Белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру. Тақырыбы: Халық әндері пьесаларын, шетел композиторларының шығармаларын меңгеру.

Мақсаты: Халық әндері мен пьесаларды, шығармаларды үйрету.

Оқушының техникасын дамыту.

 

Кіріспе: Домбыраның пернелерін оның тон және жарты тон дыбыстарын қағыстардың түрлерін, музыка сауатынан – нотаны, позицияларды игеріп алғаннан кейін домбыра тарту техникасын өсруге кірісу керек. Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған мажор, минор гаммалары, арпеджиолар, этюдттер сияқты жаттығулар беріледі. Гаммалар мен арпеджиоларғааппликатура қойылады. Бірақ гаммалар мен арпеджиоларға қойылған аппликатура тек мысал ретінде ғана алынады. Сондықтан берілген гаммалар мен арпеджиоларды тартқанда ондағы көрсетілген аппликатураны әр домбырашы қолының бітіміне, саусақтарының салалығына, ептілігіне қарап, кейде өзгертіп тартуына да болады.

 

Этюдтар.

Этюд деп домбырада немесе басқа музыка аспаптарында тартылатын, сол қол мен оң қолдың техникасын өсіру үшін арналған музыкалық жаттығуларды айтамыз.

Этюдтің әртүрлі екпінде бірі лярго, анданте, адажио болса, екгіншісі модерато, аллергретто, престо екпіндерін алу керек. Кейбір екпіндер өз алдына дербес көркем шығарма ретінде де қабылданады.

Оқушы қағыстарға біраз жаттыққаннан кейін сол қол саусағы домбыра мойнының кіші тиік жақ тұсынан пернеге тақап басылады. Ал перне басуға қатыспай бос тұрған саусақтарды шашыратпай домбыра мойнының астына жасырмай қойлымды қалпын сақтау керек. Пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып, шекті бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалысы кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын бүкпей, алақанды домбыра мойына тигізбей ұстаған жөн. Перне басатын саусақтар қағыстар сияқты өз алдына арнайы таңбамен белгіленеді.

 

  1. Мектеп репертуарынан бір ән.

Мектеп әндері әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте орындалса, екіншісі жай, көңілсіз темпте орындалады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 3, 4-ші семестрлерге қарағанда 5-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. Әндер екі дауысты түрде ойналады.

Студенттің сүйемелдеуімен орындалатын әндерді ойнауға машықтандыру. Домбыра тарту өнері сүйемелдеуімен дүниежүзі халықтарының ән биін, профессионал композиторлардың шығармаларын орындау. Әнші немесе жеке орындаушыны фортепианомен, ансамбль, оркестрмен қостап сүймелдеу деп аталады.

 

  1. Шетел композиторларынан бір шығарма.

Фортепианомен қосылып шығармалар орындауға байланысты қолданылатын дыбыс шығару, перне басу, т.б. әдіс-амалдар Европаның классикалық аспаптарынан алынып, домбыраға арнайы лайықталған. Мысалы, дыбыс шығару тәсілдері штрих (нем. Strich-сызықша) делінеді. Штрихтың бірнеше түрлері болады: пиццикато, тремоло, қос пиццикато, т.б. Домбырада шығармалар әртүрлі қағыстарда кездеседі. Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады.

  1. Бас рмақпен төмен қарай орындау (π)
  2. Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау (π немесе υ):

 

  1. Ойнау ерекшелігі әртүрлі үш күй

Күй – домбырада, қобызда, сыбызғыда, т.б. қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Ол мазмұны мен құрылысы жағынан әр алуан болып келеді. Күй тақырыбы бағдарламалары болады, жан-жануарлардың мінез-құлықтары, түрлі қасиеттері, табиғат суреттері және адамның сезім дүниесі, түсінік түйсіктерімен қатар үлкен әлеуметтік, қоғамдық-филисофиялық мәселелерді де қамтиды.

Домбыра тарту өнерінің негізі — күйшілік . Ол құрылымдық негізі мен орындалу мәнеріне орай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен орындаушылық дәстүрге бөлінеді.

Төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты (шартты түрде алғанда) бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады.

Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен оның айтарлықтай өзгешеліктері бар. Олар негізінен мыналар:

а) бұл дәстүрде 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) бас бармақ сирек пайдаланылады.

 

5.Бір күрделі формадағы шығарма.

Кейде бір музыкалық шығармада бастапқы метр мен өлшемнің өзгеруі де кездеседі. Мұны ауысплы өлшем дейді. Мысалы:

а) Үш нотаның орнына екі нота келсе, ол дуоль (лат. duo — екі) деп аталады.

б) Триоль (лат. tres — үш) екі нотаның орнына келетін үш нота.

в) Квартоль (лат. guartus – төртінші) үш нотаның орнына келетін төрт нота.

г) Квинтоль (лат. guintus – бесінші) үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота.

