Белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру. Тақырыбы: Қазақ әндері мен пьесалары, композиторларының шығармаларын меңгеру.

Кілтте 5 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары.

Баян аспабы бойынша 1-2 курста негізгі теориялық білім қалыптасады. Одан кейінгі курстарда қиынырақ шығармалар алынып, баян техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар ойналады.

Барлық гаммалар, арпеджио, аккордтар баян сабағында күнделікті тез екпінде орындалып отыру керектігін естен шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен (легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты жақарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды машықтандыру, әр түрлі штрихтарды орындауға дыбыстану техникасын жақсарту үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы жаттығуларды ойнаған абзал. Осы жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін керекті тональдікке транспорт жасау керек. Бұл бір жағынан студенттің транспорт қабілетін қалыптастырады. Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мысалы: 1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың суреттерін дамытуға, клавиатурадағы оң қол мен сол қолды дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды қолданғанда бастапқы екпінді сақтап қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды дамытуға арналады. Жаттығуларды көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап, саусақтардың синхрондық жұмысына қол жеткізу керек.

Гамма, арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Орындау шеберлігін жетілдіре түсу үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз: «Орындау шеберлігін кез келген түрде дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту, олай болса оның мазмұнын ашуға жәрдемдеседі» — деп жазады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.

  1. Этюд.

Этюдтармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Орындау шеберлігін жетілдіру үстінде гамма, арпеджио және арнайы жаттығулардан басқа этюдтердің де маңызы ерекше зор. Педагогикалық тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне лайықтап жазылған этюдтер кездесе береді. Кейде олардың қайсы біреулерінг музыкалық шығармалар қатарына да қоюға болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)

Этюдтермен жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника, орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын көздемесе керек. Техникалық шеберлік студенттің орындаушылық мәдениетімен аспапта дыбыс шығару, музыкалық ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты процестермен де тығыз қабысып жатады.

Этюдтермен жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс: ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың құрылысына тоқталып, техникалық ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп, аппликатурасын басқа да орындау ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.

Екіншіден, этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан соң барып шығарманың басқа тұстарымен жалғап отырудың да өзіндік мәні зор. Нота тексті айқындала бастаған кезде барып түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен орындау тәсілдері, мехты уақытылы ауыстырып отыру сияқты процестерге мән берген жөн.

Үшіншіден, этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның да методикалық негізі бар. Нота текстін жаттап алу процесі этюдтың техникалық және көркемдік мазмұнының, орындау ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі тиіс.

  1. Мектеп репертуарларынан шығарма.

Мектеп реперуарына арналған шығармаларды таңдаған кезде кілт белгіге және шығарманың күрделі сүйемелдігіне көп көңіл бөлу керек. Біз мектептептің болашақ ән-күй мұғалімін даярлау себептті студенттердің нотаға қарап оқу қабілетін дамыту керек. Нотаға қарап оқу студенттердің жалпы музыкалық даму жолындағы ең тез, келешегі мол музыкалық дамудың жолы болып табылады. Нотана оқу тек қана кәсіпқой маман дайындауда ғана емес, көркемөнерпаздармен жұмыс істейтін әуесқой музыкантқа (сазгерге де) өте қажет. Нотаны оқу баян аспабына өзіне тән ерекшеліктермен дараланады. Бұған екі жақты клавиатураны меңгеру, орындаушынаң қол қимылын баян мехының бірдей қимылдауы. Нота оқу кезінде ең бастысы көре алмағандықтан өзінің саусақтарының ұшымен керекті басқыштарды сезу.(әсіресе сол қолда). Оң клавиатураға қарап ойнау нота оқуға кедергі келтіреді, студент нота текстін бақылай алмайды, ол тоқтауға әкеліп соғады, шығарманың логиеалық құрылымына кері әсерін тигізеді. Сол себепті студенттің баянның екі клавиатурасын да жақсы меңгеріп, және керекті басқыштардың орналасуын тез таба алатын дәрежеге жеткені дұрыс.

  1. Классик композиторларының шығармалары.

Әрбір семестрде классик композиторларының бір шығармасы беріледі. Студенттердің білімін әлем мәдениетімен таныстыру қажет.

Орыс және шетел классикасымен таныстыру. Негізінен біз Варламов, А.Алябьев, М.Глинка, П.Чайковский, Р.Шуман, Ф.Шуберт, В.Моцарт, И.Бах және басқалардың шығармаларын орындаймыз. Практикада орындаушы-музыканттардың музыкалық шығармаларымен жұмыс істеудің белгілі бір жалпы принциптері қалыптасқан. Музыкалық шығармалармен жұмыс істеудің негізгі үш этапын көріп шығайық.

