Хор партитурасы. Дауыстардың партитурадағы орналасуы, жекеленген хор партияларындағы нотациялардың ерекшеліктерін білу.
Шығарма белгіленіп алынған соң партитурасы дайындалады. Хор партиялары екі – үш –төрт нота сызықтарына арналып жазылады. Бір інші нота сызығы сопрано 1,2 дауыстарының партиясы жазылады. Екінші нота сызығына альт 1,2 партиясы, үшінші нотасызығына тенор 1,2, төртінші нота сызығына бас1,2 партия дауыстары жазылады.
Партитуралар жазылып біткен соң жеке партиялар жазылып дайындалады. Партияларда екпін, динамикалық белгілер көрсетіледі. Хормен жұмыс жасау кезінде барлдық дауыстарға партиялар тарқатылады. Бастапқы кезде бір інші дауыс үйретіледі, мысалы, сопрано дауысы, екінші альт дауысы, кейін екі партияны бірге. Тенор дауысы, бас дауыстары жеке-жеке үйретіліп барлық дауыстар қосылып айталады.
Хорда ансамбльдік дағдыны тәрбиелеу қиынға соғады, өйткені ансамбль шығу үшін барлық хор мүшелері бір-бірімен келісімді әнді орындау барысында барлық жағдайда бірігуі тиіс.
Ансамбль- француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді.
Музыкада екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың ) музыкалық шығарманы қосылып орындауы және сол орындалған музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.Екі немесе одан да көп әншілердің музыкалық шығарманы қосылып орындауының бірнеше түрлері бар. Дуэт-екі әншіден, трио-үш, квартет –төрт, квинтет-бес, септет-алты, секстет- жеті, октет-сегіз әншіден құралған ансамбльдер.
Ансамбль. Ансамбль (фр. Тілінде encemble қосылып, бірге деген мағынаны білдіреді.) – орындаушылық өнердің өзара үйлесімі, көркемдік тұтастығы. Бірнеше әншілердің қосылып орыстың халық хоровод әнін қосылып салу дәстүрі ансамбльге мысал бола алады. Керісінше, әншілердің тек өзінің даусының шеберлігін көрсететін жарысы емес, ол барлық әншілердің ән салу стилінің , техникасының ән өрнегінің, эмоциялық толғанысының үйлесімді бір тұтастығы. Ансамбльдік сипат бишілер өнеріне де, аспаптық музыкаға да тән. Мысалға, әншілер дуэтіне ағайынды Мүсілім және Ришат Абдуллиндердің, аспаптық ансамбальге Мәскеудің В.Т Спиваков жетекшілік ететін “Виртуозы Москвы” аспаптық ансамблін келтіруге болады.
Кәсіби маман дайындау барысында, студеттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем — өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажетті екендігі айқындалады. Ансамбль-бірлесіп шығарма орындаудағы көркемдік бірлік, тепе-теңдік, барлық техникалық және көркемдік-мәнерлік құралдарының сәйкестігі.Ансамбль ұйымдастыруға қажетті ішкі, сыртқы жағдайлар (орын, бөлме, акустика, әншілерді іріктеу) болуы шарт және музыкадағы дыбыс үйлесімділігін ұғыну қажет. Дыбыс үйлесімі әндегі әуеннің тазалығының кепілі. Дыбыс үйлесімін көркем образды тыңдаушыға жеткізудегі ең басты нәрсе әуендік және гармониялық дыбыс үйлесімі, ол үшін студентің дыбыс үйлесімі, тыныс алуы, орындау шеберлігі және әуенді қабылдау қабілетін жетілдіру қажет.
Ондай әнге қол жеткізу оңай болмайды, өйткені кейбір хор мүшелерінің музыкалық есту айту қабілеттері ттөмен болады. Олар әнді қасындағыларға қарағанда айқайлап немесе ырғақты сақтай алмай кететіндері көптеп кездеседі. Хор жетекшісі әрдайым белсенділік жұмыстарын жетілдіріп, ұжымдық жауапты сезімдерін оятуы тиіс.
Күнделікті сабақ барысында жатталған шығарманы концертте орындайтындай етіп,орындауы тиіс. Ансамбль таза шығуы үшін барлық компоненттер зәру: интонацияның таза шығуы, ырғақпен жылдамдықтың үйлесуі, барлық партиядағы динамикалық белгілердің орындалуы, шығарманың басында, қайырмасында, аяғында барлығы бірге бастауы, бірге аяқтауы т.б.
