Студент домыбраны ұстауын, отырысын, оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын күйлер мен пьесаларды меңгеру.

Мақсаты: Шағын күйлер мен пьесаларды үйрету. Оқушыны домбыра тартуға дайындау.

 

Кіріспе: Орындаушының орнықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан студент алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы қажет. Домбыраны ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей, бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс. Домбыра аспабын тарту кезінде орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, оранласуын және оның аспапты ұстау тәсілдерін үйретеміз.

Сол қолдың қойлымы: Аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен иықты көтеріп немесе бүйірге тақамай керек. Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.

Оң қолдың қойлымы: Оң қол қойлымының өзіндік ерекшеліктері бар. Төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса, шертпе күй дәстүрінде керісінше алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгулі күйінде бір-біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақапағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор. Сонымен қатар домбыра пернелеріндегі орналасуы және нота желісінде жазылуымен таныстырамыз. Ноталардың ұзақтықтарымен, биіктігімен танысу.

 

  1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Гаммалар студенттің орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Оқу барысында оқушыға гаммаларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта орнатудың пайдасы мол. Аппликатура (басу, орналастыру) музыкалық аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Аппликатура барлық аспаптарда да арап сандарымен белгіленеді.

Ескерту: Соль ішегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстіңгі жағына, ал ре ішігіндегі астыңғы жағына жазылады.

 

 

 

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

  1. Этюдтар (сол қолдың қалыптасуына байланысты)

Этюд (машықтану) – орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Оқушы қағыстарға біраз жаттыққаннан кейін сол қол саусағы домбыра мойнының кіші тиік жақ тұсынан пернеге тақап басылады. Ал перне басуға қатыспай бос тұрған саусақтарды шашыратпай домбыра мойнының астына жасырмай қойлымды қалпын сақтау керек. Пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып, шекті бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалыс кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын бүкпей, алақанды домбыра мойына тигізбей ұстаған жөн. Перне басатын саусақтар қағыстар сияқты өз алдына арнайы таңбамен белгіленеді.

  1. Жеңіл формалы пьеса.

Студенттің фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармаларды ойнауға машықтандыру. Домбыра тарту өнерінің бір саласы-фортепианоның сүйемелдеуімен дүниежүзі халықтарының ән биін, профессионал композиторлардың шығармаларын орындау. Бұл дамбырашының басқа елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой-өрісінің жан-жақты дамып, әртүрлі музыка аспаптарының орындаушылық ерекшеліктерінен хабардар болуына зор ықпал етеді. Әнші немесе жеке орындаушыны фортепианомен, ансамбль, оркестрмен қостап сүймелдеу деп аталады.

  1. Халық әндерінен бір ән.

Ұлттық нақыштағы әндерді ойнату. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспаптың бірі. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұқит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Ә.Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев домбыраның әнге нәр беріп, әншіге демеу болатынан дәлелдеді.

  1. Әртүрлі ойнау ерекшелігіндегі екі күй

Күй – домбырада, қобызда, сыбызғыда, т.б. қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты (шартты түрде алғанда) бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады.

Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен оның айтарлықтай өзгешеліктері бар. Олар негізінен мыналар:

а) бұл дәстүрде 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) бас бармақ сирек пайдаланылады.

Позиция дегеніміз берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтер мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет. Сол сияқы позициядан позициға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек. Ойналу әдістері оңай шағын күйлермен пьесаларды меңгере білдіру

  1. Екі октавалы гамма, арпеджио.

Арпеджио (бірінен соң бірін) – аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі. Арпеджио берілген гамманың аккордтық дыбастарының мелодиялық түрін ойнағанда, сол қолдың техникалық мүмкіндігін қалыптастырады.

Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма құрайды.

 

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Этюд (тремоло штрихында).

Сол қолмен оң қолдың техникасын өсіру үшін этюдтар беріледі. Домбырада тремоло штирхы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады:

  1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек.
  2. Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремолалар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Пьеса (альтерациялық белгілері бар)

Классик және қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет. Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.

  1. Күй (күрделі қағыстар кездесетін жылдам екпінде).

Музыкалық шығарманы орындаудағы жылдамдық қарқыны екпін деп аталады.

Домбыраның негізгі ойнау тәсілдерін меңгерген талапкер өз орындаушылық шеберлігін одан әрі жетілдіре түсу үшін күрделірек қағыс түрлерін, әдіс-амалдарды, ерекшеліктерді үйрену қажет. Күрделі қағыстар кездесетін жылдам екпіндегі күйлерге төкпе күйін алсақ болады. Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі (ре-соль) дыбыстардан басталатын күйлерді үйренген дұрыс, Содан соң жабық ішектен басталатын күйлерді қолға алған жөн. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні көрсетіледі. Екпін жай, орташа, жылдам болып үш топқа бөлінеді. Жылдам екпіндер: жылдам, шапшаң, ширақ, қыздыра, өте тез, өте жылдам, аса жылдамдықпен.

  1. Күй (жай екпінде)

Жай екпіндерге: өте жай, созып, жай, кең, асықпай, ауыр, мұңды. Жай екпіндегі күйлер көбіне көңілсіздеу түрде келеді.