Дирижерлау техникасын ары қарай жетілдіру жұмысы: 12/4 12/8 метрде берілу тәсілдерін, әртүрлі екпіндерде көрсету. Күрделі формадағы шығармалардың ерекше көрсетілімдерін жаттау. Мемлекеттік емтиханға белгіленген шығармалармен хормен дайындық жұмыстарын жасау.Хор партитураларын және дауыстарын (тігінен, көлденеңінен) жаттау, өз бетінше 15 минут хормен жұмыс жасау. Шығармаға талдау жасау және хормен жұмыс жасау жоспарын дайындау. Талдау- акапелла шығармасына анатация жазу және аспапта ойнау
Х о р ш ы ғ а р м а с ы н т а л д а у.
- Жалпы анализ
а) автор жайлы, музыкасын жазған автордың өмірбаяны.
б) әннің сөзін жазған ақынның қысқаша өмірбаяны.
в) шығарманың идеялық- көркемдік мазмұны.
- Музыкалық-теориялық анализ.
а) шығарманың музыкалық құрылымы.
б) тональность.
в) ырғақ, екпін, динамикалық белгілер.
г) гармониялық анализ.
д) хор партитурасының жазылу фактурасы.
- Вокалды хор анализі.
а) хордың түрі.
б) партитуралардың диопазоны, тесетурасы.
в) дыбысты шығару жолдары.
г) тыныс алу, фразаларға бөлу.
д) шығарманы орындаудағы кездесетін қиындықтар, вокалды ырғақтар қиыншылықтар .және басқалары.
- Орындаушылық анализ.
а) шығарманың ішкі мазмұнын көрсету, көркем образдарды анықтау.
б) шығарманың мазмұнын көрсететін музыкалық тәсілдерді анықтау.
Х о р м е н ж ұ м ы с ж а с а у ж о с п а р ы .
А) Дауысқа арналған жаттығулар жасату.2 мин.
Б) партияларды тарқату.1 мин.
В) жеке дауыстармен сольфеджиолық жүйемен жұмыс.3 мин.
Д) дауыстарды бір-біріне қосу. 3 мин.
Г) ән текстімен жұмыс.3 мин.
Е) динамикалық белгілерімен жұмыс . 3 мин.