Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

Жоспары:.

1.Химиялық кинетика.

2.Реакция жылдамдығы.

3.Химиялық реакциялардың жылдамдық константасы.

4.Химиялық реакциялардың жіктелуі.

Лекция мәтіні:

Химиялық кинетика деп — химиялық реакциялардың жылдамдығы және оның әртүрлі факторларға әрекеттесуші заттар табиғатына қысым, температура және катализаторларға тәуелділігін зерттейтін физикалық химия саласын айтады.

Химиялық реакциялардың жылдамдығы дегеніміз – уақыт бірлігіндегі әрекеттесуші заттардың концентрациясының өзгеруі. Концентрацияны көлем бірлігіндегі моль санымен уақытты секундпен белгілеген.

∆t =t1-t2.

Уақыт аралығында әрекеттесуші заттар концентрациясы ∆С=С1 – С2 өзгерсе,онда реакцияның орташа жылдамдығы

Vорт = — ∆C / ∆t;(1)

Математикалық түрде нағыз реакция жылдамдығын V = + dc/d (2) деп белгілейді.Реакцияға қатысатын заттар үшін dc/d < 0, өнімдер үшін dc/dt > 0 әрекеттесуші массалар заңы бойынша реакция жылдамдығы берілген уақыт мезетіндегі әрекеттесуші заттар концентрациясына тура пропорционал.Сондықтан А→В типті реакциялар үшін

V = — dcА/dt =kСА (3)

k-химиялық реакция жылдамдығы константасы деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

mА + nk→рс

V = — dcА dcВ/dt = kСАm СВn

САВ – А және В заттардың берілген уақыт мезетіндегі концентрациясы. K-ны және реакцияның меншікті жылдамдығы деп те атайды, ол С,Т, катализаторға, ортаға байланысты болады.

  1. Химиялық реакциялардың жіктелуі.

Барлық кинетикалық реакциялар молекуладағы және реттілігі бойынша ажыралады. Молекулалық дегеніміз – химиялық әрекеттесудің әрбір элементар актігіне қанша молекула қатысатынын көрсететін сан.

1.Молекулалық реакция деп актісіне жалғыз молекула қатысатын реакцияларды айтады.

І2 =2І86Ra22686Rn 222 +2He4

СН3N2СН3 = С2Н6 + N2

2.Биомолекулалық реакция деп элементарлық актісіне екі молекула қатысатын реакцияларды айтады.

Н2 + І2=2НІ

NOI+NOI=2NO+I2

СН3ОН + СН3СООН →СН3СО-О-СН3 + Н2О т.б.

3.Үшмолекулалық реакция деп элементарлық актісіне үш молекула қатысатын реакцияларды айтады.

2NO + О2→ 2NO2