5-ші семестрде аралас хорға арналған 8-9 хор шығармасын үйрену.
Вокалдық дайындықтар өз негізіне сүйене, ұғына отырып, ән айту дағдыларын дамыта алады. Хор жетекшісі әртүрлі әдіс-тәсілдер, жаттығулар арқылы хор ұжымының есту қабілетін жандандыруы керек. Хор ұжымының көңіліне әсер ету үшін педагог басты шеберлігін дайындық үстінде көрсете алады. Есту қабілетін жандандыру үшін әрбір хор мүшелерінің жетістіктерін айта отырсақ, олардың пәнге деген қызушылығы, есту қабілеттері күшейе түседі. Есту қабілетін дамыту үшін ең тиімді әдіс, дыбысты ойдан айту, әннен немесе музыкалық фразадан үзінді,музыкалық аспапта не болмаса мұғалімнің орындауын ести отырып, қайта орындап бере алады. Осындай әдіс- тәсілдер студенттің есту қабілетін кеңейте түсіп, күмәнсіз табыстарға жеткізеді.
Кейбір хор жетекшілері бір дауысты әндерді қолданады, өйткені бастапқы кезде жақсы унисонға қол жеткізу керек. Хор мүшелерінің белсенділігін тәрбиелеуде унисонда орындау, хор жұмысының ең негізгі бөлімі болып табылады. Ал, бұл жағдайда хордың мелодиялық есту қабілеттері, интонацияның таза шығуы, динамикалық белгілермен жұмыс істеу қабілеттері кеңейеді.
Хор мүшесі өзінің және жолдастарының анық ән салуына көп уақыт тәрбиеленеді. Бұл жұмысты бастау үшін хор мүшелерінің дауыс бояу арқылы берілетін әртүрлі мазмұнды шығармалар беру керек. Әр дауыстың дыбысталуына қол жеткізуде хор мүшелері контрасты дыбысталуды үйренуі тиіс. Мысалы: орыстың халық әні «Во поле береза стояла»
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Біріншіден лю- буындарында әндете, зи- буынында қуанышты көңіл күймен, да- буынында анық айтқызу керек. Сол сияқты хор ұжымын үш топқа бөліп кезекпен айтқызу, әр топтың кезекпен орындағандары білінбеуі тиіс. Сонан соң хор мүшелері әр топтың ән айту дағдыларын талдаулары маңызды.Музыкалық дыбыстардың бір қалыпты шығуына, тыныстың дұрыс алынуына, дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық, қысқа айтылып орындалуына үнемі мән беріп отырғандары жөн.
Хор жетекшісі хор мүшелерінің есту қабілеттері арқылы дауыс сапасын ажыратуға (жеңіл, таза, сыңғырлаған, қоңыр, қысыңқы) және көру арқылы сезіну(корпустың еркін қойылуы, нақты мимика, жақтың ашылмауы және көтеріңкі иық т.б.) үйреткені жөн. Дауысты игеруде жақ сүйектерінің жақсы жұмыс істеуі, вокалды есту қабілетін тәрбиелеуде ұтымды әдіс-тәсіл. Музыкалық есту қабілетін жетілдіруде мына әдіс- тәсілді қолдануға болады. Хор мүшелері таныс бір әнді жай екпінде, әрқайсысы бір дыбыстан тізбекті орындайды. Мысалы:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кейін бір дыбысты хормен, екінші дыбысты іштен, әлді үлесті хормен, әлсіз үлесті ішінен. Бұл жерде бір әдісті ойын ретінде қолдануға болады.Мысалы. дирижер оң қолын жоғары көтергенде, хор мүшелері әуенді ішінен орындайды,ал сол қолын жоғары көтергенде дауыспен орындайды.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ішкі есту қабілетін дамытуда мына бір «жаңғырық» ойынын келтіруге болады.мысалы: Мұғалім бөлек дыбыстарды және қысқа әуендерді қатты, күшті (f) оырындайды, ал хрор мүшелері (P) жай, жаңғырық сияқты қайталайды.
Мұғалім:
____________________________________________________________________

Хор:

Хор мүшелерінің есту қабілеттерінің жақсы қабылдауы, гармониялық есту қабілеттерінің мәселесін шешуде ұтымды ерік береді. Бұл жұмысты хор мүшелерінің назарын екі дауысты хор шығармасын талдаудан бастаймыз. Күй сандықта (пианинода) орындап келесі сұраққа жауап берулерін өтінеміз, төменгі дыбыс қалай жылжып жатыр, оның әуені неше дыбыстан тұрады, қай дауыста негізгі әуен жүріп жатыр.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бір уақытта, бірнеше қайталанбайтынсүйемелдеумен орындалатын әндерді жаттау ұтымды.Хор мүшелері әрдайым аспаптың дыбысын естуі керек. Хор жетекшісі жаттығу барысында, аспаптың дыбысы хор дыбысына қарағанда қаттырақ ойналуын ұсынады. Осы уақытта хорға үш-төрт дауысты шығармаларды репертуарға енгізу тиімді.
Дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің әрекетімен жұмыс,(артикуляция) әншінің өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Дауысты дыбыстарды анық, созыңқыайту арқылы артикуляциялық мүшелермен жұмыс жасауға болады.( мысалы. тіл, таңдай, көмей, төменгі және жоғарғы жақ сүйектері) Дауысты дыбыстарды «о» дыбысына жақындатып жабыңқы дыбыспен жинақтап ( округленно) айтамыз. Дауысты о, у дыбыстарын жүргізгенде өңеш төмен қарай түседі, и, э дыбыстарын айтқан кезде керісінше өңеш жоғары көтеріледі.
Жақты еркін ашу арқылы өңешті босатамыз. Кейбір вокалды мектептер төмен орналасқан өңешті, ауыз қуысында жақсы, еркін ән салуда дұрыс нұсқа деп есептейді. Бұл нұсқа барлық хор мүшелеріне ыңғайлы, ән айту барысында дауысты, дауыссыз дыбыстарда болсын, кең диапозонда болсын сақталуы тиіс. Сондықтан жай сөйлегенге қарағанда ән айтқан кезхде дыбыстың және үннің анық шығуы үшін ауызды қаттырақ ашамыз. Тек сонда ғана кез келген әншішінің, хор мүшелерінің таза үгіг ести аламыз. Хор мүшелеренің эмоционалды көңіл күйі орындалатын шығарманың көркемдік образымен байланысты және дауыс тембріның бояуы ерекшеленеді.
Көңілді немесе жағымды әндер ашық дауыс дыбысына және фальцетпен айтуға шақырады. Керісінше мұңды және қайғылы әндер кеуде қуысында орындауда еріксіз қабілеттендіреді. Ендеше хор мүшелері дыбысты жеңіл алуға, фальцеттің жақын түріне және дауыстарын қалыпқа келтіру үшін мажорлы жаттығулар, әндер қолдануға болады. Қарама-қарсы әннің характеріне, мазмұнына қарай дауысты бастапқы әуенділікті сақтай білуге қалыптастырады. Әншінің өзіндік эмоционалдық жағдайы оырндаушылық талапқа байланысты, әншіні еріксіз артикуляциялық қалыпта және дыбыс кіріспесінің басқа әдіс-тәсілдерін қолдануға мәжбүр етеді, соңынан дауыстың негізгі сапасын бөле алады. Жоғары регистр түрлері бакрлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Берілген бір дыбысты әнші әртүрлі дауыс тембрінің дыбысталуын шығара алады.