Шығармаларда позициядан позицияға ауысудың мынадай негізгі әдістері бар:

  1. Бір саусақты жылжыту арқылы ауысу;
  2. Қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауыстыру;
  3. Араға бір немесе екі саусақ тастау арқылы ауысу.;
  4. Ашық ішек арқылы ауысу;
  5. Бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы ауысу;
  6. Саусақтардың арасын кеңейту немесе тарылту арқылы ауысу:

Домбыра тарту өнерінің үлкен бір саласы халық әндері, сонымен қатар фортепианоға (немесе басқа аспаптарға) қосылып пьесар, шетел композиторларының шығармаларын орындау болып табылады. Осыған байланысты музыкалық материалдар позицияларды, пьеса орындаудығы штрихтар мен аппликатураларды сатылап үйренуге арналған.

 

  1. Бір этюд.

Орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған түрлі этюдтерді қолданамыз. Олар әртүрлі қағыстарда кездеседі. Мысалы: Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Себебі, шығармасларды, әсіресе жалғыз ішекте орындалатын шығармаларды орындау кезінде сол қол саусақтары домбыра мойнының барлық жерінде де ішектен ішекке жиі ауысып. Қол қозғалысы саусақтардың жеке қимылдарына негізделеді. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтер мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет. Сол сияқты позициядан позицияға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек.

 

2.Мектеп репертуарынан бір ән.

Мектеп әндері әртүрлі екпінде (темп) кездеседі: жылдам, жай, орташа т.б. Бұл екпін белгілері көбінесе орысша немесе итальян тілінде және әндердің бас кезінде, бес нота сызықтарының үстіне жазылады.

Әндердің екпінін, яғни жүрісін бірден бірге өзгертетін терминдерде бар. Олар мыналар:

а) Әндердің екпінін бірден-бірге үдетіп, тездететін терминдер.

Accelerando (аччелерандо)

Strindgendo (стринджендо)

Stretto (стретто)

б) Әндердің екіпінін бірден-бірге баяаулатып, жайлататын терминдер.

Ritenuto (ритэнуто)

Rallentando (раллентандо)

Ritardando (ритардандо)

 

  1. Ойнау ерекшеліктері әртүрлі екі күй.

Домбыраның негізінен ұсынатын бағыты күй болғандықтан, оқу реперткарында күй молынан қамтылып, түрлі орындаушылық дәстүрлер мен мектептерде ескеріледі.

Кейбір қазақ күйлерінде ішекті сол қтолдың бармағымен іліп қағып ойнайтын жағдайлар да болады. Сол қолдың бармағымен іліп қағу көбінесе екінші ішекте болып отырады. Бұл жағдайда, бармақпен іліп қағатын нотаның астына “Б” белгісі қойылады.

Сол қолдың бармағымен іліп-қағатын нота мен оның қасындағы нотаны жалғастырып тарту үшін аралығына лига сызығы қойылады. Мысалы: Сол қолдың бармағымен іліп қағу “Кеңес” күйінде көп кездеседі.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

  1. Гаммалар (4 белгісі бар мажор, минор).

Бір дыбыстан екінші аттас дыбысқа шейін, ереже бойынша тізбектеліп құрылған дыбыс ретін гамма дейміз.Гамманы түрлі ноталардан бастап құрауға болады. Мысалы: Гамманы “ля” мажор гаммасының бесінші нотасы “ми” дыбысынан құрайық. Бұл дыбыстан құрылған гамманы “ми” мажор гаммасы дейді. “Ми” мажор гаммасына төрт диез қойылады. Олар фа-диез, до-диез, соль-диез және ре-диез белгілері:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мажорлық гаммалардан басқа минорлық гаммаларда болады. Минор тональдігінде жазылған музыка мажор тональдігіне қарағанда біркелкі нәзік, әрі жұмсақ, ал кейде мұңды характерде де естіледі. Минорлық гаммалар үш түрлі болады.Олар натуральды, гүармониялық және мелодиялық гаммалар.

Мажорлық гамма сияқтыминорлық гаммаларды да түрлі дыбыстардан құруға болады. Әрбір мажорлық гамманың параллельдік минор гаммасы болады. Параллельдік минор гаммасы мажорлық алтыншы басқышынан (нотасынан) құрылады. Мажор гаммасында қанша диез немесе бемоль белгілері болса, оның параллельдік минор гаммасында сонша диез, бемольдері болады. Мәселен, Ми мажордың минорлық гаммасы До-диез минор. Ми мажорда төрт диез бар. Олар фа-диез, до-диез, соль-диез және ре-диез белгілері. Бұлар До-диез минор гаммасына қойылады.

 

5.Бір күрделі формадағы шығарма.

  1. Екі қазақ композиторларының шығармасы.

Көркем шығармамен жұмыс жасау төмендегідей кезеңдерге бөлінеді.

  1. Шығармамен танысу.
  2. Шығармада кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру.

Шығарманың көркемдік мәнін ашудағы атқарылатын жалпы жұмыстың жобасын белгілеу.

Шығармамен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері жөнінде, туындының мазмұны, характері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясы туралы әңгімеленеді.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде — әуені мәнерлеп ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі. Әуенді мәнерлеп ойнау тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато, форшлаг, трел т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.
  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.
  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау

қажет.