Хорды дұрыс орналастыруда үлкен роль атқарады. Концертте хор мүшелері қалай орналасса, дайындық барысында сол жайға орналасуы тиіс, әрбір хор мүшесі өзінің орнына үйренуі және қасындағы жолдастарын жақсы сезінуі керек. Мұндай жағдайлар динамикалық белгілерді орындауда маңызды. Әнді біруақытта күшейтіп, бәсеңдетіп, бірдей күште айтуға үйретуміз тиіс. Хор жетекшісі дирижерлаусыз әр топқа берілген тапсырманы мұхият қадағалап жүреді. Хор шығармаларын дирижерлаусыз орындау ырғақ пен жылдамдықтың тұрақты лығымен жұмыс істеуге көмектеседі.
Әнді хормен айтуға баулуда қойлатын талаптар бір-бірімен тығыз байланысты. Тынысты дұрыс алуға, сөзді анық айтуға, әуенділікті сақтай білуге өз алдына жеке-жеке үйрету айтарлықтай қанағаттанарлық нәтижеге жеткізбейді.
Арнайы жаттығуларда біршама табыстарға жеткенмен, шығарманы орындағанда ол дағдыларды пайдалана алмай қалатын жағдайлар болады. Сондықтан қандай жаттығу болмасын, оны орындауға кешенді талап қою қажет. Ән айтуға баулу жолында мынадай жағдайлар кейде ескеріле бермейді; сөзді дұрыс айтқанмен оның анық жетуіне назар аударылмайды немесе сөз анық айтылғанмен, дұрыс айтылмайды. Орфоэпия грек тілінде orfos – дұрыс, epos – сөз, сөзді дұрыс айта білу деген сөз.
Алғашқы әншілікке баулу туралы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған. Ю.Барсов өөзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан», Ломакиннің «ән айту методтары» деген еңбектерінде былай делінген. Ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту, сөзді дұрыс дауыстай білмеу, әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді. Бұл ескертулер қазірде өзінің мәнін жойған жоқ. Сол үшін ән барысында дыбыстың күшіті де дұрыс шығуына ден қойып, сөзі де назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл мұлде жіберуге болмайтын қателік. Қалай болғанда да, әр халықтың тіліндегі үндердің дыбыстарына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне мән беру қажеттігін ән салушылар сезінуі тиіс.
Мәселен, қазақ тіліндегі «тамақпен »айтылатын қатаң дауыссыз дыбыстар ән салуда қиындықтар келтіреді деп саналған. Зерттеуші С. Татубаев жұмсақ дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі(а, ә, о, ұ, у, е, і, ы,) қазақ әндеріндегі сөздің айтылу үндігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазаұқ сөздерінде қатаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыьыстарға ауысып айтылатын кездері болады. Мысалы. «қ және к»жұмсақ «ғ және г»дыбыстарына, мұның бәрі айтылатын әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады.а, ә, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у.
Айтылуы.Жазылуы.
Жазғандай.Жазқандай.
Ағ жаңбыр.Ақ жаңбыр.
Асыр саб ойнады.Асыр сап ойнады.
Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа аяқталып, келесі сөзде дауысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы:
Жазылуы.Айтылуы.
Шилі өзен.Шил өзен.
Жерде отыр.Жерд отыр.
Бізді ойлап.Бізд ойлай.
Осы заңдылықтарды сақтай отырып әрбір хор мүшесімен жұмыс істеу, ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесері сөзсіз.
Өлең айтқанда немесе сөйлегенде артикуляция тіл, жұмсақ таңдай, көмекей,
төмегі жақ және ерін бұлшық еттерінің қозғалуы арқылы болатын құбылыс.
Әншінің антикуляция бұлшық еттерінің тез және жұмсақ жұмыс істеуі, көмекейдің қысылмай дауысты және дауыссыз дыбыстардың дауыс желбезегінің бір қалыпты жұмыс істеуін, дауыстың екпінді, жұмсақ еркін құйыла түсуіне жеңілдік жасалады.
Әнші антикуляциясының дауысты – дауыссыз дыбыстарды меңгеру автоматизмі, вокалдық мектепте мұғалім жұмысының ең қиын кезеңдеріінің бірі беуге болады.
Қорыта келгенде, “артикуляция” дегеніміз ән айтқанкезде дауысты және дауыссыз дыбыстардың демнің көмегімен резонаторларға бағытталып, бір-біріне кедергісіз айтылу кезеңі.
Ән айтқанда, әннің сөзін таза, дұрыс айтылуын “дикция”-дейміз. Вокалдық дикция дауыс өнері сияқты бірінен-бірін толықтырып тұратын ұғым. Ән сөзін таза және анық нақты айту екі элементтен тұрады: “творчествалық” және “техникалық”. Т
Творчествалық элемент дегеніміз әншінің орындайтын шығарманы мазмұны мен сөзінің ұғынықты, көркемдік жағын тыңдаушыға толық және анық, таза жеткізе білу.
Техникалық элемент дегеніміз әншінің орындалатын белгілі екпінде түрлі гамма, пассаж, трелль, фаршлаг сияқты шығарманың баяу дыбыстарын таза, әрі дұрыс айтып жеткізе білу.