Жоспар:
- Дыбыс және олардың түрлері.
- Тіл дыбыстары .
- Дыбыс және таңба.
- Дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр.
5.Дыбыс жасауда шуыл мен салдырдың ролі.
Мақсаты: 1. тілдің ішкі құрылымы фонетика және фононлогия қарастыратын шешуші ұғымдырды меңгерту.
2.акустика жөніндегі негізгі мәліметтерді беру.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары — әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі . Егер сөздер дыбыстардың өз ара тіркесі түрінде айтылмаса , тіл қатынас құралы да , пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне , ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.
Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. “Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да , дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын , оның физикалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады”.
Тіл дыбыстары , әдетте сөз ішінде айтылады . Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы бір сөздің қолданылумен шектеліп қоймай , көптеген сөздердің құрамында қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда , ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған .Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай , одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай , екінші буынды да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. дыбыстық заңдылықтарды атауға болады.
Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды . Тіл дыбыстары , олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда , тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқада маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды . Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін , мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба жазба түріне тікелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне , тіл дыбыстарының фактілеріне негізделеді.
Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, атап айтқанда , мынада: дыбыстық өзгерістерді , олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да , грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау , соған орай , лексиканың да, грамматиканың да , ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек , тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі тіл білімінде өте-мөте маңызды мәселе болып саналады.
Фонетиканың техникалық мәселелерді шешуге де қатысы бар. Телефон мен радиотехниканың кейбір мәселелері , мысалы, байланыс жолдары арқылы берілетін сөздің айқындылығы мен түсініктілігін айқындау мәселелері фонетикалық деректерді есепке алуды талап еиеді. Соңғы жылдарда әр түрлі техникалық проблемалардың тууымен байланысты фонетикаға жаңа міндеттер жүктелді . Ол міндеттер , атап айтқанда, сөзарқылы меңгерілетін механизмдердіжасау, ауызша сұрақтарға жауап беретін информациялық машиналар мен ауызша аударма жасайтын машиналарды конструкциялаумен байланысты.Бұл мәселелерді шешуге фонетистердің де тікелей қатысы бар.
4.Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда , дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе , дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше , дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді.Адамның бір секунд ішіндегі 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы , яғни қарқыны , неғұрлым көбейсе , дыбыс күші де соғұрлым күшеие береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады.
5.Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен , қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы , атқаратын қызметі басым болады.
Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпінтүскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы , ашығырақ айтылады. Көптеген тілдерде , мысалы, қырғыз, ойрат, түрікмен, хақас, тува , неміс , ағылшын, франсузтілдерінде екпін созылыңқы дауыстыға да, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді.
Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс түрлерімен байланысты . Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тондардың қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы , дыбыс күшіжағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.
Дірілдің өзі түрліше болады дедік Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. Егер дірілдің саны уақыт единицасының бойында өзгермей тұрақты болып қалса , ондай діріл ритмикалы діріл(немесе біркелкі діріл) деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалық емес діріл (немесе біркелкі емес діріл) деп аталады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалы емес дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің , тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне-бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады. Егер діріл ритмикалы болса , ондай дыбыстық толқын музыкалы тонның пайда болуына әкеледі де , ритмикалы болмай , үзілмелі болса, салдырдың пайда болуына әкеледі.
Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады. Ауыз қуысында әр түрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады., ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Мұнымен бірге , мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.
Бақылау сұрақтары:
- Дыбыс және олардың түрлері.
- Тіл дыбыстары .
- Дыбыс және таңба.
- Дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр.
5.Дыбыс жасауда шуыл мен салдырдың ролі.