Қазақстан Ркспубликасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келуi мүмкiн едi.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Назарбаев өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан “Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегiнде атап көрсеттi. Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi. Мұның мәнi — әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң нақты мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара сенiмдiлiк сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге асырудан басталды:
- мемлекетiмiздiң тың сипатын танытуымыз;
- Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз;
- әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде әлемнiң 92 мемлекетi елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар – АҚШ, Ресей, µлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясат тұжырымдамасында көршi мемлекеттермен аралағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдылық бердi.
1991 жылы тәуелсiз елiмiздiң сыртқы саясаты анық белгiленiп, Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң маңызды бөлiгiне айналды. Өзiнiң геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетiне орай Қазақстанның тар ауқымдағы аймақтық проблемаларға тұйықталып қалуға құқығы жоқ. Осы мақсатта ел шекарасының бүкiл бойында сенiмдi ²қауiпсiздiк белдеуi² жасалды. Бүгiнде Қазақстанның бiрде-бiр мемлекетпен арада қарама-қайшылық проблемасы жоқ.
Ең алдымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысты саясатқа айрықша мән берiлдi. Бұл тұрғыда Қазақстан – Ресей қарым-қатынастарын бөлiп айтқан жөн. 1998 жылғы 6-шiлдеде Мәскеуде қол қойылған ХХI ғасырға бағдарланған мәңгi достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияның екi ел үшiн тарихи маңызы зор. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi шешiлдi. 10 жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жасалып, қаржы мәселелерiн реттеу туралы келiсiмге келдi. Бүгiнгi күнге дейiн Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден аса маңызды құжаттарға қол қойылды.
Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастыққа қанағаттанарлық бiлдiру үшiн бiзде барлық негiз бар. Олармен мәңгi достық туралы шарттарға қол қойылды. Екi жақты салық салудан бас тарту, электр энергиясын пайдалану, еркiн сауданы дамыту, өзара инвестицияны қолдау туралы келiсiмдер ратификацияланды.
Қазақстан 1997 жылғы маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжiкаралық бейбiт келiсiмдердiң кепiлi ретiнде Тәжiкстанда берiк азаматтық татулық орнатуды ұдайы жақтап келедi. Орталық Азия елдерi оңтүстiк шекараларын қорғау, дiни экстремизмге, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi заттарының заңсыз айналымына, қару-жарақ контрабандасына қарсы бiрлесе күрес жүргiзуде. Соның негiзiнде Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы қалыптасты.
Украинамен, Кавказ мемлекеттерiмен, Белорусьпен, Молдовамен саяси және экономикалық ынтымақтастыққа үлкен үмiт артылуда. Бұл мемлекеттермен арада көптеген құжаттарға қол қойылып, өзара ынтымақтастық еркiн дамуда.
Қазақстан үшiн Қытаймен ынтымақтастықтың зор маңызы бар. Бұл үздiксiз iлгерiлеу бағытында дамып келедi. Сауда-саттық көлемi ұлғайса, саяси байланыстар тұрақтанды. Қытаймен арадағы шекара анықталды. Ендi сол елге мұнай құбырын тартуға үлкен мән берiлiп отыр.
Жалпы, Қазақстан — Қытай байланыстары төңiрегiнде бiраз проблемалардың бар екендiгi даусыз. Ресей баспасөзiнiң мәлiметтерiне сүйенсек, Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары бүгiнгi таңда Қытай мен Қазақстан және Ресеймен арадағы шекара мәселесiне үлкен мән берiп, дау тудырып отырған көрiнедi /20/.
Қазақстан – Жапония қарым-қатынастарының экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық салаларының болашағы да зор болып отыр. Жапония күнi бүгiнге дейiн Қазақстанға iрi мөлшерде қаржылай жәрдем көрсетуде.
Моңғолия үкiметiмен екi жақты қарым-қатынастардың түрлi салаларында да тұрақты жұмыс байқалады.
Сыртқы саясатта Түркия мен Иран сияқты мемлекеттерге маңызды мән берiлуде. Әсiресе, Түркиямен әрi саяси, әрi экономикалық байланыс нығая түстi. Бұл елмен энергоресурстарымызды тасымалдау саласында белсендi жұмыстар жүргiзiлуде.
Сауд Арабиясы Астана қаласын көркейтуге шектеусiз көмек көрсету үстiнде.
Қазақстанның Парсы шығанағы елдерiмен ынтымақтастығы елеулi дамып келедi. Ол елдердiң инвестициялық қызметi неғұрлым белсендi болуда.
Египет, Палестина, Израиль, ¶ндiстан, Пакистан елдерiмен достық қарым-қатынастар жандана түсуде.
Қазақстан үшiн сыртқы саясаттың еуропалық векторы барған сайын зор мән-маңызға ие болуда. Еуропа одағы қазiрдiң өзiнде Қазақстанның ең iрi сауда-экономикалық әрiптесiне айналды. Қазақстан дүние жүзiнiң сауда ұйымына мүше болды.
Германиямен, Франциямен, Италиямен, µлыбританиямен, Бельгиямен байланыстарымыз барған сайын арта түсуде. Бұл елдермен арадағы ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық негiзi қаланды.
Орталық Еуропаның Венгрия, Польша, ×ехия, Румыния, Болгария сияқты мемлекеттерiмен қарым-қатынасымыздың болашағы жақсы жағынан дамуда.
Балтық бойы елдерiндегi саясат туралы да тап осылай айтуға болады.
Қазақстан үшiн АҚШ-пен жан-жақты ынтымақтастық орнатудың стратегиялық маңызы зор. Екi ел өзара демократиялық әрiптестiк деңгейiне көтерiлдi. АҚШ бiздiң экономикамыздың аса iрi инвесторы болып отыр.
Канадамен өзара тиiмдi қарым-қатынастарды одан әрi дамыту үшiн де жақсы жағдайлар жасалған.
Қазақстан мен Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйыммен, Бµµ-мен, Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен, Ислам конференциясы ұйымымен, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНИСЕФ-пен, ЮНЕСКО-мен, Босқындар iсi жөнiндегi жоғары комиссариатпен, Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi Бµµ бағдарламасымен, Дүниежүзiлiк банкпен, Халықаралық валюта қорымен, Еуропа қайта құру және даму банкiмен, Ислам даму банкiмен, Азия даму банкiмен тығыз жұмыс iстеп келедi.
1998 жылдың өзiнде ел экономикасына 8 миллиард долларға жуық қаржы енгiзiлдi. µзақ мерзiмдi инвестициялаудың жалпы құны 60 миллиард доллардан асып жығылды.
1994 жылы Қазақстанда адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрылды. 20-ға жуық үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдары iске кiрiстi.
1997 жылғы 11 қазанда жарияланған Елбасының ²Қазақстан – 2030² Жолдауында шетел инвестицияларын тиiсiнше қорғау бiрiншi кезектегi мәселелер қатарында ұсталынады, табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпаратты дамыту Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кiруiне ықпал етедi деп көрсетiлдi. Мұнда ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiнде аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiнде дамуын қамтамасыз ету баса айтылған.
Халықаралық және дипломатиялық қатынастардағы Қазақстанның қазiргi алып отырған орны мен рөлiн дүниежүзiндегi көптеген мемлекеттер мойындап, күрделi саяси мәселелердi шешуде елiмiздiң қатысуын қажет ету процесiн