I-этап – Музыкалық шығармамен жалпы танысу.

II-этап – Шығармалармен құрылымдық деңгейде жеке-жеке жұмыс істеу.

III-этап – Шығарманы жалпылай толықтырып қажетті деңгейге жеткізу.

I-этап – бұл этапта берілген шығарманы жаттауға ұмтылу, және студенттердің сол шығармаға қызығуын ояту негізгі мәселе болып табылады. Сондықтан таныстыру процесі қызықты болып, шығарма туралы жарқын образдық түсініктер береді. Осы түсініктер жұмыстың кейінгі этаптарында жететін ерекше дыбыстық мақсаттарына қызмет етеді. Студенттерге шығармалардың ерекшелігі, оның түрі және орындалатын шығарманың әуен ерекшеліктерімен музыкалық мәнерлерін, сонымен қатар басқы музыкалық компоненттер туралы түсініктер берілуі қажет.

II-этап – шығармалармен жұмыс істеудің ұзақ және қомақты түрі болып табылады. Студент шығарманы орындау үшін орындаушылық әуенін, фразаларын, және периодтарын сонымен қатар шығарманы орындауда кездесетін техникалық қиындықтарды жеңуде белгілі бір бағыттарға ие болуы қажет.

Бұл жұмыста шығарма құрылымында фразаның ең басты аяқталған құрылымы екендігі есте болуы тиіс. Ол артикуляция, штрих, динамика, мехпен жұмыс істеу сияқты процестерді қамтиды. II –этаптың басты мәселесі- жай темпте жұмыс істеу.

III- этаптағы жұмыс шығармадағы фраза, период, және күрденлі құрылымдағы логикалық келісім бойынша құруды қамтамасыз етеді, сонымен бірге бейне дамуының біркелкілігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда барлық элементтері белгілі бір мазмұнды жүктемені орындауда бүтін бір көркем бейнені көрсететін, аяқталған музыкалық форманы келтіріп шығарады.III-этаптағы негізгі жұмыс істеу әдісі – бұл шығарманы жалпы және қажетті темпте орындау. Мұндай орындау кезінде жеке кемшіліктер, жетерлі дәрежеде орындауды қамтамасыз ктк алмай сияқты жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан оларды толық құру қажеттігі пайда болады. Айта кететін жағдай, шығарманы үйрететін жаттығулар кезінде жұмыстың техникалық және көркемдік жақтарын ажыратуға болмайды. Олар өзара тығыз байланыста болып барлық үш этапта музыкалық шығармалармен өткізілетін жұмыс арқылы іске асады.

  1. Қазақ композиторларының шығармалары.

Біздегі ноталық материалдар орыс, совет, шетел композиторларының шығармаларынан, ТМД халықтарының қайта өңделген музыкаларынан құралған қазақ халық және профессионалдық музыкаларының педагогикалық репертуарында жоқтығын еске ала отырып, қазіргі кезде авторлар музыкалық шығармашылықта Қазақстан композиторларының қазақ халық әндерін, күйлерін қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлген. Қазақстан композиторлары: Е.Брусиловский, Мацуцин, Д.Тұяқбаев, Гайсин, Меңдіғалиев және Ошлаковтың шығармаларын орындаймыз. Мысалы: Брусиловскийдің «Колхоздағы той».

  1. Халық әндері мен күйлері.

Халық әндері мен күйлерінің өңделген, жаңарған түрде болуы оның мағыналы жағын кең түсінуге мүмкіндік береді. Мұнда негізгі музыка ерекшелігін терең ықпалын тигізеді. Жалпы қазақ музыкасы туралы ақпараттық аумағын кеңейте түседі. Демек, практикалық тұрғыда сол музыканың мәнін терең түсінудің кілтін ашу, әннің немесе күйдің көркем өнерлі музыкалық дұрыс бейнесін қабылдауға мүмкіндік тудырады. Сондықтан репертуарға баланың ерте жастан естіп, құлағы үйреніп, халық әуені кірсе, өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Алғашқы ретте қазақтың дәстүрлі музыкасында, екпінді түрінде, ырғақ өлшемінде, композициясында, монодикалық қойма бар.

