Жоспары:
1.Электролит ерітінділеріндегі Вант-Гофф және Рауль заңдарынан ауытқулар.
- Электролиттік диссоциация теориясы.
- Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.гидратты теория.
Лекция мәтіні:
Вант-Гофф және Рауль заңдары идеал ерітінділер үшін орындалады. Электр тогын өткізетін ерітінділердің осмостық қысымы Вант-Гофф заңына қарағанда жоғары. Олар Рауль заңымен салыстырғанда жоғарырақ температурада қайнайды, төменірек температурада қатады. Вант-Гофф электролит ерітінділері үшін түзету коэффициентін немесе изотондық коэффициент енгізді.
P = i CRT
і – изотондық коэффициент.
Изотондық коэффициент тәжірибеде байқалатын осмостық қысым (Ртәж)теориялық есептеп шығарған (Ртеор) осмостық қысымнан неше есе көп екенін көрсетеді.
і = Ртәж/ Ртеор
Изотондық коэффициент суда еріген бейэлектролиттер үшін 1-ге тең.Электролит ерітінділері үшін ол 1-ден артық.Электролит сұйытылған сайын і мәні өсе береді.
Вант – Гофф пен Рауль заңдарынан электролит ерітінділерінде болатын ауытқуларды швед ғалымы С. Аррениус (1883-1887) өзінің электролиттік диссоциациясында түсіндірді.
Бұл теория 3 постулатқа негізделеді:
- Электролиттер сәйкес еріткіштерде қарама-қарсы зарядталған бөлшектерге, иондарға диссоциацияланады.
H2SO4 → H+ + HSO—4
HSO4→ H+ + SO42-
KOH → K+ + OH—
AlOHSO4→ Al+3 + OH— + SO2-4
Электролиттер иондарға ыдырау себепті бөлшектер саны көбейеді. Міне, сондықтан осмостық қысым қайнау, қату температурасына әсер етеді.
Электролиттер ерігенде иондарға толық ыдырамайды.Бұл қасиет диссоциациялану дәрежесі α-мен сипатталады.
α = n / N = n / n + n0;
Мұндағы n- иондарға ыдыраған молекулалар, N-молекулалардың жалпы саны, n0 – бұл иондарға ыдырамаған молеклалар саны.
α = 0 болса, зат электролит емес, α ⋲ 1-ге жақын болса, күшті электролит. Диссоциацияға қабілеттілігі бойынша барлық электролиттер 3топқа бөлінеді.
- α > 30 % -тен жоғары болса, күшті электролиттер. Мысалы: HCl, HBr, HI, HNO3, H2SO4, HMnO4, KOH, NaOH.
- α = 5-30 % аралығында болса, орташа күшті электролиттер. Мысалы: әртүрлі негіздер, қышқылдар, тұздар жатады.
- α < 5 % -тен кем болса, әлсіз электролиттер болады. Мысалы: құмырсқа, сірке, бензой қышқылдары, HCN, H3BO3, H2CO3, H2S, NH4OH, H2O, HgCl2, т.б.
3.Иондардың арасында әрекеттесу күштері болмайды.Сондықтан олардың ерітінділері өздерін идеал газ жүйелері сияқты ұстайды. Электролиттік диссоциация теориясы электролит ерітінділерінің Вант-Гофф және Рауль заңдарынан ауытқу себебін түсіндіргенімен, электролиттердің химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіре алмады.Оларды түсіндіруге талпынып, И.А.Каблуков 1891 жылы гидратты теорияны ұсынды.