Кіші комплектілі мектептерде дүниетану сабақтарында қолданылатын әдістер

Жоспары:

  1. Сөздік әдістер және оның тиімділігі.
  2. Практикалық әдістердің ерекшелігі.
  3. Көрнекілік әдістер.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелікнұсқау. Алматы, 1998.
  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета, 1985.
  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.
  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.
  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.
  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.
  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.
  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.
  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Лекция мәтіні:

Кіші комплектілі мектептерде табиғаттан білім беру барысында қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөліп қарауға тура келеді. Баяндау, түсіндіру, әнгімелесу,оқушылардың оқыған мәтіндері бойынша түсінігін айтуы,бақылағандары бойынша әңгімелесуі секілді сөздік әдістер тобына жататын болса,бұл әдістерді жаңа ұғым беруде де,өткенді қайталауда да жиі қолдандылады.

Көрнекілік түрлері:бейнелі көрнекіліктер (түрлі суреттер,картиналар сызбалар,),табиғи көрнекіліктер(өсімдік,пайдалы қазбалар, бунақденелер жиынтығы,жануарлар тұлыбы),техникалық көрнекіліктер (диафильм, диапозитив,оқу киносы және т.б) сабақта да,сабақтан тыс жұмыстар барысында да қолданылады.

Практикалық әдістерде сұлбаны,географиялық картаны оқу,шартты белгілерді қолданып,жердің сұлбасын сызу жұмыстары орындалады.Мектеп үлескісіндегі жұмыс түрлері,ауылды жерлердегі мал шаруашылығына көмек,түрлі тәжірибелер,жергілікті жердегі судың темпиратурасын өлшеу,топырақ қабаттарын өлшеу және т.б. жаттығулар арқылы да практикалық әдіс жүзеге асады.Жергілікті жердің табиғатын (жыл мезгілдеріне байланысты ауа райын,өсімдік,жануарлар тіршілігін),су қоймаларының жай күйін, ауыл шаруашылығының жыл мезгіліне байланысты өзгерісін,ауыл шаруашылық өнімдердің өндірудің халықтың тұрмысына тигізетін әсерін бақылау және т.б.арқылы бақылау әдістері жүйелі ұйымдастырылады.

Дүниетанудың оқыту әдістерін мұндай топтастырудың кіші комплектілі жағдайында керектігі бірнеше себептен туады.Біріншіден,тақырыптың мазмұнына байланысты оқытудың тиімді әдісін іріктеу;Екіншіден,әдістердің сабақ барысында және үй тапсырмасын орындауда сәйкес келетіндерін пайдалану.Бірақ оқыту әдісінің қайсысы болса да таза қалпында басқа әдіске араласпай қолданылмайтыны белгілі.Белгілі педагог-ғалым Р.Г.Лемберг өзінің “Мектептегі оқыту әдістері” деген еңбегінде оқыту еңбектерінің бірде-бірі басқа әдістердің тәсілдерімен араласпай, “таза күйінде” қолданылуы мүмкін еместігін ашып айтады.Оқушыларға практикалық жұмыс орындатуы үшін мұғалім сөздік әдісін қолданып,оны орындатудың тәсілін түсіндіреді сөздік әдістер жаңа ұғым беру барысында оқушылардың меңгерген түсінігін қайталау кезінде,білім тексеруде қолданылып,оқушылардың қисынды ойын,тілін,сөз қорын дамытуға негіз салуы керек.Кіші комплектілі мектеп жағдайында мұғалімнің баяндауынан гөрі әңгімелесу әдісі басым болады.Оқушылардың дайындау және уақытты пайдалану үшін әңгіменің жоспарын,оларға берілетін сұрақтар мен тапсырманы тақтаға алдын-ала жазылып қойылады.Оқушылар соған сәйкес дайындалып,ой қорытқаннан кейін барып әнгімеге көшу мүмкіндігі туады.Тапсырмаларды жазбаша беру,біріншіден,оқушылардың ойлануына,ой қорытып,жауапқа дайындалуына жағдай жасаса,екіншіден,олар тапсырмаға дайындалған кезде мұғалім басқа сыныппен жұмыс істеуге көшеді.Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыру үшін таратып берілетін материалдарды жиі пайдалануға тура келеді (өсімдік,пайдалы қазбалар жиынтығы,табиғат көрінісін не жеке заттарды бейнелейтін ашық хаттар және тб. ).

Сөздік әдістер қатарына оқулықпен жұмыс істеудің де енетіні белгілі.Оқулық-оқушыларға білім беру көзі,ғылымның дайын жетістігін оқушыларға жеткізетін бірден бір құрал..Ғылыми білім беру оқушылардың сөз қорын молайту,ғылыми терминдерді меңгерту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және т.б.оқулық қолдану арқылы жүзеге асатыны көптен айтылып келеді. Бірақ оқулықты сабақ барысында үнемі тиімді қолданыла бермейді.

Кіші комплектілі мектепте оқыту барысында қай әдісті қолдансақ та, оқушыларды өздігінен жұмысқа жұмылдыратын қосымша оқу құралдарының мәні зор.Соның бірі- оқушыларға сабақ үстінде таратып берілетін карточка түрлері:

1.Оқушылардың табиғаттан,өмірден байқағандарын оқылатын жаңа тақырыптың мазмұнымен байланыстыруға арналған карточкалар.

  1. Оқушылардың алған білімін қорытуға,пысықтауға,тексеруге арналған карточкалар.

3.Түрлі жұмбақ,жаңылтпаштар беру арқылы оқушылардың ойлауқабілетін,тапқырлығын,сезімталдығын дамытуға арналған карточкалар.

4.Оқушылардың тілін дамытуға,сөз байлығын молайтуға арналған карточкалар.

5.Көркем әдебиет үлгілерін пайдаланып оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып,сабақты әсерлі өткізуге,оқушылардың табиғат көріністеріне қызығушылығын арттыруға арналған карточкалар.