Ұлттық әндермен күйлердің әуендері көбінесе поэтикалық- музыкалық системамен тығыз байланысты.Қазақ музыкасына диатоникалық мажор, табиғи немесе натуралды минор, пентатоника, миксолидилық, және фригилық ладтар тән. Қазақтың қанына сіңісті болған домбырамен салыстырғанда сырнай аспабының ойнау тәсілдерін меңгеру оңайға түспейді, сондықтан оқудың алғашқы сатысында, құрылысы, әуені, ритмикалық құрылымы шығып қарапайым , жүректеріне қонымды, қазақтың халық әндерін таңдаған жөн. Мысалы: Ошлаковтың өңделген қазақ әні «Жайдарман»би түріндегі, көңілді, эмоциялық жағынан көтеріңкі шапшаң орындалады. Ошлаков өңдеген «Келіншек » күйі көңілді қимылмен жазылған.

Әрбір жеке тақырып өзінше аяқталған құрылым болып табылады. Негізгі бейне пьессаны жеке бір мазмұнды құрылымда қосатын өзгеше пунктирлық ырғақ арқылы жаасалады. Пьессадағы негізгі техникасын жааттау әдістері саусақтың қимылымен паралель сексталардың орындалуы болып табылады. Әр күйдің өз қиыншылықтарымен аңыздары бар. Күйлер аңыздарымен А. Жұбановтың «Ғасырдың ішектері», деген кітабында танысуға болады.

СӨЖ: — қазақ композиторының шығармасы. (нотаға қарап ойнау.)

Аралық бақылау- академиялық тыңдау. (қазақ комп. шығарма).

Емтихан- классик комп. шығарма, халық әні немесе күй.

Бұл семестрде студенттер мектепке практикаға барып, алғаш оқушылармен жұмыс жасау қиыншылықтарына кездеседі. Сабақ барысында музыкалық материалдарды яғни, мектеп әндерін орындау, нотаны бірден оқу талаптары туындайды. Сонымен қатар музыка сабағында теориялық және практикалық білімдерді, музыкалық материалдарды терең игеруі қажет (аспаптың шығу тарихы мен дамуын). Баян аспабының шығу тарихы мен дамуы. Біздің елімізде сырнай аспабы кеңінен танымал. Бұл аспапты интернационал десек те болады. Ол үлкен концерт залдарында, мәдениет сарайларында, көркем-өнер ұжымдарында, әр түрлі профессионал оркестрлерде орындалады. 19 ғ басында Ресейде гармон аспабы пайда болған, кейбір деректерге қарасақ одан да бұрын, яғни 18 ғ аяғында пайда болған дейді. 19 ғасырдың екінші жартысында баян аспабы халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында «баян» аспабы жасалған, бұл туралы гармондардың аттарынан байқауға болады. Мысалы: «Тулбская», «Саратовские», «Янецкий», «Вятский», «Сибирский» және т.б. 1907 жылы атақты гармонист орындаушы Я. Орнанский титаренко аты аңызға айналған әнші-орындаушы «Баянның» құрметіне орай шебер П.Стерлиговке баян аспабын жасауға тапсырыс береді. «Баян» аспабының аты осылай шықты.

Ұлы Қазан революциясынан кейін, гармон аспабын орындау ерекше дамып, әр түрлі байқаулар мен конкурстар өте бастады. 19 ғасырдың екінші жартысында көпұлтты Ресейдің баян аспабы көптеген аймақтарына тарап, Қазақстан жеріне де жетті. Ежелгі қазақ халқының «сырнай» аспабына үндес келген гармошканы «сырнай» деп атаған. Қазақ халқының есінде гармоникте орындайтын ақын-әншілер сақталған. Атап айтар болсақ, Жаяу Мұса баян аспабымен Петербургте, Казан, Чехияға, Польшаға қазақ әндерімен қатар, орыс әндерін орындау шеберлігімен әйгілі болған. Баян аспабының керек екендігінің айғағы, Республиканың түкпір-түкпіріне кең таралғанын аңғартады. Гармонима (сырнай) баян ежелден бері қазақтың музыкалық дәстүріндк кеңінен қолданып келе жатыр. Мысалы: Нартай ақын, Шашубай және Майра, бертін келе Садық Кәрімбаевтардың творчествосы бұған дәлел бола алады. Өзінің қарапайымдылығына, икемді, дыбыстың үнінің құлаққа сүйкімділігімен және интонациялық ладтың (миномдиялық, нонейлық) шоғырына байланысты бұл аспап ауыл араларында кең өріс жайған. Сондықтан болар мектептерде мұғалімдер оны педагогикалық оқу барысында көп пайдаланады. Бұның себебі өте қолайлы аспап.

