Студент қобыз аспабын ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шығармалар мен пьесаларды меңгеру

І. Аспаппен таныстыру: оң қол мен сол қолдың орналасуы. Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады. Қобыз шанағын екі тізесінің арасына азғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап ысқыш тартатын оң қолының емін еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады.

Оң қол . Ысқышты дұрыс ұстау. Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Ысқышты бос саусақты қатты қыспай, қолдың салмағымен жұмсақ ұстаған дұрыс. Басбармақтың ұшы қалыптың біткен жеріне ортаңғы саусақ оған қарама-қарсы, қылдың біткен жерімен қалыптың ұшына қойылады, сұқ саусақ бірінші буынмен таяққа алшақтау орналасады. Ал аты жоқ саусақ пен шынашақ ортаңғы саусаққа көмектесіп соның қасына орналасады.

Ысқыш жүргізу. Дыбыс шығару: Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді. Ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде осы қимыл кері қайталанады. Арлы берлі жүргізілгенде саусақ пен буын өте жұмсақ жеңіл қимылдауы керек. Ысқышты түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет.

  1. Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.
  2. Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру, жай жүру қатты немесе жай басылуы мөлшерін дұрыс табу қажет.

Сол қол, ішек басу.

Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру, барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді , оңтайлы болуы, позициядан позицияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы менгерудің бірден бір жолы.

Алғашқы жаттығуда ішекті саусағымен баспай , алдымен ішекке саусақтың дұрысс түсуін жаттықтырған жөн.

Қобыз ойнаудағы жазу белгілері.

Қобыз ойнаудағы ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін білдіретін динамикалық және екпін белгілерін жатқа білу керек.

П-ысқыш төмен

Ү-ысқыш жоғары

Ц.С.-тұтас ысқыш.

Н.П.-төменгі жартысы.

В.П.-жоғарғы жартысы.

С.-ортасымен.

К.Ц.-ұшымен.

К.Д.-түбімен.

Саусақ қоюбелгісі . Ішек белгілері.

0-ашық ішек.І-Е –ми ішегінде.

1-бірінші саусақІІ-А-ля ішегінде.

2-екінші саусақ..ІІІ-Д-ре ішегінде.

3.- үшінші саусақIV-Соль ішегінде

4- төртінші саусақ.

  1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Соль мажор гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік.

  1. Этюдтар (ойнау ерекшеліктері әртүрлі).

Этюд (машықтану) орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Этюдті ойнағанда, таңдау кезеңінде жылдам және жай темптегі болуы қажет. Лига, сегіздік ноталардың төртеуі бір ысқышта орындалатын шығармалар.

  1. Қазақстан композиторларының шығармалары

Студенттің қабылдауына қарай шығарманың ноталық текстін оқыту. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау. Ысқыштың бір ішектен екінші ішекке көшуін қадағалау. Ысқышты үнемдеп , бір келкі дыбыс шығарып , тең бөліп үйренуI семестрде — (желтоқсан айында) академиялық тыңдау.

  • Орыс шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма тандау барысында ысқыштың бір ішектен екінші ішекке көшкен кезде ысқышты үзбей жайлап ,артық дыбыс шығармай көшуді қадағалау.

Жартылық ноталарды бір смычокпен,төрттік нотаны бутін ысқышпен және жарты ысқышпен орындау.

  1. Ірі формалы шығарма.

Классик және қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет.Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.

ІІ.

І семестрдегі өтілген тақырыптарды күрделендіріп, қолдарды (координациясын) дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т.б. Динамикалық құбылыстарды түсіну (меццофорте, крещендо, дименуэндо). Қос ноталарды синхронды орындау. Қобыз аспабындағы ең күрделі мәселе саусақтың қимылын жеделдету болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақтарға этюдтар, гаммалар, жаттығулар енгізілуі қажет. Бір кілттік белгісіне дейінгі мажор және минор гаммаларын (3 түрін гармониялық, мелодиялық, натуралдық) үйрену. Соль мажор, ми минор гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау.

Соль мажор, ми минор гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау.

  1. Екі октавалы гамма, мажор, минор.

Гамманы ритмикалық әртүрлі штрихтарда ойнау (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б. Гаммадағы жарты тон, бүтін тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің аралығын қадағалау.

  1. Техникалық дәрежеде екі этюд бір пьеса.

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano, forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек. Этюд шығармаларын таңдаған кезде таңдау барысында төрттік нүктелі нота, сегіздігімен, он алтылық ноталары бар этюдтар алыуымыз керек.

  1. Орыс, шетел композиторларының шығармалары.

Орыс, шетел композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі.

Наурыз айында техникалық тыңдау өткізіледі. (Соль мажор, ми минор, этюд )