия мен Румыния елшiлiгiнде – кеңесшi Достем Райымбеков.

Орыс тiлдi Қазақстандықтарды да дамыған елдерге жiбере бермейтiн. Алматы қалалық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Николай Дыхнов пен Қостанай облыстық комсомол комитетiнiң бiрiншi хатшысы Борис Темпиков – Болгарияда, Талдықорған облыстық партия комитетiнiң хатшысы Виктор Солидолов – Иранда кеңесшiлiк қызмет атқарды. Тек 1986 жылғы оқиғадан соң ғана Қазақстан Орталық Комитетiнiң екiншi хатшысы Олег Мирошхин Замбияға КСРО елшiсi болып орналаса алды.

Мәскеуде Сыртқы iстер министрлiгiнде дипломат С.Сүндетбаев, Йемен мен Иракта Диас Хасанов, Ауғанстанда Қайрат Есеновтер жұмыс iстедi. ¶шеуi де ерте дүние салды.

1982 жылдан бастап ¶кiмет арқылы шетел мерзiмдi басылымдарын алуға қол жеткiзiлдi. Сол жылдары Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгi ТАСС хабаршыларын, ²Тайм², ²Шпигель², ²Штерн², ²Экспресс², ²Проблемс оф комюнизм², ²Пари мач², ²Комбо 16², т.б. басылымдар мен ағылшын, араб, қытай тiлдерiнде газеттер алып тұрды.

Дипломаттарға шет тiлiн бiлгендерi үшiн үстеме ақы төленетiн болды.

Уақыт өте келе Қазақстанның жас дипломаттарын КСРО елшiлiктерi арқылы Германияда, Қытайда, Болгарияда, Сирияда, ¶ндiстанда, Йеменде, Лаоста, Ауғанстанда, Ливияда, Вьетнамда, Иракта бiлiмдерiн жетiлдiрiп қайтуға мүмкiндiктер туды.

Бүгiнде олар — ±ани Қасымов, Бақтияр Тайжан, Ерлан Ыдырысов, А.Хамзаев, Б.Тұрарбеков, А.Қожақов, т.б. түрлi салаларда қызметтер жасауда.

Тәуелсiздiк алғаннан соң бiрқатар елшiлерiмiз iрi мемлекеттерге қызметтерге орналасты. Е.Ыдырысов – Бµµ өкiлдiгiне, А.Хамзаев – АҚШ елшiлiгiне, С.Держнев – Германияға, К.Қабдешов – Францияға, А.Ахметов – Түркияға, Б.Тұрарбеков пен Е.Қожақов — Қытайға, Б.Тайжан – Египетке жұмысқа тұрды.

1989 жылы қазан айында Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова министр болып келдi. Бұған дейiн ол шетелдермен достық және мәдени байланыс жөнiндегi қазақ қоғамының төрайымы болып қызмет еткен болатын. Ол Сыртқы iстер министрлiгiн екi жыл ғана басқарды. Бµµ-дағы Қазақстанның тұрақты өкiлi болып кеттi.

Тәуелсiздiк тұсындағы алғашқы министрiмiз Төлеутай Сүлейменов болды. Министрлiк құрамында С.Құрманғожина, Қ.Тоқаев, В.±иззатов, С.Батыршаев сияқты бүгiнде елге танымал қайраткерлер жұмыс iстедi.

Сыртқы iстер министрлiгiн құру оңай iс болған жоқ. Бiздiң сыртқы саяси қызметтегi дәстүрiмiз жұтаң едi, өйткенi, ол кеңес одағы кезiнде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын. Сыртқы саяси қызметтiң тиiмдiлiгi көбiне дипломатиялық кадрларға байланысты шешiледi. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы iстер министрлiгiнiң Орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс iстеп жүрген қазақстандықтар елiмiздiң сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылды.

1992 жылғы 2 шiлдеде Республика Президентi Жарлығымен “Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi туралы” Ереже қабылданды.

1993 жылы министрлiк басына Қанат Саудабаев келдi. Республикамыз Бµµ-ға және ондаған халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiздiгiмiздi 117 мемлекет мойындады. 108 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. 40 елде Қазақстан елшiлiктерi ашылса, шет мемлекеттердiң Қазақстанда 56 өкiлдiктерi орнықты.

1994 жылы республикаға 12 жоғары маманданған дипломаттар келдi. Солардың бiрi Қасымжомарт Тоқаев Сыртқы iстер министрлiгiнiң тұтқасын ұстады. Ресейдегi елшi Т.Мансұровтың ²Казахстан и Россия, опыт стратегического партнерства², Қытайдағы елшi Қ.Сұлтановтың ²Казахстан и Китай – добрососедство на путях взаимовыгодного сотрудничества², Қ.Тоқаевтың ²50 лет ООН², ²Под стягом независимости² жинақтары жарық көрдi.

1999 жылғы қазан айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов болды. 2002 жылдан Қасымжомарт Тоқаев.