1.Қазақ композиторларының шығармалары.

Соңғы кезде Қазақстан баяншыларының сырнай-баянға арналған музыкалырында, ұлттық құндылықтарды көрсетуге арналып отыр. Тура осындай жағдайды ұлттық әуеннің қырларын дұрыс түсініп, қабылдау мынадай нәтижелерге әкелді. Терциясыз структураның, кварта, квинта және секунда интервалдарының үндестігін жиі пайдалану-бұл баян фактурасына күш түсумен қатар, сенуімен сақтайтын, оң қол партиясының гармониялық үндесін, үйлесім табу болып есептеледі.

2.Классик композиторларының шығармалары – (Andante,Adaqio,Rondo)

Анданте (итальян)- адымдап жүру. «андаре»-жүру, бұл екпіндегі музыканың баяу, жәй адымын білдіреді.

Адажио (итальян)- салмақты, баяу.Бұндай атау шығармаларда, немесе шығармалардың бір бөлігінде музыкалық жай мінездерде болады.

Рондо-бұл формада бір тема үш реттен кем өткізілмейді. Классик шығармалары баян аспабына өңделген түрінде беріледі. Мысалы: В.Моцарттың «Түрік маршы», Ф.Кулаудың «Рондосы», Гендельдің «Фугеттасы». Осы шығармаларды талдау барысында біз белгілі бір ережелерге сүйенеміз: Тональдік анализге, көлеміне, өлшеміне, фактурасына. Әннің негізін скрипка кілтінде оқу, сол қолдағы бас партиясын оқу және екі қолды бірге қосып оқу. Шығармамен жұмыс істеу V семестрде көрсетілгендей III – этаптан тұрады.

3.Сырнайға өңделген немесе лайықталған әндер мен күйлер.

Халық аспабында орындаушылар, көңіл-күйлерін керемет көркемдігіне аударады. Халық әндерін өңдеу барысында өз репертуарларын кеңейтіп отырады. Алғашқы рет қазақ халық әндерін атақты фольклорист А.Затаевич күйсандыққа өңдеген. Д.Тұяқбаев, А. Гайсин, Мацуцин сынды композиторлар қазақ халық әндерін баян аспабына өңдеген. VI семестрде студент оң және сол қол клавиатурасының басқыштарын игерумен қатар, орындау деңгейі дамыған аспапты еркін игеруі қажет. Әр семестрде шығарманың көлемі, фактурасы ұлғайып, мех жүргізуде техникалық қиындықтар туындайды. Мысалы: Гайсиннің өңделуінде қазақ халық әндері «Ақбақай», «Шорману» Жаяу Мұса деген шығармаларында Деташе ойын тәсілі мехпен қолданады. Деташе – бұл әр дыбыстың бөлек, мехтың ашылып – жабылып жүргізуімен орындалатын ойын тәсілі.

Деташе ойын барысында жеке дыбыстарда, үндестіктерде, аккордтарда қолданады және мына үлгіде жазылады.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тремоло – мехтың жүру бағытына байланысты алмасып отыратын бір немесе бірнеше дыбыстың жылдам қайталанып, орындалатын ойын тәсілі. Мехтағы деташе және тремоло ойынын еркін игеру үшін, сол қолдың қарапайым қозғалысы мен шынтақтың ашылып-жабылуы өте қажет. Бұл бұлшық еттердің көмегімен орындалады. Деташе және тремоло ойын тәсілін игеру үшін жұмысты жәй темпте бастау қажет. Ойын барысында бұлшық енттерді бос ұстау керек.

СӨЖ

Студенттің өз бетінше жұмыс жасауының қорытында кезеңінде күнделікті дайындыққа өтіп жүрген уақыттың бір бөлігі өткен шығармаларды қайталауға, кез-келген музыкалық шығарманы нота текстімен орындауға, сонымен қатар таныс музыкалық әуенді өз бетінше баян аспабында тарта білуге, оны белгілі бір интервалға көшіріп ойнауға, (транспорт жасауға) дағдылануға жұмсалуы шарт. Бұл туралы белгілі орындаушы-пианист К.Черни былай деп жазған: «Егер ескі ұмытылса, жаңадан келер пайда аз…. жаңа шығарманы тек қана ескісін пайдалана отырып жылдам жаттап алуға болады».

Басты мақсат – студенттің өз бетінше жүргізген шығармашылық жұмысы жақсы ұйымдастырылып, белгілі бір бағытта жүйелі түрде өтілуін қамтамасыз ету болмақ.