Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның нысаны.

Тілдің қызметі. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрде болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатысы, тілдегі орны. Сөйлеу, жазудың дыбыстар арқасында іске асатыны. Дыбыстың тілдегі қызметі. Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны.

Дыбыс — тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететіндігі. Фонетика тілдің айтылуына (ауызша формасына) негізделетіні, тілдің дыбыстық жүйесін әр қырынан, түрлі мақсатта зерттейтіні. Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б. Фонетиканың түрлері, салалары. Жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы. Маңызы.